1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет16/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

 
 
Ми
қыртысының қабаттары. Нейрон аралық байланыстар.
Ми қыртысының қозғалтқыш аймағында 6 түрлі қабаты болады :
1. молекулярлық қабат
2. сыртқы түйіршікті қабат
3. пирамидалық қабат
4. ішкі түйіршікті қабат
5. ганглионарлық қабат
6. полиморфты жасушалар қабаты


1)
Молекулярлық қабат

қыртыстың ең сыртқы қабаты. Қыртыстың үстіңгі 
бетіне параллельді қалың тангенциалды жүйкелік талшықтардың өрімі бар. 
Бұл талшықтардың негізін астыңғы қабаттардың пирамидалық 
нейрондарының тармақталған апикалды дендриттері құрайды. Таламустың 
ядроларының афферентті таламокортикалдық талшықтары да осында келіп, 
қыртыс
нейрондарының қозу денгейін реттейді. Молекулярлық қабатта 
негізінен ұршық тәрізді ендірме нейрондар (Рамон және Кахаль
жасушалары) 
анықталады. Олардың да аксондары тангенциалды өрімнің құрамына кіреді 
де, төменгі қабаттың нейрондарына қозуды жеткізеді. Қабатта нейрондардан 
басқа глиалдық жасушалар болады.
2) 
Сыртқы түйіршікті қабат 
көптеген жұлдыз тәрізді жасушалардан 
құралады, ал төменгі бөлігінде кіші пирамидалық нейрондар пайда болады. 
Бұл қабаттың нейрондарының апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа 
көтеріліп таламокартикалдық жүйкелік талшықтармен синапстар түзейді. 
Бүйірлік дендриттер осы қабаттың өзінде көрші нейрондармен байланыс 
құрайды. Аксондары үшінші, бесінші, алтыншы қабаттарға барып синапстар 
түзейді, олардан шыққан коллатералдар кері қайтып, молекулярлық қабатқа 
барады. Қабат көбінесе ассоциативтік қызмет атқарып, қыртыстың 
сенсорлық және ассоциативтік аймақтарында жақсы дамып жетіледі.
3) 
Пирамидалық қабат
орташа көлемді пирамидалық нейрондардан тұрады. 
Олардың көлемі қабаттың тереңіне қарай ұлғая түседі. Нейрондардың ден
-
дриттері екінші қабаттағыдай бағытталған. Аксондары ассоциативті жүй
-
келік талшықтарды құрайды. Олар не төменгі қабаттардың нейрондарымен 
байланысады, немесе ақ зат арқылы қыртыстың көрші аймақтарына барып, 
осы қабаттың өзінің нейрондарымен синапс түзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет