Лимфа тамырлары осы вена мен артерия
қантамырлары тәрізді сұйықтық
өткізетін жұқа жақтаулы тамырлар. Лимфа тамырлары қанайналым жүйесін
толықтырады. Олар негізінен ұлпалардан интерстициальды сұйықтықты
сорады деп есептеледі. Лимфа қылтамырлары тамыр жүйесінің
қылтамырларына қарағанда біршама үлкен болады. Лимфа қылтамырлары
лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол
қақпақшалар
лимфа сұйықтығының бір бағытқа қарай ағуын қамтамасыз
етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу
шеңберінің
ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена
канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады. Лимфа
түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың
жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады.
Лимфа түйіндерінің пішіні
-
домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке
қарай
кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары
мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан
түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері:
қолтық, шап, мойын,құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы
жақсүйeк және т. б.
Лимфа жүйесінің қызметі: 1. Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.
2. Лейкоциттер түзеді.
3. Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі
қызметін
атқарады.
4. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды
қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде
«қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа
тамырларын
лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ
қуысында
орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа
сұйықтығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол
жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады.