1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет25/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

2. Бұлшықет типті артерияларға 
орташа және ұсақ калибрлі артериялар 
жатады, яғни организмдегі
артериялардың басым бөлігі. Бұл артериялар 
қабырғасында тегіс бұлшықет жасушалары айтарлықтай көп мөлшерде 
болады, сондықтанда мұндай артерия қабырғасы мықтылық қасиетке ие 
болып, ағзаларға қанның келу мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді.
Ішкі қабықшаның 
құрамына базальді мембранадағы эндотелий, 
эндотелийасты қабат және ішкі эластикалық мембрана кіреді. Жалпақ болып 
келген эндотелий жасушалары базальді мембранада орналасады. 
Эндотелийасты қабат бойлай орналасқан жіңішке эластикалық және 
коллагенді талшықтардан және азмаманданған дәнекертіндік жасушалардан 


тұрады. Эндотелийасты қабатынын сыртқы жағында онымен тығыз 
байланысқан эластикалық мембрана орналасады. Ұсақ артерияларда сыртқы 
эластикалық мембрана жұқа болып келеді, ал ірі артерияларда қалың анық 
болып
көрінеді.
Артерияның ортаңғы қабықшасы

қалың болып келеді, онда қиғаш
-
спираль түрінде орналасқан тегіс бұлшықет жасушалары болады. Тегіс 
бұлшықет жасушалары арасында дәнекер тіні және талшықтар орналасады. 
талшықтар тегіс миоциттер үшін тіректік каркас құрайды. Артериялар 
Коллагенді құрамында I, II, IV, V типті коллаген анықталған.
Артерия қабырғасындағы эластикалық талшықтар ішкі және сыртқы 
қабықшалар
шекарасында эластикалық мембраналармен бірігіп кетеді. 
Осылайша, ортақ эластикалық каркас түзіледі, ол
қантамыр қабырғасына 
созылу кезінде созылғыштық қасиет, ал қысылу кезінде беріктілік қасиетін 
береді. Эластикалық каркас арқасында, артерияның саңылауы әрдайым ашық 
тұрады және бойымен үздіксіз қан ағуына мүмкіндік болады.
Сыртқы қабықша 
құрамына
эластикалық мембрана мен борпылдақ 
талшықты дәнекер тіні кіреді. Сыртқы эластикалық мембрана бойлай 
орналасқан, бір
-
бірімен бұрмаланған эластикалық талшықтардан тұрады. 
Әдетте
сыртқы эластикалық мембрана ішкі эластикалық мембранамен 
салыстырғанда жұқалау болып келеді және кейбір артерияларда айқын 
көрінбеуі әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет