Атабаева М.С., Абдирасилова Г. Қ
25
С.Исаев септік жалғауларының мәнін ашатындай тұжырымды бір
анықтама беру қиын деп есептейді, өйткені септік жалғаулары зат пен
қимыл, зат пен зат, зат пен сын арасындағы субъекті-предикаттық, тура
және жанама объктілік, меншіктілік,
мекендік-мезгілдік, көлемдік,
амалдық-құралдық тәрізді алуан түрлі қатынастарды жүзеге асырады. Бұл
қатынастарды кейде өзі тікелей ұйымдастырса, кейде тәуелдік жалғауы,
жіктік жалғауымен байланысып барып атқарады. Осы қызметтеріне
орай, С. Исаев қазақ тілі грамматикаларында септік жалғауына
берілген анықтамаларды сараптай келе былайша түйіндейді: «...септік
жалғауларына (категориясына) зат пен оның іс-әрекеті (қимылы), я зат
пен заттың (сынның) арасындағы субъектілік, объектілік, меншіктілік-
қатыстық, мекендік-мезгілдік, көлемдік,
амалдық-құралдық, себеп-
мақсаттық сияқты қатынастарды білдіріп, заттық мән үстеп тұратын
түрлену тұлғасы деген анықтама беруге болады. Септік жалғау
жүйесінің басқа жалғаулардан күрделілігі де осында» [2,120-121-бб.].
Белгілі ұлттық ұжымда қалыптасқан тілді тұтынушының санасындағы
грамматикалық құрылымнан әр тілдің өзіндік ерекшелігі,
ұлттық
дүниетанымы көрінеді, сондықтан әлемнің тілдік бейнесін жасауда
грамматикалық категориялар маңызды болады. Осындай ерекшелігі мол
категория қатарына септік категориясы жатқызылады. Септік қатегориясы
болмыстағы нысандардың арақатынасы туралы білімдерге негізделеді,
өйткені септік категориясы адамның қарым-қатынас барысындағы түрлі
қатынастарды зерделеп құруы нәтижесінде пайда болады О.Жұбаеваның
пайымдауынша, септік категориясының мазмұны тілдік қатынастардың
қалай пайда болғанын білдіріп, ғалам туралы білімді, олардың тілде қалай
көрініс тапқанын, морфологиялық септік
категориясында тоғысатын
грамматикалық мағыналар мен көрсеткіштерді қамту, морфологиялық
жолмен берілетін қатынас туралы энциклопедиялық білімдердің тілде
қалай кодталатынын көрсету [3, 258-259-бб.].
Сөздердің
синтетикалық
байланысу
тәсілдерінде
септік
жалғауларының рөлі басқа жалғау түрлеріне қарағанда күрделірек.
Септік жалғаулары жалғанған сөздер өздері тіркесетін сөздермен
біріншіден, сабақтаса байланысса, екіншіден, сол байланыстың
нәтижесінде қосымша грамматикалық мағынаға ие болады. Сондай-ақ,
септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі