Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет101/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Болашақ 
мұғалімдерінің 
көшбасшылық 
сапасын 
қалыптастыру
Көшбасшылық қасиет тұлғаның сапасы тұрғысынан ұжымдық 
мойындауды міндетті түрде қажет ететін спецификалық 
ерекшелікке ие. Көшбасшының қызметі белгілі бір идеалдар мен 
құндылықтардың жүйесіне ие, көзқарас тұрғысынан пәрменді 
болады. Мұнда: бұл не үшін жүзеге асатын әрекет екенін, ол 
әрекеттің мүмкін болатын негативті нәтижелерін сезу керектігін 
барлығына түсіну аса маңызды. Педагогикалық тұрғыдан болашақ 
мұғалімдердің тұлғасына арнайы білік пен білімнің көмегімен 
адамдар үстінен негативті айла-шарғы жасауға адамгершілікті 
тыйымды «енгізу» кажет. Технологиялық тұрғыдан көшбасшының 


238 
құндылықты-нормативті 
қызметінің 
деңгейі 
оның 
кәсіби 
үдерісіндегі орнығуы арқылы көрініп, жүзеге асады. 
Көшбасшылық сапаның қалыптасуы, кәсіби қызметтегі 
көшбасшыларды тәрбиелеу мәселелері көп жағдайда бәсекеге 
қабілетті мамандарды даярлау мәселелерімен сәйкес келеді.
Жоғарғы мектеп түлегінің кәсіби көшбасшылық сапасының 
даму кезінде болашақ маман тұлғасының кәсіби және рухани-
адамгершілікті позициясының қалыптасу динамикасын есепке ала 
отыру қажет, ол алдыңғы тәжірибенің, мүмкіндіктерінің, алда 
туындаған қажеттіліктері мен талпыныстарының негізінде 
жасалған. 
Болашақ мұғалімдерді қалыптастырушы әсерді позитивті 
қабылдаса, егер ол көшбасшылықтағы рухани-адамгершілікті 
аспектісін маңызды деп сезінсе, оған қызығушылық білдірсе, 
оңтайлы әсер байқалады. 
Жоғары мектепте болашақ мұғалімдердің көшбасшылық 
сапасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін саналы-психоло-
гиялық климаттың маңызды көрсеткіштеріне нақты іскерлік 
ынтымақтастық және ұйымшылдық, оқу жұмысындағы келісім-
ділік, тілектестік, оқытушы мен білім алушы арасындағы өнегелілік
және т.б. жатады. 
Көшбасшылық сапаның даму үдерісінің нәтижелілігі кәсіби 
ниетке, білім алушының құндылықтары жүйесіне, оның бастапқы 
тұлғалық позициясына да байланысты болады. 
Болашақ мұғалімдерінің көшбасшылық сапаларын дамытуда 
психологиялық-педагогикалық оқу пәндерінің мазмұны арқылы 
кәсіби 
инновациялық 
көзқарастың 
қалыптасуы; 
болашақ 
мұғалімдердің бойында қоршаған адамдарға позитивті әсер ете 
алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік, рухани-адамгершілікті 
сапалардың қалыптасуын қамтамасыздандыратын теориялық және 
тәжірибелік тапсырмалардың жасалуы; кәсіби қабілеттілік пен 
бейімділікті, жеке даралық ерекшелікті есепке ала отырып, өзіне-өзі 
баламалы баға берушілігі негізінде, өз білімін жетілдіру мен өзін-
өзі тәрбиелеуші бағдарламасын жасау, кәсіби бағытталған 
психологиялық-педагогикалық білім беру маңызды рөл атқарады. 
Болашақ мұғалімдердің көшбасшылық сапасының қалып-
тасуында тиімді жолдары: Болашақ мұғалімге тәрбие беру үдерісіне 
бірінші курстан бастап рухани, адамгершілік, кәсіби құндылық-
тарды, кәсіби көшбасшының тұлғасына тән тәртіптің дағдыларын 
енгізу; ЖОО қызығушылық атмосферасын орнату, таңдаған 


239 
мамандығында өзін көрсетуде жоғары жауапкершілікті білдіруге 
дайын тұру, еңбек ұжымының қызығушылықтарын іске асыру; 
психологиялық-педагогикалық пәндерді жоғары дәрежеде оқыту, 
рухани-адамгершілік дамуға бағыттау, оқыту материалын жаңа 
инновациялық тұрғыдан қарастыру; Жоғары оқу орнының барлық 
ұжымының оқу-тәрбиелік жұмысында педагогикалық ынтымақтас-
тықты қамтамасыз ету болып табылады. 
«Біздің қоғамдағы көптеген топтар көбінесе оң көшбасшы-
лардан гөрі кері көшбасшыларды қалайды. Яғни, олар құрдымға 
апаратын адамдарды таңдайды. Кез-келген өсуге, дамуға бағыттал-
ған қоғам көшбасшылыққа шынайы қасиеттері мен қабілеттері 
сәйкес келетін адамдарды таңдауға қабілетті болуы керек» 
(А.Маслоу). 
Сондықтан көшбасшыларды тауып, анықтай алу қоғамның 
дамуы үшін өте маңызды болып табылады.
Көшбасшылықты және көшбасшылық сапаны анықтайтын 
әдістер көп. 
Көшбасшыны анықтайтын көпке танымал әдіс - социометрия 
әдісі. Бұл әдістің негізін 1934 жылы белгілі американдық психиатр 
және әлеуметтік психолог Дж.Л.Морено қалаған. 
Социометрия әдісі адамның өз тобында алатын тұлғааралық 
қатынастар жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл 
әдісті 10 адамнан кем емес және бір жылдан көп уақыт өмір сүріп 
келе жатқан топқа жүргізу қажет. Болашақ мұғалімдерге екі сұрақ 
қойылады. Бұл сұрақтар белгілі бір іске байланысты. Болашақ 
мұғалімдер оны орындау үшін өздеріне жақын адамдардың аттарын 
тізбектеп жазады. Нәтижелері арнайы матрицаларға ендіріледі. 
Ондағы таңдалғандардың, ал аз таңдалғандарды нысананың шетіне 
орналастырады. Осылайша, болашақ мұғалімдердің социометрия-
лық статусы анықталады. Нысана ортасындағылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет