182
қорғау үшін əлемдік технологиялар нарығы қазіргі уақытта 235 миллиард долларға
бағаланса, кейбір деректер бойынша олардың 25-тен 40%-ға дейінгі үлесі –
биотехнологиялар үдерісіне тиесілі екен.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында əлемде синтетикалық пластмассалардың
өндірісі жылына 30 млн. т. жетті. Пластмассаларды пайдаланудың жылдам дамитын
бағыттардың бірі – қаптық (қап, пакеттер, т.б.) өнімдер шығару болып табылады.
1975 жылы полимерлер қаптау үшін қолданылуы бойынша əйнек, қағаз жəне
картоннан кейін үшінші орынға шыққан. Барлық шығарылатын пластиктердің 41%-
ы қаптауда пайдаланылады, ал оның 47%-ы азық-түлік өнімдерін қаптауға
жұмсалады. Егер əйнек ыдысы тұтыну циклінде болса, ал қағаз табиғи жағдайларда
ыдырауға ұшырайды. Тұрмыстық қоқыстың 40% құрайтын
синтетикалық
полимерлерден жасалған қаптау материалдары іс жүзінде «мəңгілік» болып
есептелінеді, өйткені ол ыдырауға жатпайды жəне пластмассалық қалдықтарымен
не істеу керектігі – ғаламдық экологиялық мəселеге айналып отыр. Пластмассалық
қалдықтар мəселесін шешу, елеулі дəрежеде əлемдегі экологиялық жағдай мен
жиырма бірінші ғасырдағы синтетикалық пластмассалар өндірісінің дамуының
қарқыны мен бағыттарына байланысты қалыптасады. Бұл мəселе
дұрыс шешімін
таппаған жағдайда, біз өз-өзімізді пластмассалық қалдықтармен көміп тастаймыз.
Биотехнологияның дамуымен қатар қаптау материалдарын алу технологиялары да
жетілуде, сонымен бірге қаптаудың қызметтік аясы да кеңеюде. Азық-түлік пен
қоршаған орта арасындағы инертті, индифференттік
кедергіден қаптау
технологиясы – өндірістің факторына айналуда, атап айтқанда қазіргі кезде оның
көмегімен келесі мəселелер шешілуде:
-өнім құрамын өзгертуге бағытталғаны (бұл жағдайда қаптарды жасау үшін
иммобилденген ферменттер мен биологиялық белсенді материалдар қолданылады);
-азық-түлік өнімдерінің «өмірін» ұзартып, микробтық бұзылудан қорғайды.
Мысалға, «белсенді» қабықшадағы шұжық өнімінің сақталу мерзімі 2-3 есе артады;
-қабықша ішінде тиімді газдық ортаны жасайды, бұл азық-түлік
өнімдерін
модификацияланған жəне реттелетін ортада сақтау кезінде кеңінен пайдалынылады;
-микротолқындық жылыту жағдайында азық-түлік өнімдерін өңдеудің
температурасын реттейді. Бұл бағыт сөзсіз қызығушылық туғызады, өйткені,
қоспаны
тамаққа емес, полимерлік қабықшаның матрицасына енгізу, оны азық-түлік
өніміне жаппай көшірудің жылдамдығын реттеп, қоспаның қолданылуын ұзартуға
мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде əртүрлі ксенобиотиктердің деструкция реакцияларын жүзеге
асыратын ферменттердің көптеген түрі бар микроорганизмдердің əлеуетін барынша
пайдалану міндеті тұр. Бұл əлеуетті пайдалану «биоремедиация» болып табылады.
Бүгінде өнеркəсіптік өндірістің 30% жəне одан да көбірегі
тазартушы құрылыстар
салуға арналған шығындар құрайды. Ағынды суларды тазартудың іс жүзіндегі
əдістері үнемі жетілдірілуде, бірақ олардың тиімділігі кейде экологиялық талаптарға
сай келмейді. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды пайдалану циклімен
қалдықсыз өндірістерді жасау мақсатында дəстүрлі өнеркəсіптік технологияларды
қайта қарау болып табылады. Осы мəселедегі қажетті нормаларға дейін тазартылған
технологиялық цикліне қайтару мен ағынды сулардан пайдалы биоөнімдерді алуда –
жергілікті биотазарту технологиялары басты рөл атқарады демекпіз.