Жапарова Аида
57
лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры
народа, которые отразились и закрепились в языке. С ней тесно связана
этнолингвистика и социолингвистика, причем настолько тесно, что
это позволяет В.Н.Телия считать лингвокультурологию разделом
этнолингвистики» [5, 14].
Тіл – мәдениеттің өмір сүру
формасы болса, мәдениет – оның
ішкі мәні. Лингвомәдениеттанудың антропоөзектік бағыты тіл мен
мәдениеттің байланысын, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау,
жарыққа
шығару кешенділігін зерделейді.
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика ұлт мәдениеті үшін бір-
бірімен етене тығыз байланысты ғылыми іргелес пән екенін А.Сейілхан
төмендегідей пікірмен дәйектейді: «Лингвомәдениеттану
этнос
мәдениеті мен сол тілде сөйлеуші халықтың лексикасының мәдени-
тілдік деректерін сипаттайтын, жұрт мәдениетін өз лексикасы арқылы
басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін,
халықтың тіл байлығын тек болмысы
арқылы өз тұғырына жеткізіп
келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да,
жарқырата да алатын, этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух
пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танудағы
бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық, әлеуметтік,
эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән» [6, 23].
Соңғы жылдарғы ұлт мәдениетін зерттеу үрдісі этнолингвистикалық
бағытта кеңінен қарастырылып келеді. Этнолингвистика – этнос
дүниетанымын тек тіл феноменінің өзіндік мүмкіншіліктері арқылы
зерттеуді мақсат ететін ғылым. Ол – ХХ ғасырдың басында этнография
мен тіл білімінің ұштас жақтарының бірігуінен тіл мен этнос мәдениетінің
өзара қарым-қатынасын зерттеумен айналысатын тіл біліміндегі
антрополингвистикалық, этносемантикалық бағыт ретінде өмірге
келгені белгілі. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос болмысын
оның тілі арқылы танып білу. Осы мақсатта этнолингвистиканың басты
мәселелері этностың ұлттық рухани бейнесі мен өзіндік болмысын оның
тіл байлығы (тіл әлемі) арқылы танып білу,
этнос тілінің лексикалық
байлығын түгел қамтып зерттеу.