259
Комплементарлы ДНҚ
(лат. complementum – қосымша, үстеме) – ферменттер
қатысуы арқылы жасанды жолмен (қолдан) синтезделген иРНҚ-ның көшірмесі
(кДНҚ).
Комплементация генетикалық
(ағ. genetic complementation) – будан
жасушалар ішіндегі əрекеттесу
негізінде, ақауы бар гендердің фукциясын өз
қалпына келтіруі.
Комплементация физиологиялық
(ағ. physiological complementation) – будан
жасушалардың белгілі бір жағдайларда көбеюге жəне морфогенезге қабілеттілігін
қалпына
келтіруі, ал сондай жағдайда ата-аналық жасушалардың ондай қабілетін
көрсете алмауы; мұндай жағдайда ата-аналық жасушалардың ақаулығы қандай
болсын бір мутацияларымен байланысты емес.
Корреляция (
өсімдікке байланысты) (лат. correlation – ара қатыс, байланыс) -
өсімдік мүшелерінің үйлесімді əрекеттесуі, ол метаболиттермен (трофикалық К.)
немесе фитогормондармен (гормондық К.) реттеледі жəне
жалпы өсімдік
организмінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: