1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет24/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

Аортаның ішкі қабықшасы
құрамына эндотелий, эндотелийасты қабат 
және эластикалық талшықтардың өрімі (ішкі эластикалық мембранаға 
сәйкес) кіреді. Жас ұлғайған сайын ішкі қабықша жұқара түседі.
Аорта эндотелийі базальді мембранада орналасқан жалпақ 
эндотелиоциттерден тұрады.
Эндотелийасты қабаты борпылдақ жіңішке фибриллярлы дәнекер тіннен 
тұрады, ол жұлдыз пішінді жасушаларға бай. Бұл жасушалар эндотелийге 


беріктік қасиетін береді. Эндотелийасты қабатында бойлай орналасқан 
жекелеген тегіс миоциттер кездеседі.
Эластикалық талшықтардың қалың өрімдері ішкі эластикалық мембранаға 
сәйкес келеді.
Аортаның ішкі қабықшасы жүректен шығатын жерінде қалтатәріздес 

«жартыай қақпақша" 

түзеді, артериялардағы жалғыз қақпақша болып 
табылады. Әдетте бұл құрылымды 

аорталық қақпақша 
деп атайды.
Аортаның ортаңғы қабықшасы
оның қабырғасының негізгі бөлігін 
құрайды, ол бір
-
біріне ендірілген пішіні цилиндр тәріздес бірнеше ондаған 
эластикалық мембраналардан 
тұрады. Олар бір
-
бірімен эластикалық 
талшықтар арқылы байланысып басқа қабықшалардағы эластикалық 
элементтермен біріге отырып ортақ эластикалық каркас түзеді.
Аортаның ортаңғы қабақшасындағы мембраналар арасында қиғаш 
орналасқан тегіс бұлшықет жасушалары және фибробласттар орналасады. 
Эластикалық мембраналар, эластикалық және коллагенді талшықтар, тегіс 
миоциттер барлығы аморфты затқа (гликозаминогликандарға бай) бекітілген. 
Аортаның ортаңғы қабықшасының мұндай құрылысы оған жоғары 
созылғыштық қасиетін (систола кезінде) және диастола кезінде тамыр 
қабарғасының тонусын реттеуге мүмкіндік береді.
Аортаның сыртқы қабықшасы
салыстармалы түрде жұқа,құрамында 
сыртқы эластикалық мембранасы болмайды. Құрылысы: бойлай орналасқан 
ірі эластикалық және коллагенді талшықтарға бай борпылдақ талшықты 
дәнекер тінніен тұрады. Сыртқы қабықша қантамыр қабырғасын шектен тыс 
созылуынан және жарылуынан сақтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет