ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
46
10. -п таста форманты жетекші етістікке амалды құлшына, жігерлене
мүдірмей тез істеуді білдіретіндей реңк жамайды. Мысалы:
жазып таста; сыпырып таста; бітіріп таста; өшіріп таста т.б.
11. -п түс форманты жетекші етістікке амалды шұғыл орындау реңкін
жамайды, сондай-ақ бұл форманттың -п кеп түс деген күрделенген
түрі де қолданыла береді, бірақ күрделі формант амалды әрі
кенет, әрі өте шұғыл істеу реңкін күшейтіңкіреп түсуді білдіреді
(ыршып кеп түсті; атқып кеп түсті; оршып кеп түсті т.б.).
12. -п шық форманты жетекші етістікке амалды ақырына дейін
аяқтау тындыру мәнін үстейді. Мысалы: айтып шық; ақтап шық,
дәлелдеп шық; бояп шық т.б.
13. -п баста (аналитикалық формант емес)
14. -п біл (аналитикалық формант емес)
15. -п бақ (аналитикалық формант) формантты жетекші етістікке
амалды шын ықыласпен, тыңғылықты ниетпен тынбай істеу
мағынасын үстейді. Мысалы: айтып бақ; көріп бақ; естіп бақ
(түсіндіріп бақ; істеп бақ) т.б.
16. -п біт (аналитикалық формант) формантты жетекші етістікке
амалды шегіне жеткізу, аяқтап болу мағынасын қосады. Мысалы:
айтып біт; жазып біт; жинап біт; тасып біт т.б.
17. -п жібер (аналитикалық формант) формантты жетекші етістікке
амалды бірден кенет орындау я жүзеге асыру реңкін жамайды.
Мысалы: айтып жібер; алып жібер; күліп жібер; жылап жібер;
айқайлап жібер т.б.
18. -п қара (аналитикалық формант) формантты жетекші етістікке
амалды жүзеге асырып көру мағынасын үстейді, сондай-ақ,
белгілі интонациямен айтып, зіл тастау, сес беру, сақтандыру
тәрізді мағына үстейді. Мысалы: айтып қара; оқып қара; тыңдап
қара; барып қара; аяғыңды басып қара т.б.
19. -й ал форманты жетекші етістікке тіркескенде, оған сол амалды
жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін (бар, жоқ) білдірерліктей
Балқия Қасым
47
реңк қосады. Мысалы: бітіре аласың ба, бітіре алмайсың ба?
Шыдай алған екен; үйден шыға алмадым т.б.
20. -й бер форманты жетекші етістікке амалды амалды тоқтаусыз
жүзеге асыра беруді нұсқайтындай реңк жамайды. Мысалы: жаза
бер, көре бер, сөйлей бер, тыңдай бер, ала бер, түсіндіре бер т.б.
21. -й кей форманты жетекші етістікке дәйім -й (-а, -е) немесе -ып
(-іп, -п) формасында тіркесіп, сол амалды аяқтау және одан
кейін жүзеге асырылмақшы әрекетті бастау қарсаңында болатын
кідірісті аңғартатын реңк қосады. Мысалы: сөйлей келе; қорыта
келе; баяндай келе; сөйлей келіп; баяндай келіп т.б.
22. -й қал форманты жетекші етістікке амалдың кенеттен басқа
күйге немесе динамикалық процестің статикаға көше қойғанын
білдіретін реңк қосады. Мысалы: жата қалды; ұйықтай қалды;
шошып қалды; келе қалды т.б.
23. -й сал форманты жетекші етістікке амалдың нәтижесін күтпей-
ақ бірден тез немесе жүрдім-бардым жүзеге асуын білдіретіндей
реңк қосады. Мысалы: ала сал; жаза сал; оқи сал; қоя сал; жия
сал; іше сал; біле сал т.т.
24. -й кет форманты жетекші етістікке амалдың кенеттен, лажсыздан,
ырықсыздан басқа қалыпқа я күйге көшкенін білдіретіндей реңк
қосады. Мысалы: қисая кетті, сұлай кетті; құлай кетті, жантая
кетті т.б.
