Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет83/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
78 
оқу тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда 
мұғалім жұмысы мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы керек: 
-
әдістемелік-пәндік Web–сайттар ашу, компьютерлік желілерді пайдалану; 
-
қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып ӛздігінен қосымша білім алу. 
Қашықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білім жетілдірудің бұрынғы 
дәстүрлі жүйесіне елеулі ӛзгерістер енгізуді талап етеді. Оқу ақпаратын шалғайдағы елді 
мекендерге жеткізуде қашықтан оқыту технологиясын қолданудың ерекше маңызы бар. 
Оқытудың қашықтық формасы оқушыларды даярлауда білім берудің маңызды формасына 
айналып отыр. Қашықтан оқытуды дамытудың қажеттілігі, біріншіден қашықтан оқыту 
студенттер мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады. Қашықтан оқитындардың 
құрамында физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), оларды күтуші 
адамдар, яғни бірыңғай үйде отыратын адамдар, жасы ұлғайған адамдар, денсаулығына 
байланысты күндізгі оқу сабақтарына қатыса алмайтын адамдар, алыс аудандарда тұратын 
адамдар оқи алады. 
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар 
рӛлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол оқу жоспарын 
дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің 
барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, ӛз бетімен бақылау-пысықтау 
жұмыстарын орындау жӛнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан 
оқыту жүйесінің әдістерінде кӛрсетілгеніндей, кӛңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас 
бой кӛрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың 
жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп
олармен іс жүргізу ісін орындау шарт. 
Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, 
программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Ӛйткені 
оқушының білімін, үлгерімін кӛтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін кӛтеруіміз керек. 
Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін кӛтереді, оқушының ӛз бетімен білім алуын 
қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген кӛзқарасын ӛзгертеді. 
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін кӛтерудегі артықшылықтары: 
экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді; 
коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану болып 
табылады, оған деген сұраныс күннен-күнге ӛсуде; 
педагогикалық, оқыту мативациялық, интерактивті, технологиялы және 
индивидуалды болып келеді; 
эргономикалық, қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға ӛзіне 
ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар; 
коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, 
тыңдаушылардың мамандықтар саны кӛбеюде. 
Мұғалім оқушының ішкі жан – дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық 
ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман 
талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты 
ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім 
оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен 
оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: 
оқушыларды тыңдау, олардың кӛзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, 
ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер 
қалыптасуы керек: балаларды оқытуды ӛзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын 
жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған 
бағытталған. Қашықтан оқытуды екі негізгі бӛлікке бӛлуге болады: техникалық және 
дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет