125
дамуын қамтамасыз етті. Жасуша бөлінуін үдететін
осы затты олар
кинетин
деп
атады. Осылар сияқты физиологиялық белсенді заттар тобына
цитокининдер
деген
ат берілді. Осы ғылыми жаңалықты ашу арқасында Т. Мурасиге мен Ф. Скуг 1962
жылы өздерінің белгілі қоректік ортасын дайындады. Бұл орта өсімдіктердің көп
түрлерінің алуан ұлпаларын жəне мүшелерін өсіруге қолайлы болып шықты жəне
қазіргі уақытқы дейін кеңінен қолданылуда.
Осы зерттуелер нəтижесінде өсімдік жасушаларының өсуі мен дамуы үшін
ауксин мен цитокниннің маңызы зор екендігі көрсетілді жəне өсімдік жасушасы
физиологиясының бұл бағыты қарқынды түрде дами бастады. Сөйтіп, жасушалары
іn vitro
жағдайында өсірілетін өсімдік түрлерінің саны арта берді. Дегенмен, қандай
да болмасын өсімдік түрін
іn vitro
жағдайында
өсіре бастағанда, оның өзі тұрмақ,
əрбір мүшелері мен ұлпалары түрлі қоректік ортаны қажет ететіндіктерін ескеру
керек. Сондықтан, тəжірибе арқылы құрамы іріктеліп алынған қоректік орталардың
саны өте көп жəне бұл жұмыс одан əрі жалғасып келе жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: