Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Менің есімім және өмірлік ұстанымым» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет114/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«Менің есімім және өмірлік ұстанымым» жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар кезекпен өздерінің атын және өмірлік 
ұстанымдарын айтады. 
Өмір туралы әңгіме – сұхбат жүргізу. 
Өмір деген тұрмайды қап-қарадан. 
Өмір деген тұрады ақ-қарадан, 
Арымен өз бақытын тапқан адам! Ш.Сариев. 
Білім алушылар «Өмір деген не? Өмірдің мәні неде?» деген
сұрақтар қоя отырып, білім алушылардың ойларын қорытындылау. 
Өмір адамға несімен қымбат? 
Адам баласы не үшін өмір сүреді? 
Сіздің өмірдегі мақсатыңыз қандай? 
Сіз өмірді сүйесіз бе? 
- осы сұрақтарға берер жауаптарыңыз қандай болмақ сөз кезегі 
сіздерде.
Өмір – адамға берілген үлкен сый. Адам деген атқа лайық өмір 
сүру әркімнің өз қолында. Өмірдің мақаты – өзіңді өзің танып-
білуде. Одай тұжырымдар өмірдің мәні әрі жеке адам үшін, 
қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде
6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір 
бар. Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде. Өмір туралы Агнем 
Гонджа Бояджиудың өсиет сөздеріне сүйене отырып, ойдың 
мағынасын ашу. 
- Ең бастысы жүрегің таза болсын! 
- Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл! 
- Өмір – сұлулық, сүйсіне біл! 
- Өмір – арман, жүзеге асыр! 
- Өмір – парыз, орындай біл!
- Өмір – ойын, ойнай біл! 
- Өмір – байлық, бағалай біл! 
- Өмір – құпия, сырын аш! 
- Өмір – қайғы, көтере біл! 
- Өмір – күрес, жеңе біл! 
- Өмір – бақыт, баянды ете біл! 


267 
Бейнеролик көрсету. «Өмір туралы». Бейнероликтің көріп 
болғаннан кейін сұрақтар қойып, қандай ой түйгендерін сұрап, 
қорытындылау керек.
Топтық тапсырма:
Нұсқау: таңдап алған парақшалардағы тапсырмаларды оқи 
отырып, топ болып, қорғап шығу.
1-топ «Өмір- бұл...» фразасын анықтау. (қолдарға)
2-топ 
«Өмірдің мәні неде?» сұрағынан жауап жазу. 
(жапырақшалаға). 
3-топ 
күнделікті өмірге қажет кеңестерді талқылап
толықтырып, білім алушыларға таныстыру.
Қатысушылармен бірлесе отырып, қорытынды пікір шығару.
«Мен өмірді сүйемін»
Нұсқау: барлық қатысушы орындарынан тұрып, омыртқаны 
тік ұстап екі иықты түзулеп, үлкен қуанышты үнмен: «Мен өмірді 
сүйемін!», - деген сөзді айтып, тақтадағы параққа қолтаңбаларын 
қалдырады. 
Ән айту. «Өміріңе немқұрайлы қарама». 
Кері байланыс. Білім алушылардан психологиялық тренингтен 
алған әсерін сұрау. Білім алушылар шеңбер құрып отырады да 
тренингтің өткізіліуіне байланысты өз ойларын білдіреді. 
- Алған әсерім. 
- Жаңадан білгенім. 
Қорытындылау. Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте 
мәнді, мазмұнды өтуі үшін, қамшының ғана сабындай қысқа өмірде 
адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! Осылай 
өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңізді бағалап
мәнді өткізе біліңіздер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет