1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Жұлын. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Сұр және ақ



Pdf көрінісі
бет11/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

3.Жұлын. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Сұр және ақ 
заттарының құрылысы. Нейрондық құрамы, глиоциттер. Ядролар, 
олардың құрылысы мен функциялық сипаттамасы. Рефлекторлық 
доға туралы түсінік.
 
Жұлын 
Омыртқаның 
каналында 
орналасады. 2 симметриялық 
жартылардан құралған. Жұлынның: алдынғы жағында жартылардың 
аралығында алдынғы орта саңылауы болады. артқы жағында жартылар 
артқы орта сала арқылы қосылып тұрады.Даму туралы айта кетсем.Жүйке 
жүйесінің негізі нерв түтігі мен нерв қырқашығынан басталады.Нерв 
түтігінің алдыңғы бөлігі мен ганглиозды пластинкадан бас миы мен нерв 
түйіндері,ал нерв түтігінің каудальді бөлігінен жұлын дамиды.Нерв 
қырқашығы
немесе ганглиозды пластинкадан вегетативтік жүйке 
жүйесінің нйрондары,жұлын түйіндерінің нейроглиясы мен нерв түйіндері 
дамиды.Жұлынның қызметі:
1-
өткізгіштік(жұлынды 
бас 
миымен,бас 
миын 
жұлынмен 
байланыстыратын өткізгіш жолдар)
2-
эндокринді
3-
рефлекторлы(меншікті 
рефлекторлық 
қызметі 
сегменттік 
моносинаптикалық доға арқылы жүзеге асады.)


Жұлынның құрылысына тоқталып кетсем. Жұлын сұр және ақ заттан 
тұрады. Сұр зат жұлынның
ортасында, ал ақ зат − шетінде, сұр затты 
қоршап орналасады. Сұр затта нейрондардың денелері, миелинсіз, 
жіңішке миелинді нерв талшықтары ж/е нейроглия орналасады. Ақ зат 
ұзыннан
орналасқан миелинді нерв талшықтарынан тұрады.
Жұлын сегменттерге бөлінеді. Әрбір
сегментте алдынғы (вентральді), 
артқы (дорсальді) бүйір (латеральді) мүйіздерді ажыратады. Арқаншалар 
нерв талшықтардың шоғырларынан тұрады. Ақ заттың миелинді нерв 
талшықтары нерв жүйенің әрі бөлімдерінің аралығында байланыстарды 
қамтамасыз
етеді. Талшықтар жоғары көтерілетін ж/е төмен түсетін өткізу 
жолдарды 
қалыптастырады.Жұлынның 
нейроциттеріне 
түбірлі 
жасушалар,ішкі жасушалар мен шоғырлы жасушаларды ажыратамыз. 
Түбірлі жасушалардың Аксондары алдынғы заттың мүйіздердің бойымен 
жұлыннан шығып, шеткі ағзаларға өтеді.Ал ішкі жасушалары өсінділері 
сұр заттың ішінде синапспен аяқталады. Шоғырлы жасушалар болса, 
аксондары ақ затқа шығып, шоғырларды түзеді. Олар жұлынның басқа 
сегменттеріне және бас мидың сәйкес бөлімдеріне импульстарды 
өткізеді.Жұлынның
сұр затында көлемі,кұрылысы ж/е функциясы 
бойынша 
ұқсас 
жасушалар 
шоғырланып, 
нерв 
ядроларын 
құрады.Жұлынның артқы мүйізінде екі ірі нерв ядролары орналасады.
Көкірек ядро/Кларк Ядросының Аксондары жұлынның ақ затына шығып, 
мишыққа көтеріледі. Өзіндік ядроның аксондары жұлынның ақ затына 
шығып, мишық пен көру төмпешігіне көтеріледі. Кларк ядроның 
нейрондары 
бұлшықеттердің, 
сіңірлердің 
және 
буындардың 
рецепторларынан ақпаратты қабылдап, импульстарды мишыққа өткізеді 
(жұлынмишық жолдары арқылы). Бүйір мүйіздерінде екі ядро 
орналасады: медиальді және латеральді аралық нерв ядролары. Бұл нерв 
ядролары 
симпатикалық 
рефлекторлы 
доғаның 
ассоциативті 
нейрондарынан тұрады. Аксондары алдынғы мүйіздердің бойымен 
жұлыннан шығып симпатикалық бағаналарды құрады және түбірлі 
нейрондарға жатады. Алдынғы мүйіздерде 2 нерв ядролары 
орналасады:моторлы медиальді нерв ядросы 
-
дененің бұлшықеттерін 
нервтендіреді, Жұлынның бойында жақсы дамыған, және екінші 
ядро,моторлы латеральді нерв ядросы.Ол аяқ
-
қол бұлшықеттерін 
нервтендіреді. Мойын ж/е бел сегменттерінде жақсы дамыған. Аксондары 
аралас жұлын нервтердің құрамында шетке өтіп, қанқа бұлшықеттерінде 
қозғалтқыш
ұштармен аяқталады.


Рефлекстің морфологиялық негізі 

рефлекстік доға,яғни қозуды 
рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін 
жол.Рефлекторлы доғаның қарапайым(екі нейронды, жалғыз синапсты)
және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) түрі бар.Жай түрі жұлын 
арқылы тұйықталады.Ал күрделі түрі жұлын және мидың қатысуымен 
жүзеге асады.Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым
-
рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 
аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан 
эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрылымы 

эффектордан тұрады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін 
атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып 
кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген 
ұғым
қолданылады.
Енді нейрондарының құрамы туралы айта өтсем.
1)түбірлі жасушалар.Олар аксондары алдыңғы мүйіздердің бойымен 
жұлыннан шығып,шеткі ағзаларға өтеді.
2) Ішкі жасушалар. Өсінділері сұр заттың ішінде синапс пен аяқталады
Келесі жасуша түрі 3) Шоғырлы жасушалар. Аксондары ақ затқа шығып, 
шоғырларды түзеді. Олар жұлынның басқа сегменттеріне ж/е бас мидың 
сәйкес бөлімдеріне импульстарды өткізу қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет