1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


 Асқазан. Морфофункциялық сипаттамасы, эмбрионалды дамуы мен



Pdf көрінісі
бет67/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

35. Асқазан. Морфофункциялық сипаттамасы, эмбрионалды дамуы мен 
шығу көздері. Асқазан қабырғасының құрылысы, оның тіндік құрамы, 
әртүрлі
 
бөліктеріндегі 
шырышты 
қабықшасының 
құрылыс 
ерекшеліктері. Асқазан
 
бездерінің орналасуы, құрылысы, жасушалық 
құрамы. Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
 
Асқорыту жүйесінің ортаңғы бөліміне: асқазан, жіңішке ішек және тоқ ішек, 
бауыр, ұйқы без жатады. Асқазан эмбриогенездің 4 аптасында ішек түтігінің 
энтодермасынан бастау алады. Ұрықтық мезенхимадан дәнекер тіні мен 
бұлшықет тiндерiнiң жасушалары дамиды. Ұрықтың 2 айында асқазан 
бездерiнiң эпителийі калыптасады. Сырткы мезотелийі спланхнотомнын 
висцеральдi жапырақшасынан дамиды. Функциясы:

эндокринді функциясы –гистамин, мотилин, гастрин, Р заты, серотонин 
сияқты биологиялық белсенді заттарды секрециялау

сіңіру функциясы —
онда қанттардың, спирттің,судың, тұздардың 
сіңірілуі жүреді.



қозғалтқыштық
функциясы –
тағамдық массаны жинақтау, олардың 
механикалық өңделуі және ары қарай ішектерге жылжуы;

секрециялық –
түскен тағамнан В12 витаминін сіңіруге жағдай 
жасаушы антианемиялық Каслфакторын бөлу ;

экскреторлы (бүйрек жеткіліксіздігі кезінде арта түседі);

қорғаныс
(бактерицидті) —
тұз қышқылының есебінен
Макроскопиялық зерттеулер бойынша асқазан: кардиальді, функциональдi, 
денесi және пилорикалық бөліктерден тұрады. Ал гистологиялық зерттеулер 
бойынша үш бөліктен тұрады: түбі, денесі және пилорикалык бөлiгі. Асқазан 
қуысты
мүше және оның қабырғасында қабықтары бар. Қабырғасында 
кiлегейлi, кілегейасты негiзi, бұлшықетті және серозды қабықтары 
ажыратылады. Кілегейлі қабықта шұңқырлар, аймақтар, қатпарлар 
орналасады. Асқазан шұңқырлары 

кілегейлі қабық эпителиiнiң меншікті 
пластинкаға ойыс жасап енетін жер. Қатпарлары 

асказанның кiлегейлi 
қабығы мен кілегей асты негізінің асқазан куысына карай көтеріліп шығуы. 
Аймақтары 

бездердің топтасып орналасқан тұстары. Кiлегейлi қабық үш 
қабаттан
тұрады: эпителий, эпителийдің меншікті және бұлшықетті 
пластинкалары. Эпителий қабаты 

бір қабатты бездi, призмалы пiшiндi 
эпителиоциттерден тұрады, олардың көбi мукоциттер. Мукоциттердiн 
апикальді және базальді полюстері болады. Базальді бөлігінде
-
ядросы, 
түйіршікті, түйіршіксіз ЭПТ, апикальдi бөлiгiнде
-
көптеген шырышты 
көпiршiктерi көрiнедi. Шырыштың құрамында антидене анықталған. 
Асказаннын жабынды эпителийі секреторлы компонент бөлiп, кілегейлi 
қабыққа
әсер ететін зиянды заттарға төзімділік қасиет береді. Осылардың 
нәтижесінен асказанда шырышты
-
бикарбонатты барьер түзіледі. 
Кілегейлi қабықтың меншiктi пластинкасы БТКДТ

нен тұрады. Бұл 
пластинкада көптеген бездер болады. Асказан бездері қарапайым түтікшелі, 
тармақталмаған. Өзектерi асказан шұнқырына ашылады. Асқазан бездерi үш 
бөліктен тұрады: түбі, денесі және мойыны. Асқазан бөлiктерiнде 
орналасуына байланысты бездер топтарға жіктеледі: кардиальдi, фундальдi 
және пилорикалық. Сан жағынан ең көбі фундальді бездері болып табылады. 
Олар 
нашар 
тармақталған. 
Құрамындагы 
жасушалары: 
негізгі,париетальді,шырышты немесе қосымша жасушалар, эндокриноциттер, 
мойын мукоциттері.
Негiзгi жасушаларының
пішіні призма тәрізді, апикальді бөлiгiнде зимогенді 
түйіршіктері болады. Қызметі: профермент 

пепсиногендi синтездейді. Және 


қышқылдық
ортада белсенді болып пепсинге айналады. Жас балаларда 
негiзгi жасушалары липаза мен химозиндi өңдейдi.
Париеталдi жасушалары

iрi, оксифильді боялған. Цитоплазмасында өте iрi 
кристалары, жаксы дамыған митохондриялары байкалады. Ерекшелігі: 
көптеген микробүрлері мен секреторлы каналдары бар. Қызметі: тұз 
кышкылын синтездейдi (HCL). Секреторлы каналдары тұз қышқылын НСL 
жасушадан шығарады. 
Шырышты жасушалары немесе мукоциттерінің, пішіні призма тәрiздi, 
цитоплазмасында гольджи комплексі жақсы дамыған. Қызметі 

шырышты 
өңдеу

Эндокринді жасушалары: P, EC, ECI, G, D1 ,D1, А т.б. түрлері болады. 
Эндокриноциттердің ерекшеліктеріне: цитоплазмасы ашық түске боялған 
түйіршікті ЭПТ, Гольджи комплес және секреторлы түйiршiктерi болады.
Р
-
жасушалары бомбезин синтездеп, өт кабынын мускулатурасынын кызметiн 
және париетальдi жасушалардың тұз қышқылын бөлуiн реттейдi.
ЕС
-
жасушалары серотонин, мелатонин және Р
-
затын бөледі.Серотонин 
кілегейлi қабықтың қан айналым қызметiн реттейді. Сонымен қатар, негiзгi 
және шырышты жасушаларының белсенділігін реттейді. Мелатонин 
жасушалардың биоритмдік (күндізгі және түнгі) қызметін реттейді. Р
-
заты 
ішектердің моторикасына әсер етеді.
ЕСL
-
жасушалары гисталинді синтездеп, асқазанның қабырғасының 
жиырылғыштығын, жасушаларының қызметін реттейді.
G-
жасушалары гастринді синтездеп, негізгі және париетальді жасушалардың 
қызметін
реттейді.
D- 
жасушалары соматостатинді бөліп, бездердің синтезін, жасушалардың сөл 
бөлуін реттейді.
D1-
жазушалары вазоинтестинальді полипептидтерді бөледі, қан қысымын 
төмендетіп, асқазан бездердің қызметін реттеп, бұлшықет миоциттердің 
қызметін
тежейді.
A-
жасушалары энтероглюкогенді синтездеп,қандағы қанттың мөлшерін 
көбейтіп, асқазан эпителийінің шырыш бөлуін реттейді.
Мойын мукоциттері

бездердiң мойын бөлiктерiне орналасады. Бұлардың 
цитоплазмасында муциннің синтезіне катысатын шырышты көпіршіктері 


болады. Эпителиоциттерден бөлінген шырыш жасушаларды тұз кышкылы 
мен пепсиннің әсерінен сактайды. Мукоциттер аз дифференцияланған, митоз 
жолымен көбейетін жасушалар. Сондыктан бездер мен шырышты қабаттың 
эпителиоциттерiнiң регенерациясына катысады.
Асқазанның меншікті бездері–
біршама көп. Адам асқазанында оның саны 35 
млн. құрылысы бойынша бұл бездер қарапайым тармақталмаған түтікшелі 
бездерге жатады. Әр бездің құрылысында осындай бөлімдерді көреміз: 
қылтасын
(перешейка), мойыны және негізгі бөлімі. Негізгі бөліміне денесі 
мен түбі жатады. Меншікті бездер 5 түрлі жасушалардан тұрады:
1.
негізгі экзокриноциттер
-
көбіне бездің денесінде және түбінде 
орналасады. Жасушалардың ядросы дөңгеленген, жасушаның дәл 
ортасында орналасады. Негізгі жасушалар профермент (зимоген) –
пепсиногенді секрециялайды, ол өз кезегінде тұз қышқылының 
әсерінен белсенді түрі

пепсинге айналады. 
2.
париетальді экзокриноциттер

негізгі және шырышты жаушалардың 
базальді мембранасына жанасып, олардың сыртынан орналасады. Олар 
негізгі жасушалардан көбірек, пішіні дөңгеленген, бұрыс пішінді. 
Асқазанның меншікті бездеріндегі париетальді жасушалардың негізгі 
қызметі


ионын және хлоридті өндіру. Нәтижесінде екеуі бірігіп, 
тұз қышқылы (HCl) түзіледі.
3.
шырышты, мойын мукоциттері –
олардың екі түрі бар. Біріншілері 
меншікті бездердің денесінде орналасады және жасушаның базальді 
бөлімі жағында тығыз ядросы болады. Басқа шырышты жасушалар 
меншікті бездердің тек мойынында орналасады (мойын мукоциттері). 
Бұл жасушалар азмаманданған эпителиоциттер болып табылады. Олар 
бездің
секреторлы эпителиінің де, асқазан шұңқырлары эпителиінің де 
регенерациясының қайнар көзі болып табылады.
4.
эндокринді (аргирофильді) жасушаларасқазанның меншікті бездері 
эпителиальді жасушаларының арасында жеке эндокринді жасушалар да 
орналасады, олар АПУД
-
жүйеге жатады.
5.
азмаманданған эпителиоциттер

олар регенерацияға қатысады.
Пилорикалық бездер асқазанның 12
-
елі ішекке кіреберісінде орналасады. 
Пилорикалық 
бездер 
меншікті 
бездерден 
бірқатар 
белгілерімен 
ерекшеленеді: сирек орналасады, тармақталған, қуысы кең, көптеген 
пилорикалық бездерде париетальді жасушалар болмайды. Пилорикалық 
бездердің соңғы бөлімдері меншікті бездердің шырышты жасушаларына 
ұқсайтын жасушалардан тұрады. Олардың ядролары жалпақ болып келеді. 


Цитоплазмасын арнайы бояу әдісімен бояғанда шырышты көріге болады. 
Пилорикалық бездердің жасушалары дипептидазаға бай.
Кардиальді бездер қарапайым түтікшелі, соңғы бөлімдері қатты тармақталған 
болып келеді. Шығару өзектері (мойыны) қысқа, призма тәрізді 
жасушалармен астарланған. Жасушаның ядросы жалпақ, жасушаның 
табанына жақын орналасады. Цитоплазмасы ашық. Муцикарминмен арнайы 
бояғанда онда шырышты көруге болады. Дипептидазаға бай. Кейде 
кардиальді бездерде аз мөлшерде негізгі және париетальді жасушалар 
кездеседі.
Васкуляризация. Асқазанның қабырғасын тамақтандыратын артериялар 
серозды және бұлшықет мембраналарынан өтіп, оларға тиісті бұтақтар 
береді, содан кейін күшті шырышасты өрімге өтеді. Бұл өрімнің бұтақтары 
шырышты қабықтың өз пластинасына еніп, сол жерде екінші өрім түзеді. 
Кішкентай артериялар осы өрімнен шығып, қан капиллярларына, бездерге 
еніп, асқазан эпителийінің тамақтануын қамтамасыз етеді. Шырышты 
қабатта
орналасқан қан капиллярларынан қан ұсақ тамырларға жиналады. 
Эпителийдің астында жұлдыз тәрізді формадағы салыстырмалы түрде үлкен 
посткапиллярлы тамырлар өтеді. Асқазан эпителийінің зақымдануы, әдетте, 
осы тамырлардың жыртылуымен және айтарлықтай қан кетумен бірге 
жүреді. 
Иннервация. Асқазанда эфферентті иннервацияның екі көзі бар: 
парасимпатикалық және симпатикалық. Асқазанның қабырғасында үш жүйке 
өрімдер бар: бұлшықет аралық, шырысасты және субсерозды. Ең күшті 
бұлшықет аралық өрімнің ганглиясы негізінен I типті жасушалардан және II 
типті жасушалардың аз санынан тұрады. II типтегі жасушалардың ең көп 
саны асқазанның пилорикалық
аймағында байқалады. Шырышасты өрім 
нашар дамыған. Вагус нервінің қозуы асқазанның жиырылуын жеделдетуге 
және асқазан сөлінің бездерімен секрецияның жоғарылауына әкеледі. 
Симпатикалық нервтердің қозуы, керісінше, асқазанның жиырылу 
белсенділігінің баяулауына және асқазан секрециясының әлсіреуіне әкеледі.
36. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет