дамыған. Жинақтаушы венулаларда жекелеген тегіс бұлшықет жасушалары
бар және сыртқы қабырғасы жақсы дамыған.
Артериолалар ең ұсақ бұлшық етті артериялар.
Олар бір ұшымен
артериялармен байланысса, екінші ұшы капиллярларға жалғасады.
Артериолалардың қабырғасы да үш қабықшадан тұрады, бірақ артерияларға
қарағанда
жұқа болып келеді. Ішкі қабықшасы базальды мембранада
орналасқан эндотелиоциттерден және жұқа эндотелий асты қабаты мен ішкі
эластикалық мембранадан тұрады. Ортаңғы қабықша спиральді орналасқан
тегіс бұлшық ет жасушаларының екі қабатынан тұрады,
араларында аз аздан
эластикалық талшықтар орналасқан. Прекапиллярлық артериолаларда жазық
бұлшық ет жасушалары жеке
-
жеке орналасады. Жалпы, артериоланың
капиллярға айналатын жерінде тегіс миоциттерден түзілетін қан ағымын
реттеуші сфинктер қысқыштары
бар. Прекапилляр
деп осы бөлікті атайды.
Артериолаларда эндотелийдің базальды мембранасы мен ішкі эластикалық
мембранада перфорация байқалады. Ол арқылы эндотелиоциттер
мен тегіс
бұлшық ет жасушалары өзара тығыз байланысады. Мұндай байланыстар
ақпараттың тікелей эндотелиоциттерден тегіс бұлшықет жасушаларына
өтуіне
ықпалын тигізеді. Мысалы, бүйрек үсті безі қанға адреналин бөліп
шығарғанда, эндотелий жазық бұлшық ет жасушаларының жиырылуына әсер
ететін фактор бөледі. Бұлшық ет жасушаларының арасында аз мөлшерде
эластикалық талшықтар орналасады.
Сыртқы эластикалық мембрана
болмайды. Сыртқы қабықша немесе адвентиция борпылдақ талшықты
дәнекер тінінен тұрады.Қан айналым кезіндегі маңызын айтып кетсек,
эндотелиоциттер мен миоциттер арасында,ы нексустар арқылы, қан құрамы
жайындағы ақпаратты эндотелийден миоцитке жетеді. Мысалы, оттегінің
азаюы туралы ақпаратты жеткізер кезінде, артериола қабырғасы босаңсиды
және қуысы кеңейеді.
Осылайша, тінге оттегімен қаныққан қан жетеді.
Капиллярлар кең таралған ұсақ қантамырлар. Капиллярлардың құрылымдық
қызметтік
ерекшелігіне байланысты үш түрін ажыратады:
1.
Соматикалық
-
эндотелий мен базальды мембранасы тұтас орналасқан
.
Бұлшықет, нерв жүйесінде, дәнекер тіні мен экзокринді ағзаларда
болады.
2.
Фенестрлі
-
эндотелий жасушаларының цитоплазмасының жұқарған
аймақтары немесе фенестрлері бар. Саңылаулары бар, олар
диагфрагмамен жабылған, эндокринді ағзаларда, қоңыр май тінінде,
бүйрек денешігінде кездеседі.
3.
Синусоидты базальды мембрана мен эндотелий қабаттарында үзіктер
пайда болады.
Қабырғасында үлкен жасушалық және
перфорация
немесе трансцелюлярлы тесіктері болады. Сүйек қызыл кемігінде,
көкбауырда және бауырда кездеседі.
Қабырғасы
3 қабаттан тұрады: ішкі қабаты
-
эндотелий, базальді мембранаға
бекінеді. Ортаңғы қабаты –
базальды мембрана мен оның екіге ажыраған
жерінде орналасқан перициттерден тұрады. Сыртқы қабат
-
адвентициальды
жасушалардан және аморфты затта орналасқан жіңішке коллаген
талшықтарынан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: