Балқия Қасым
45
3. -п бер форманты жетекші етістікке амалады бөгде адам үшін
істелетініндей реңк үстейді. Мысалы: айтып бер;
жазып бер;
сөйлесіп; шешіп бер; түсіндіріп бер; көрсетіп бер т.б.
4. -п кел форманты жетекші етістікке амалдың бірте-бірте я дамуын,
я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк жамайды. Мысалы: өсіп келеді;
көркейіп келеді; есейіп келеді (-п бар формантымен синонимдес).
5. -п қал форманты жетекші етістікке амалдың бірден басқа күйге
(динамикадан статикаға) көшкенін білдіретін реңк қосады.
Мысалы: 1) жатып қалды; ұйықтап қалды т.б. 2) шаршап қалды;
қорқып қалды; шошып қалды т.б. -п кетті (шаршап кетті; қорқып
кетті т.б. ) формаларына мағынасы жақын (жығылып қалды;
құлап қалды).
6. -п сал форманты жетекші етістікке амалдың бірден именбей
білдіретін реңк үстейді. Мысалы: айтып салды; суырып салды;
шығарып салды;
2. -п бар форманты жетекші етістікке тіркескенде, оған өзінің негізгі
мағынасын қосады, бірақ жетекші етістік көмекші етістік арқылы
алатын
амалдың не мақсатын, не одан бұрын жол жөнекей
істелетін амалды білдіреді. Мысалы: ала бар; қарай бар; көре бар;
тыңдай бар; оқы-и бар т.б.
7. -п кет форманты жетекші етістікке амалдың бірден я кенеттен
басқа күйге немесе қалыпқа көшкенін білдіретіндей реңк үстейді.
Мысалы:
шаршап кетті; шөлдеп кетті, үсіп кетті; суып кетті;
қайнап кетті;
басып кетті; қорқып кетті т.б.
8. -п көр форманты жетекші етістікке амалды жүзеге асырып байқау я
жүзеге асырып көру мағынасын көрсететін реңк қосады. Мысалы:
ашып көр; айтыа көр; жазып көр; сөйлеп көр; тыңдап көр; оқып
көр; татып көр т.б.
9. -п қой форманты жетекші етістікке амал- шығар; құрап шығардың
нәтижесін күтерліктей раймен тиянақтап орындауды алдын ала
ескертетіндей реңк үстейді. Мысалы: айтып қой; жазып қой;
оқып қой; тазалап қой т.б.