Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Интегумент (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы. Интрон



Pdf көрінісі
бет138/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

Интегумент
(лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің
тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.
Интрон
(лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – ДНҚ молекуласында
мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері;
процессинг нəтижесінде рестриктаза ферментінің əсерімен интрон үзіліп түсіп
қалып отырады да, қалған мағыналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық
РНҚ түзіледі.
Ипсиляторлық бет
– аналық безінің овуляция жасалынған жағы.


258
I
In vitro жағдайында өсіру
– фолликулалар немесе олардан бөлектенілген
ооциттер, эмбриондардың арнайы дайындалған қоректік ортаға салынып, өсірілу
əдісі.
In vivо жағдайында өсіру
– аралық реципиенттерін пайдалану арқылы өсіру
əдісі.
Іздеуші аталық
– күйіті келген аналықты анықтау үшін қолданылатын еркек
малдар.
К
Каллус
(лат. callus – қалын тері, ағ. callus) – ұлпа, өсімдік жасушаларының
ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болатын ұлпа.
Капацитация
– аналықтың жыныс мүшесінің ішіндегі аталық ұрық
жасушалары – сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілетінің артуы (жұмыртқа
түтікшесінің қабырғасы жəне қынаптан бөлінетін шырыштардың əсерінен).
Кариогамия
– екі гаметаның ядролық материалдарының бірігуі.
Кариотип
(гр. karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні) – организмдегі
хромосомаларына тəн белгілерінің жиынтығы, ол хромосомалар саны, пішіні,
мөлшері, өлшемі жəне морфологиялық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Катализатор
– ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін
немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар.
Катетерлер
– қолдан ұрықтандыру мен эмбриондар тасымалдауда
қолданылатын арнайы істік тəріздес құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет