45-63.
Жүйкеңіздің жұқаруы – сіз үшін қатер. Қан қысымыңыз
бен қандағы холестериніңізді тексертіңіз. Өмір сүруіңізді
өзгертіңіз.
22-44
. Өмірге бір қалыпта қарап, ішкі ширығуыңызды азайтып,
үйреніңіз.
19 ұпайға дейін.
Сіздің бірқалыпты және салмақты күйді
сақтау қолыңыздан келеді.
0-ұпай.
Егер сіз шын және ашық түрде жауап берген болсаңыз,
сізге төнген қатер – бұл шектен тыс салмақтылығыңыз бен іш
пыстыру.
«Темір жол кассасы»
жаттығуы
Вокзалда тұрамын деп өзіңізді көз алдыңызға елестетіңіз.
15 минутан кейін сіз отыру керек поезд жүреді. Кассада бір билет
қалған, бірақ кассир өзінше ұстап отыр. Сізге кассир билетті сату
үшін оны сендіруіңіз керек.
Кассир таңдалады. Қатыстырушылар сыртқа шығады, кезекке
тұрады. Содан соң бөлмеге біртіндеп кіреді, кассирге жақындап,
билетті сатып алу үшін дәлелдер келтіреді. Әр ойыншыға 3
минуттан беріледі.
Талқылау: Кассирден билетті кімге сататынын, яғни кері
байланысты сұраймыз. Неге? Кімге сатпас едің? Неге? Кассирдің
қабылдауға болатын, жарамды варианттарды хабарлауына болады.
Кері байланыс. Барлық білім алушылар шеңбер құрып отырады.
Біздің тренингіміз аяғына жетейін деді. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-
жаққа тарап кетер алдында, шабаданыңызды жинаймыз. Біз бірге
жұмыс істедік, сондықтан да әрқайсысымыздан да жол сөмкемізді
265
бірге жинақтаймыз. Жол сөмкемдегі заттар ерекше болмақ. Біз
қарым-қатынас мәселесімен шұғылданғандықтан, оған біз
әрқайсымызға қарым-қатынас жасауға не көмектесті және не
кедергі жасады соларды «саламыз». Шабаданды біз иесі жоқ кезде
жинақтаймыз, ал, жинақтап болғаннан кейін, оны шақырып
шабаданды береміз. Ол шабаданды ешқандай сұрақ қоймай алып
кетуі тиіс.
Шабаданды жинау барысында біз бірқатар ережелерді
сақтауымыз керек:
1.
Шабаданға салынатын, көмектесетін және кедергі жасайтын
қасиеттердің саны бірдей болуы керек.
2.
Әрбір қасиет шабаданға топтың келісімімен салынады.
Егерде біреуіміз келіспейтін болсақ, топ өзінің шешімінің дұрыс
екендігіне ол адамды көндіруге тысыруына болады. Ал, егер
көндіре алмаса қасиет шабаданға салынбайды.
3.
Шабаданға топтың жұмысы барысында көрініс алған
қасиеттерді ғана салуға болады.
4.
Шабаданға коррекциялауға жарайтын қасетті ғана салуға
болады.
Шабаданға салынған қасиеттер талқыланады. Шабаданды
жинау кезіндегі ойлаумен бастайық және оны төмендегідей
жасаймыз: көзімізді жұмамыз. (топтың барлық мүшелері көздерін
жұмғанша күтіп тұрамыз) және ойымызда шеңбер бойымен жүріп,
топтың бір мүшесінің алдында тоқтап оның бойында қандай жақсы
қасиеттер бар екенін, қай жағынан мықты екенін ойлайық. Мен де
қатысамын, бұл негізінен барлығы топ тапсырманы орындап үлгеру
үшін және ойымен әрбірінің қасына баруына қанша уақыт
керектігін анықтауға көмектеседі.
Көзімізді ашамыз. Енді сіздердің біріңіз өзі таңдаған топ
мүшесіне доп лақтырады да, ол адамның бойында қандай жақсы
қасиеттер бар немесе қай жағынан мықты деп ойлайтынын айтады.
Допты тосып алған адам өз кезегінде келесі адамға допты лақтырып
оның бойындағы жақсы қасиеттер мен мықты жағын айтады және
ары қарай т.с.с. доп әрқайсысымыздың қолымызға тигенге дейін.
Әркім өзінің мықты жағын білуі тиіс.
Тапсырма аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы допты топтың өз
қалаған адамына бергісі келген бірақта, ол адамға басқалар назар
аударғаннан кейін бере алмаған адамына бергісі келгендер бар ма
екен оларға мүмкіндік берілетінін айтады. Ондай адамдар қатары
бірнеше болуы мүмкін.
266
Талқылау барысында: Сіз енді өзіңізді қалай сезінесіз? Сіз
басқа біреудің жеке қасиетін айтқандай және сіздің жеке
қасиеттеріңізді айтқанда қандай күйде болдыңыз?
Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Достарыңызбен бөлісу: |