АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ
ЕМЛЕСІ ЖАЙЫНДА
28
категория құрайды, енді бір тобы бөлігі бір сөз табының өз ішінде
семантикалық топтарын жасайды. Қосымшалардың бұл негізгі мәні мен
грамматикалық сипаты грамматикаларда форма тудырушы (немесе сөз
түрлендіруші) жұрнақтар және жалғаулар деп аталып жүрген қосымша
түріне тән болып келеді. Форма тудырушы жұрнақтар мен жалғаулардың
грамматикалық мағына білдіруі мен сөз түрлендіру қасиеті жағынан
айырмашылығы жоқ деп есептеледі, алайда жалғаулардың сөзге жалғану
өрісі кең және де басқа форма тудыратын қосымшалардан синтаксистік
қызметі жағынан үлкен айырмашылығы бар, жалғаулар сөйлем ішінде
сөз бен сөзді байланыстырып, олардың сөзге үстейтін грамматикалық
мағыналары сол байланысқан сөздер арасындағы қатынастар негізінде
айқындалып отырады. Мұндай қызметтік қасиеттер жалғаулардан басқа
форма тудыратын қосымшаларға тән емес. Сол себепті Ы. Маманов
жалғауларды форма тудыратын қосымшалар қатарына қосқанымен,
олардың синтаксистік-қатысымдық қызметінің маңыздылығына қарай,
жалғаулар деп бөліп атайды [4,146-148-бб.].
С. Исаев қосымшалардың сөздерді байланыстыра отырып, үстейтін
мағыналары мен олардан туындайтын қызметіне қарай жіктемесін жасаған.
Бұл жіктемеде форма тудырушы қосымшаларды, алдымен, жұрнақтар
және жалғаулар деп, ал жалғауларды: субстантивтік, субстантивтік-
адвербиалдық және предикаттық деп бөледі. Субстантивтік жалғаулар
тек заттық мағынамен байланысты болады және өзге сөз таптарын
заттандыру қасиетіне ие. Сол себепті С. Исаев субстантивтік жалғаулар
қатарына тәуелдік жалғау мен грамматикалық септіктерді жатқызады.
Субстантивтік-адвербиалдық жалғаулар заттық мағынаға қоса үстеулік
мағына жасайды, яғни үстеу тудырады және үстеудің қызметін атқарады.
Бұл топқа көлемдік септіктер: барыс, жатыс,шығыс септіктері енеді [5,
230-б.].
Дәл осылайша синтетикалық байланысқа түсетін, сөз тіркестеріндегі
діңгек компонент болып табылатын кез келген сөз өзге сөздердің онымен
байланысқа түсу дәрежесімен санаса отырып, өзіндік семантикалық
ерекшелікке ие болады. Қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғау жүйесі
негізінен алғанда, көне түркі тіліндегі және қазіргі түркі тілдеріндегі
септік жалғау жүйесімен сәйкес келуі заңды құбылыс саналады,
өйткені олардың төркіні, қалыптасу кезеңдері, сипаты көбіне ортақ
Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
29
болып келеді, сондықтан қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде атау, ілік,
барыс,табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларының сыртқы тұлғалары
да, мағыналары да, қызметтері де негізінен ұқсас болып келеді. С.
Исаев оны қазақ тіліндегі септік жалғау жүйесінің өте ерте кезде
қалыптасып, сөз түрлендіру, парадигмалық сипаты, тұлғалық түрлері,
әрқайсысының мағыналық шеңбері, сөйлемде атқаратын қызметі мен
сөздер арасындағы грамматикалық қатынастары тұрақталып, кейін
жекелеген түркі тілдерінде үлкен өзгеріске түспей енгендігін байқатады
деп есептейді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі
көмектес септігі болып табылады [5, 92-б.Сөйтіп, түркі тілдерінде
септік жалғауларын грамматикалық және көлемдік септіктер деп екіге
бөлуге болатын негіз: олардың білдіретін мағынасы, атқаратын қызметі,
шығу, даму тарихымен бірге септік тұлғаларының сөздерді бір-бірімен
байланыстырып, сөз тіркесінің типін құрау мәнінің ерекшелігінен
де көрінеді. Э. В. Севортян түркі тілдерінде септіктерді бұлай
грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлуді бір жағынан шартты
санайды, сондықтан бұлай бөлуден бас тартуға да болады деп есептейді.
Бұл екі топқа бөлінетін септік жалғаулары кейде барыс-бағыттық болып
сәйкес келсе де, сонымен қатар әрі грамматикалық әрі көлемдік септік
қатарында жүрсе де, өзіндік ерекшеліктері бары байқалады. Бұл оларды
грамматикалық және көлемдік септік деп екіге бөлудің ғылыми негізі
барын білдіреді деп тұжырымдайды [6, 45-б.].
Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері жатқызылады.
Көлемдік септіктерге: барыс, жатыс, шығыс септіктері жатқызылады.
Егер грамматикалық септіктер тек заттық мағынамен байланысты
болып бір ғана қызмет атқарса, көлемдік септіктер екі түрлі мәнде:
заттық және адвербиалдық мәнде, екі түрлі қызмет атқарады; бірде зат
есімнің грамматикалық көрсеткіші болып, жанама объектіні білдірсе,
бірде өзі жалғанған сөзге бағыттық, мекендік, мезгілдік мағына қосып,
пысықтауыш қызметін атқарып үстеуге де айналдырады, осындай қызмет
оларды көлемдік септіктер деп бөліп атауға негіз болады. С. Исаев
септіктерді бұлайша бөлу кейбір түркологтардың еңбектерінде орын
алғанымен, қазақ тілі морфологиясы бойынша зерттеулерде жалғасын
таппағандығын көрсетеді [5, 96-97-бб.].
|