Веналардың
жіктелуі олардың қабықшаларындағы бұлшықет жасушалары
ара қатынасына негізделген. Веналар бұлшықетті элементтерінің
дамуына
байланысты
2 топқа
бөлінеді:
1.
Бұлшықетсіз (талшықты) типті вена
–
қабықшалары құрамында тегіс
миоциттері болмайды;
2.
Бұлшықет типті вена.
Бұлшықет типті веналар өз кезегінде бөлінеді: бұлшықеті әлсіз, орташа,
жақсы дамыған түрлерге.
а)
бұлшықет компоненті әлсіз дамыған
–
тегіс миоциттері тек t.mediaда
орналасқан (шиыршықты)
б)
бұлшықет компоненті орташа дамыған
–
тегіс миоциттері t.mediaда
(шиыршықты) және де t. еxternaда да (ұзына бойлық) орналасады.
в)
бұлшықет компоненті жақсы дамыған
–
тегіс миоциттері барлық үш
қабықшалар құрамында бар.
1)Талшықты вена (бұлшықетсіз)
Локализациясы:
плацента,сүйек,жұмсақ және
қатты ми қабықшалары,
көздің торқабығы, көкбауыр веналары.
Құрылысы
:
Н.А. бірде
-
бір
қабықшалары құрамында бұлшықетті элементтері болмайды.
Бұл
веналар қабырғасын
2 қабықша
қалыптастырады
:
1) ішкі қабықша (t. intima)
–
базалды мембранада
орналасқан
эндотелиоциттер қабаты
2)сыртқы қабықша (t. externa)
–
борпылдақ талшықты дәнекер
тіннің жұқа
қабаты. Ортанғы қабықшасы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: