Әдебиеттер тізімі
1. Қасымова Б. Сложные глаголы в современном казахском языке.
Автореферат дисс. ...канд.филол. наук. – Алма-Ата, 1992. – 22 с.
2. Юлдашев А.А. Аналитические формы глагола в тюркских языках.
– М.: Наука, 1965. – 276 с.
3. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық
форманттары. – Алматы: Мектеп, 1975. – 136 б.
4. Қасым Б.Қ. Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық
ұстаным (Зерттеулер). – Алматы: ЖК Волкова А.В., 2010. – 383 б.
5. Оралбаева Н. Аналитические формы глагола в современном
казахском языке. Автореф. дисс. ...докт. филол. наук. – Алматы,
1971. – 75 с
6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.
–Алматы: Рауан, 1998. – 305 б.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 783 б.
8. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1966. – 183 б.
9. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі, 1991. – 381 б.
10. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. – Алматы:
Ғылым, 1971. – 307 б.
11. Маманов Ы. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. –
490 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
50
12. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық
форманттарының құрылысы мен мағынасы. – Алматы: Ғылым,
1979. – 196 б.
БӨЛІМ 4
ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ЖАПАРОВА АИДА
52
ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Жапарова Аида
Филология және көптілді білім беру институтының оқытушысы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан, Алматы
E-mail: ayida-japarova@mail.ru
Қазіргі жаһандану үдерісінде түрлі ғылым салалары бір-бірімен
ықпалдасып, бірінің жоғын екіншісі толықтырып, байытып, жаңалап
отыр. Салалық ықпалдасудың нәтижесінде ғылымның жаңа бағыттары
пайда болып, оның өзі жаңашылдық идеялардың жаршысы болуда. Осы
бір үрдіс әлемдік тіл білімінде де көрініс тауып отыр. ХХ ғасырдың орта
шенінде тіл білімінде алғаш көрініс тапқан этнолингвистика саласымен
бірге енді тіл мен мәдениетті сабақтастыра қарастыратын жаңа пән пайда
болды. Ол – лингвомәдениеттану. Тіл біліміндегі лингвомәдениеттану
мен этнолингвистика бір-біріне ұқсас салалар. Дегенмен олардың өз
алдына атқаратын қызметтері де жоқ емес.
Тіл мәдениетпен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Осы екі бағыттың
сабақтасуы негізінде лингвомәдени логика пайда болды да, ол ХХ
ғасырдың 90-шы жылдарында толыққанды қалыптасқан лингвистиканың
тәуелсіз бағытына айналып үлгерді.
Лингвомәдениеттану атауы соңғы отыз жыл уақыт бедерінде
В.Н.Телия басшылығындағы фразеологиялық мектептің жұмысына,
Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.В.Воробьев, В.Шаклеин, В.А.Маслова
және т.б. зерттеушілердің еңбектеріне байланысты пайда болды.
Жапарова Аида
53
Орыс ғалымы В.А.Звегинцев тілдің мәдениетпен, халықтық
әдет-ғұрыптармен, қоғамның немесе тұтастай ұлттың әлеуметтік
құрылымымен байланысын зерттеуге бағытталған бағыт ретінде
сипаттайды [1].
Лингвомәдениеттанулық бағыттың негізін салушылар тілді
мәдениеттің «табиғи» субстраты ретінде түсіндіреді. Ол әлемнің
психикалық реттелу құралы және этникалық көзқарасты бекіту құралы
ретінде қызмет етеді. Адамзат мәдениеті – бұл әртүрлі этникалық
мәдениеттердің жиынтығы, өйткені әртүрлі халықтардың бірдей
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері түрліше болып
келеді.
Қазіргі тіл білімінің даму бағыты қоғамдық-экономикалық қатынастар
жүйесіндегі жаһандану үдерісіне төтеп берудің негізінде ұлттық тілдің
табиғаты мен асыл қазынасын сақтау үшін тілдік бірліктерді тіл мен
таным тұтастығы, тіл мен мәдениет сабақтастығы, лингвофилософиялық
құндылықтар жүйесінен зерделеуді қажет етеді.
Әлемнің тұтас бейнесі тілде сақталған деген қағидатқа сәйкес
соңғы жылдардағы ғылыми ізденістердің даму бағыты антропоөзектік
ұстанымды негізге алып, тілдің табиғатын адам табиғатымен тығыз
сабақтастыра қарастыру арқылы «адам-қоғам-мәдениет» үштағанын
қалыптастырып отыр.
Бұл бағытта тіл бірліктері таза лексика-семантикалық, морфологиялық,
синтаксистік құрылым тұрғысынан ғана қарастырылумен шектелмей,
ұл тілінің этномәдени ерекшеліктері, лингвомәдениеттанымдық,
этнолингвистикалық,
когнитивтік,
социолингвистикалық,
психолингвистикалық, концептуалдық жүйелермен сабақтастыра
зерделегенде ғана ұлт тілінің асыл қазыналары мен қайнар бұлақтары
жан-жақты ашылады [2, 13].
Тіл тек денотативті (белгілі, сигналдық) коммуникация құралы
ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі әлеуметтік-мәдени,
идеологиялық мәні бар) құрал. Сондықтан тілдің көп қырлы сан-
салалы қызметін, адам және оның ақыл-ойымен, аялық білім қорымен,
ұлттық дүниетанымдық көзқарасымен, тілдік санадағы этномәдени
стереотиптік болмыс-бітімімен сабақтастыра қарастырудың өзектілігі
|