232
ды түсіну және басқа адамдардың күш жігерін сол мақсаттарға
жетуге бағыттау.
Балаларды
оқытуда беделді, байсалды болу керектігін айтып,
сондай-ақ ол ұлттың бастаушысы, қоғамда қабылданған сыпайы
мәнерлерді, жоғары адамгершілік қағидаттарын меңгеруші тұлға
деген ойды нақтылайды (Авиценна).
Әлеуметтік басқару қызметі тұрғысынан тәрбиелеу мен
оқытудың ерекшелігі мұғалімнің қос еңбек құралы секілді.
Бір жағынан,
оның
басты мазмұны
адамдармен қарым-
қатынас құрай алуы
: егер басшы өзі басқаратын адамдармен
қарым-қатынасты дұрыс түзе алмаса, ендеше ол өз қызметіндегі
басты міндетті орындай алмайды деген сөз.
Екінші жағынан,
бұл типті мамандықтар үнемі адамнан белгілі
бір арнадағы
арнайы білікті, білімді және дағдыны талап етеді
(оның кімді немесе нені басқаруына қарай).
Педагог, әрбір
басқарушы сияқты топтың
даму барысын, өзі
басқаратын оқушылардың қызметін түсініп, білу керек.
Педагогикалық мамандық арнаулы және адамтанушы қос
дайындықты талап етеді.
Мұғалімді надандық пен дөрекілікке қарсы аттанған, бар
жігерімен қол бастаған қолбасшыға теңестіреді (
Я.А.Коменский
)
.
В.Л.Леви өзінің рөлдік теориясында мұғалімнің мамандығы
туралы былай дейді: «Мұғалімнің рөлі нақтылы, айқын, бірмәнді.
Дегенмен қараңыздаршы, бұл өзінде қаншама жасырын, басқаларға
ұқсастығы мен ұмтылысы бар бұлыңғыр рөлдерді қамтиды» дей
келе, мұғалімнің рөлін анықтайды: мұғалім -
серік, жолдас, сүйікті
адам, пір, шешен, жан сырын тыңдаушы, әңгімеші, әртіс,
бақылаушы, ғалым, зерттеуші, психотерапевт, сыншы, сот,
ақпаратшы,
консультант,
нұсқаушы,
тәрбиеші,
кеңесші,
ұйымдастырушы, басқарушы, сарапшы, қамқоршы, тәлімгер,
ағартушы, көшбасшы
.
Мұғалім тұлғасының сипаты немесе мұғалім тұлғасына қажетті
құзыреттіліктер көшбасшының сапаларымен сабақтасып жатыр.
Көшбасшы мұғалімнің тұлғалық сапа
ұғымына
бірқатар
анықтама берілген. Олар кесте 5-те түсіндіріледі.
Шетелдік еңбектерде қарастыру барысында көшбасшылардың
жаңа функционалдық жіктелу түрлері төменде көрсетілген:
Транзакциялық
көшбасшылар бағынушылардың тұлғалық
мүдделеріне қолдау көрсетіп отыруы шарт. Егер бағынушы
қызметтерін орындаса марапатталады және алғыс білдіріледі.
233
Кесте 5 - Ғалымдардың тұлғалық сапа ұғымына берген
анықтамалары
Достарыңызбен бөлісу: