Локализациясы: аяқ пен дененің төменгі бөлігінің ірі веналары –
сан
венасы, төменгі қуыс венасы.
Құрылысы : Н.А. миоциттер барлық қабықшаларында бар.
Сан венасы –
қақпақшалары
болады, қанның кері ағуын бөгейтін.
Олар жұптасып орналасқан.
1)ішкі қабықша (t. intima) –
эндотелий астында
ұзына бойлық бағытталған
тегіс миоциттері бар. t.мediaменшектескен жерінде эластинді талшықты
құрылымдар
жиынтығы бар.
2)ортаңғы қабықша (t. мedia) –борпылдақ талшықты дәнекер тінінде
шиыршықты бағытталған тегіс миоциттері бар.
3) сыртқы қабықша (t. externa) –
ұзына ұзына бойлық бағытталған тегіс
миоциттері бар, тамырлардың тамыры бар борпылдақ талшықты дәнекер
тінінен тұрады.
Төменгі қуыс венасы –
бұлшықет элементтері жақсы дамыған веналар
қатарына жатады, бірақ құрылысы жағынан бірнеше ерекшеліктері бар.
Оларға тоқтала кетсем:
1) жоғары қуыс венасындай қақпақшалары болмайды;
2) сыртқы қабықшасы өте қалың болып келеді ішкі және ортанғы
қабықшамен
салыстырғанда.
Веналардың артериялардан айырмашылығына тоқталар
болсам,
бірнеше айырмашылықтары бар:
1) қан қысымы және қанағымы жылдамдығы төмен;
2) сыртқы және ішкі эластинді мембраналары жоқ;
3)вена қуысы жалпақ, тегіс, (анық пішінделмеген) үлкендеу болады;
4) қабырғасының қалыңдығы жұқалау болады;
5)бұлшықетті қабықшасы көбінде ұзына бойлық бағытта орналасқан, ал
шиыршықталып орналасуы аз;
6) адвентиция қабықшасы жақсы жетілген; 7) қақпаққшалары бар.