25. -й көр форманты жетекші етістікке амалды орындауды я жүзеге
асыруды өтіну, тілеу, сұрау реңкін жамайды. Мысалы: айта көр,
қарай көр, сұрай көр, біле көр т.б.
26. -й қой форманты жетекші етістікке амал (ойла-п шығар; қала-п
жүзеге асыруды (асыра қоюды ) аңғаратындай реңк қосады.
Мысалы: айта қой; көре қой; біле қой; тыңдай қой; жаза қой;
тазалай қой; апара қой т.б.
27. -й таста форманты жетекші етістікке амалды басқа бір әрекеттен
бұрын жол-жөнекей тындыра салу мағынасын үстейді. Мысалы:
сілтей таста; көтере таста; лақтыра тастап; орай тастап; түйрей
тастап т.б.
ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
48
28. -й түс форманты жетекші етістікке амалды бөгелмей тағы да я
үстей, я жалғастыра, күшейте, я бәсеңдете, солғындата істеу
реңкін жамайды. Мысалы: айта түс, біле түс, көре түс, қарай түс,
отыра түс т.б.
29. -й шық форманты жетекші етістікке амалды басқа бір әрекеттен
я бұрын, я онымен жарыстыра тындыру мағынасын қосады.
Мысалы: қостап шық; ақтап шық; жаза шық т.б.
30. -й баста форманты жетекші етістікке амалдың басталуын
білдіретін мағына жамайды. Мысалы: жиыла бастады; кірісе
бастады; көріне бастады; жүре бастады т.б.
31. -й біл (аналитикалық формант) формантты жетекші етістікке
амалды жүзеге асыра алу қабілетіне ие болуын аңғартатындай
мағына қосады. Мысалы: біле біл, жаза біл, түсіне біл, түсіндіре
біл т.б.
Түбір етістікте негізгі қимыл мағынасы беріледі. Оған қосылған етіс
көрсеткіші қимылдың объектіге, субъектіге қатысын білдіреді. Келесі
кезеңде не бірнеше объектіге ортақ қимылды, не объектісіз, субъектінің
өзіне жасалатын немесе субъектілердің әсері арқылы бөгде біреу
жасайтын қимылдың қалай жасалғаны, қандай сатыда екені көрсетіледі.
Объект мен субъектінің қатысы арқылы белгілі тәсілмен қимылды
жасау субъектінің қолынан келетін я келмейтін, не ондай қимылды
жасауды субъектінің ұнататын я ұнатпайтын модалділік көрсеткіштері
арқылы беріледі. Мысалы: Сен оларды әрі қарай оқы+т+а бер+е
аласың. Мұндағы оқы етістігіне өзгелік етістің -т жұрнағы жалғанып,
сол арқылы оқу қимылын бөгде біреуге жасату мағынасы берілсе, оған
қосылған -а бер форманты (қимылдың өту сипаты категориясының
көрсеткіші) оқу қимылын біреуге жасатуды созу мағынасы қосылды,
етістік оқу қимылын береуге жасатудың жалғасуын, созылуын білдірді.
Одан кейін модалділік категориясының -а бер форманты қосылып, оқу
етістігі қимылды біреуге жасатуды әрі қарай созу субъектінің қолынан
келетінін білдіреді.
Қорытынды. Етістіктің аналитикалық форманты деп жетекші
етістікке қосылып айтылатын қосымшалар мен көмекші етістіктен
құралған, етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясына қатысты
Балқия Қасым
49
мағынаны білдіретін морфологиялық көрсеткіштерді айтамыз. Олай
болса, аналитикалық форманттар негізінде жетекші сөзге қосылған бір
қосымша мен бір көмекші етістіктен құралды. Аналитикалық форманттар
тілімізде өте жиі қолданылады. Сондықтан олар сан жағынан көп. Бірақ
соған қарамай, олардың компоненттерінің орны мейлінше берік, құрамы
тұрақты болады. Аналитикалық форманттардң компоненттерінің
тұрақтылығына байланысты, әрбір аналитикалық формант белгілі бір
құрамда, белгілі бір мағынаны білдіретін формант түрінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |