Миндалиналар немесе бадамша бездер лимфоэпителиалды мүшелерге
жатады. Себебі бұларда эпителий мен лимфоциттер өзара әрекеттесіп
орналасқан. Миндалиналар ауыз қуысының түбінде , өңеште көптеп
кездеседі. Жұп миндалиналар таңдайда және жұтқыншақ пен тілде
жекеленіп орналасқан. Лимфоэпителиальді Пирогов
-
Вальдейер сақинасы
болып табылады . Бұлар тыныс алу жолдары мен ас қорыту түтікшелерін
қоршай
орналасады.
Миндалиналардың қызметі :
-
Антигенге тәуелді «Т» мен «В» лимфоциттерін дифференциялануы жүреді .
-
Барьерлік
-
қорғаныс қызметі
-
Цензорлық қызметі –
тағамның микрофлорасының жай күйінде бақылау
жасайды.
Дамуы : эмбриогенезде миндалиналар ұрықтың 3
-
5
айлар аралығында
қалыптаса
бастайды. Даму барысында эпителий, ретикулярлы тін мен
лимфоциттер өзара әрекеттесіп байланысуынан қалыптасады.
Таңдай миндалиналар
-
сопақша келген екі денешік түріндегі құрылым,
кілегейлі кабығында катпарлары болады. Кілегейлі қабық эпителий көп
қабатты
муйызделмеген, құрамында эпителийдің меншікті пластинкасына
енген 10
-
20шақты лакуналар немесе крипталар түзеді. Лакуналардың биразы
тармақталып кетеді. Лакуналарды тыстайтын эпителиінде көптеген
лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер қоныстанған.
Тіл миндалиналары –
тілдің кілегейлі қабығының көп қабатты жалпақ
мүйізделмеген эпителиінің құрамында 100 –
шақты тар сақталмаған
крипталар болады . Ал , кілегейлі қабықтың
меншікті пластинкасына ғы
крипталарды қоршаған лимфоидты тін . Бұл тін диффузды түрде не түйін
түрінде де кездеседі . Түйіннің құрамында мантийлі аймағы мен көбею
орталығы көрінеді .
Жұтқыншақ миндалинасы
-
мұрынның жұтқыншақ бөлігінің дорзалді
қабырғасында
орналасқан . Құрылысы жағынан басқа миндалиналар ға ұқсас
. Балаларда жұтқыншақ миндалинасының кілегейлі қабығының құрамында
бір қабатты , қатарлы , кірпікшелі ,
призмалы эпителийі болса , ал
ересектерде көп қабатты жалпақ муйызделмелы эпителий . Балалық шақта
жұтқыншақ миндалинасы шамадан тыс өсіп , мұрынмен дем алуға кедергі
жасауы мүмкін.
34-37
34. Өңеш және жұтқыншақ. Қызметі, қабырғасының құрылысы, дамуы. Өңеш
қабырғасының әртүрлі бөліктерінің құрылысы. Өңеш бездері.
Тағам ауыз қуысынан кейін жұтқыншаққа, одан өңешке, кейін асқазан мен
ішектерге барады. Асқорыту жүйесінің алдыңғы бөлгіне: ауыз қуысы, оның
туындылары
және жұтқыншақ, өңеш жатады. Олар эктодермадан дамиды.
Жұтқыншақта тыныс алу және ас корыту жолдары киылысады. Осыған
байланысты жұтқыншақты: мұрын, ауыз және көмекей бөлiктерiне
ажыратамыз. Мұрын
-
жұтқыншақ бөлiгiнiң шырышты қабығының
эпителийі
көп қатарлы кірпікшелі болып келеді, құрамында аралас бездерi болады.
Ауыз
-
жұтқыншақ
пен
көмекей
-
жұтқыншақ
бөлiктерiнiң
шырышты
қабығының
эпителийі көп қабатты жалпақ меншікті пластинкаға бекінген,
құрамында эластин талшықтары болса, ал шырышасты негiзiнде күрделі
шырышты бездердiң соңғы бөлiктерi орналасады. Бұлшықетті қабаты екi
қабаттан тұратын көлденең жолақты бұлшқ ет тіні.
Жұтқыншақтың сыртқы
қабығы
-
адвентиция.
Өңеш
Өңештің
эпителийі алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан
прехордальді табақшадан түзіледі. Қалған қабаттары оны қоршап жатқан
мезенхимадан бастау алады. Алдымен өңештің эпителиальді жабыны
бірқабатты призма тәрізді эпителимен тысталады. 4
-
күндік эмбрионда ол екі
қабаттыға
айналады. Ұрықтық дамудың 3
-
айына таман өңеш бірқабатты
көпқатарлы кірпікшелі эпителимен тысталады. 4
-
айдан бастап кірпікшелі
жасушалар біртіндеп шар тәрізді жасушалармен алмасады, кейін олар
гликогенге бай жалпақ жасушаларға ауысады. 6
-
айдан бастап өңеш эпителийі
көпқабатты жалпақ эпителимен тысталады.
Жалпы өңеш 4 қабаттан тұрады: шырышты қабықша, шырышасты негіз,
бұлшықет қабықша, адвентициалды қабықшадан тұрады. Өңештің шырышты
қабықшасы эпителий пластинкасы, меншікті пластинкасыжәне бұлшықет
пластинкасынан тұрады. Шырышты қабықшаның эпителийі –
көпқабатты
жалпақ мүйізделмеген. Шырышты қабықшаның меншікті пластинкасы
эпителиге кірігіп орналасқан дәнекер тінді емізікшелерді түзеді. Онда
шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры
орналасады. Меншікті пластинкада өңештің кардиальді бездері орналасады.
Шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы эластин талшықтарының
торларына оралған тегіс бұлшықет жасушаларының шоғырынан тұрады.
Шырышты және шырышасты қабықтарынан өңештің куысына 7
-
10
шақты
қатпарларды
түзіп, тағамды қозғалтып, жылжытуға қатысады. Шырышасты
негізінде өңештің бездері орналасқан. Олар күрделі, тармақталған
альвеолярлы
-
түтікшелі болып келеді және таза шырышты секрет бөледі.
Бұлшықетті қабығы екі қабаттан тұрады. Өңештiн үштен бір жоғарғы мойын
бөлiгiнде көлденең жолақты бұлшық ет тіні. Төменгі бөлігінде
-
тегіс салалы
бұлшықет тінінің миоциттері, ал ортанғы бөлігінде бұлшықет тiнiнiң екі түрі
де кездеседі. Өңештің асқазанға кіреберiсiнде сфинктерi (қысқышы) болады.
Өңештің
сыртын адвентиция коршайды. Өңеште кардиальді және меншікті
бездері бар. Каридиальді бездер
-
қарапайым тармақталған түтікшелі
бездер
тобына жатады. Олардың соңғы бөлімдері цитоплазмасы түйіршікті, кейде
муциннен тұратын куб тәрізді және призмалы эпителиоциттерден тұрады.
Кардиальді бездердің кейбірінің соңғы бөлімдерінде хлорид өндіретін
париетальді жасушалар орналасады. Меншікті бездер күрделі қатты
тармақталған альвеоярлы түтікшелі бездер болып табылады. Олардың соңғы
бөлімдері шырышты жасушалардан тұрады. Олардың сұйықтығы ұсақ
шығару өзектеріне құйылады.Бұл өзектер шырышты қабықшаның бұлшықет
пластинкасы арқылы өтеді және
меншікті пластинкада ірі ампула тәрізді
өзектер түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: