Пайдаланған әдебиеттер
1. Эдвардс Ч., Браун Р.Реклама в розничной торговле США. М.,
1967. С.9.
2. Усов В.В Основы торговой рекламы. М.: Экономика. 1976. С.69-
72.
3. Феофанов О.А. США: Реклама и общество. М., Мысль, 1974. –
С.19.
4. Овечкин В. Сила успеха. М. Стр. 41
БӨЛІМ 2
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК
ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
АТАБАЕВА М.С.
АБДИРАСИЛОВА Г. Қ.
22
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК
ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
Атабаева М.С.
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Алматы,Қазақстан
e-mail: mereke.atabaeva@gmail.com
Абдирасилова Гүлмира Қалыбайқызы
филология ғылымдарының кандидаты, профессор
ab.gulmira@mail.ru
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Алматы,Қазақстан
Бүгінгі таңдағы қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге
байланысты тіл ғылымы да дамудың жаңа бағытымен сай дамып келеді.
Тіл оның иесі адаммен өзектестіріле зерттеледі, яғни басты назар тілдің
коммуникативтік қызметіне аударылуда, сол арқылы тілдің танымдық,
атауыштық, прагматикалық т.б. қызметтері мақсатына жетеді. Осыған
орай, антропоөзекті парадигманың ұстанымы бойынша жүргізілетін
зерттеулер тілдің танымдық қызметі мен коммуникативтік қызметін жан-
жақты терең ашуға бағытталады. Антропоөзекті бағыттағы зерттеулерде
адам сөйлеуші, өзіндік әлемі, өзіндік дүниетанымы бар саналы жан
ретінде сипатталады. Тіл адамға таным құралы, қарым-қатынас құралы
ретінде қызмет етеді.
Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
23
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы адам баласын қоршаған
ортаны «жаратынды» және «жасалынды» нәрсе деп топтайды, табиғатқа
тән дүниенің бәрі - «жаратынды», ал адам қолымен жасалғанның бәрі
«жасалынды», өйткені оның қалыптасуына адамның ақылы, әдіс-амалы,
шеберлігі, өнер күші кіріскен. Тіршілік үшін жұмсалатын өнер - «тірнек
өнері» де, көркемшілік үшін жасалатын өнер - «көрнек өнері». «...
нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері.
Бұл сөз өнері болады. Өнердің ең алды - сөз өнері саналады». «Сөз өнері
адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл
ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау,
қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына,
бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау»
[1,137-138-бб.].
«Сөз өнері деп асылында нені айтамыз?» деген сұраққа «Сөз
өнерінің ғылымы» еңбегінде жауап береді, сөз өнері - іштегі ойды «...
тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп» сөз арқылы өрнектеу.Сөз
өнерінің ғылымы - тіл ғылымы, тіл ғылымы «дыбыстардың, сөздердің,
сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, ғылыми
сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады»
[1,148-б.]. Осыған орай А. Байтұрсынұлы сөзді өнер деңгейінде қолдана
білу үшін ең қажеттісі тіл қисыны санайды. «Тіл қисыны дегеніміз -
асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым».
«Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу - тіл қисыны».
Тілдің қисынын келістіріп қолданудың басты ұстанымы - сөз талғау
деп есептейді. Шығармаға таңдап алынатын сөз мағынасына қарай
үйлесімді,нақты, өңді, ұнамды болу қажет, сондықтан сөз талғаудың да
өзіндік шарттары көрсетіледі:
• сөз дұрыстығы;
• тіл тазалығы;
• тіл (лұғат) анықтығы;
• тіл дәлдігі.
Тілдің қисынын келістіретін әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде
жұмсалуы айтылады. Бұл үшін, алдымен, «сөздердің тұлғасын мағынасын
|