Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет53/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

қатерлі ісікке
 шалдыққандар саны әлемде жыл санап артып барады 
(Ана тілі, 
05.11.2009). 
Республикалық қан орталығында бастау алған іс-шараның басты 
мақсаты – қанның 
қатерлі ісігіне
 шалдыққан балаларға көмек қолын созу болып 
отыр
(Алматы ақшамы, 23.05.2014). 
Сақтандыру шаралары мен ерте 
диагностика 
қатерлі ісік
пен жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға 
көмектесіп қана қоймай, республикалық бюджеттен жұмсалатын шығынды да 
қысқартуға көмектеседі
(Жас Алаш, 31.05.2014). 
Дегенмен қазіргі медициналық еңбектер мен қазақ баспасөзінде «рак» 
ауруы атауын 
обыр
деп қолдану жиі байқалып жүр. Өйткені 
обыр
сөзі қазақ 
тілінде «көзі тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір» деген мағынаны білдіреді. 
Осыған байланысты бұл жаңа қолданысқа уәж болған аурудың адам ағзасын 
түгел зақымдап, қомағайша жеп, іске жарамсыз қалдыруы.
Мысалы: 
Менi осы жайттар және қазiр 
обыр
ауруына шалдыққан 
Мақсат Досмағамбетовтiң жағдайы қатты алаңдатады
(«Жас Алаш», 
03.02.2015). 
Бұған дейін ғалымдар бала емізудің омырау 
обырына
шалдығу 
қаупін төмендететінін дәлелдеген болатын
(Алматы ақшамы, 18.11.2015). 
Баспасөз бетінде медицинаға қатысты «диабет» ауруы атауының қазақша 
баламасы ретінде қалыптасқан жаңа атаудың бірі с
усамыр
сөзі.


96 
Мысалы: 
Әсіресе, 
сусамыр
ауруының алдын алатын шырындар, қызыл 
бұрыштан алынатын пайдалы май, ұнның сапалы түрі туралы құнды 
жаңалықтар енді аз уақытта жүзеге асатын болады
(Алматы ақшамы, 
18.02.2015). 
Зерттеушілер D дәруменінің жетіспеуі инсулинге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет