Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет111/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«Сенімді құрау» жаттығуы 
Мақсаты: Педагогтарды бір-біріне жақындастыру өзара 
сеніміді қарым-қатынас орнату. 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрады. Оларға бір қатысушы 
шығып, көзін жұмады да арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі 
кезекпен орындайды.
Жаттығудың талқылау сұрақтары: 
Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз 
құлау ма? Қандай сезімде болдыңыз?
Шынайы өмірге осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан 
өткердіңіз? 
Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін 
немесе не кедергі болғаны туралы оңай бөліседі. 
Тренингті қорытындылау: 
Тренингтен алған әсерлерін бөлісу. 
Рефлексия: «Ашығын айтсам» 
1. Бүгінгі тренинг сізге ұнады ма? 
2. Тренингтен қандай әсер алдыздар? 
3. Тренингтен кейінгі көңіл-күйлеріңіз қандай?
Психолог: Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады. 
Осы шеңбер бойында тұрып, жүрекшені үлестіру арқылы бір-біріне 
тілек айту. Жылы сөз адамдарды достастырады, ашуын қайтаруға 
септігін тигізеді. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» 
деп бекер айтпаса керек. Сондықтан да, қолымыздан келгенше бір- 
бірімізге жақсы сөздер айтайық. Адам өмірде екі нәрсемен 
қартаймайды екен, біріншісі, қайырымды ісі үшін, ал екіншісі, 
жүректен шыққан сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды, 
мейірімді болайық әріптестер.
 
«Ақ орындық пен қара орындық» ойыны 
Мақсаты: Қатысушылардың өз бойындағы жағымсыз мінез-
құлықтарын біліп, түсініп, оны түзеуіне және жақсы қасиеттерін 
дамытуына бағытталады.


263 
Барысы: ортада екі орындық: ақ және қара. Бір студент шығып, 
әуелі ақ орындыққа отырады. Сол кезде кішкене үлестірмелерге 
басқа қатысушылар ол кісінің жақсы қасиеттерін (мінезіндегі 
ерекшекліктерін) жазады. Ал қара орындыққа отырғанда керісінше, 
жағымсыз мінез-құлықтарын жазады.
Кейін топ болып, талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет