Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
15
Жарнама алдымен адамдардың ақылы мен сезіміне әсер ету керек. Оның
психологиялық әсерінің нәтижесінде жасалған іс-әрекет адамдардың
жеке еркі бойынша жасалған сияқты болуы тиіс. Кейбір адамдар өздерінің
ойларында, көзқарастарында тұрақсыздық білдіреді. Мұндай адамдарды
психология ғылымында белсенді адамдар деп атайды. Олар өмірде жиі
кездеседі. Сондықтан да жарнама берілген плакат,
хабарландырулар,
мерзімді баспасөз, теле- және кинофильмдер адамдардың барлық мінез-
құлқына сәйкес жасалынуы керек. Жарнамадағы сөздер мен көріністер,
суреттер қандай жағдайда болмасын ақылы мен сана-сезіміне жақсы әсер
етіп, олардың естерінде уқытқа сақталуы үшін сәйкестендірілуі керек.
Кез-келген жарнама көңіл аудартып, тұтынушыны іс-әрекет жасауға
ынталандыруы тиіс. Егер жарнамаға көңіл бөлініп,
іс-әрекет жасалса,
онда жарнаманың мақсатына жеткендігі.
Жарнаманы көрісімен адам бірден дүкенге кіріп, зат сатып алады деп
ойламау керек. Өйткені, дәл осы уақытта адам жұмысқа асығып бара
жатуы немесе ақшасы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан жарнама
сол затты сатып алғанша есте тұруы тиіс.
Жарнама құрастырушы адам тұтынушылардың назарын аударту
жолдары мен олардың жарнама мәтінін тез түсінуін,
есте сақтау
процестерін жетік білген жөн. Жарнаманың нәтижесін белгілі бір
псилогиялық процестер жиынтығы ретінде түсінуге болады. Олар:
назар аударту, қызығушылық туғызу, сезімге берілу, еске сақтау, шешім
қабылдау, іс-әрекет жасау т.б.
Сонымен жарнаманың бірінші мақсаты – ынтаны ояндыру
(ынталандыру). Егер адам үлкен көшеге шықса,
онда ол сырғыған
машиналарды, тротуарды, көшедегі әр түрлі дауыстарды естиді.
Адамның бұл көріністерді түгел қамтуы мүмкін емес. Егер белгілі
бір нысана назар аудартарлық жағдайда болса,
онда ол басқа жалпы
әсерлерден ерекшеленіп, адамның сезу мүшелеріне әсер ете бастағаны:
көреді, сезінеді. Жарнаманың мақсаты негізінен, назар аудартуда. Назар
аударту көптеген жолдармен жүзеге асады. Мысалы, газеттің майда
хабарларының арасынан біз ең алдымен көзге жақсы көрінетін жуан
қара жиекпен берілген хабарландыруды тез байқаймыз. Көлемі жағынан
ерекшеленіп тұратын жарнама көптеген материалдардың аумағындағы