31
стандартқа сай болуын алса, енді біреулер қарым-қабілетін
дамытуды алады, ал кейбіреулері білім алушылардың өмірге
дайындығын
басты
назарда
ұстайды.
Шығармашылық
критерийлер
– мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан
гөрі өз жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына
алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Мұғалімнің АКМЕ жағдайына жетудегі тағы бір басқыш –
оның кәсіби қызығушылық деңгейі. Құзырлықты білім, білік,
дағдысының өзара байланысын қарастыра отырып, төмендегідей
формула
ұсынады
(М.М.Чошанов):
білімді
қолданудың
жылдамдығы, әдістердің орамдылығы, ойлаудағы сын көзқарас.
Қазіргі уақытта 2 типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады.
1.Жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын, еңбекке
деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар АКМЕ жағдайға
жақын тұрғандар. 2. Оқыту мен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс
көзқарасы қалыптасқан, білім алушылар мен олардың ата-
аналарына әсер ете алмайтын, психологиялық білімі төмен, өзін-өзі
дамытуға қызығушылығы төмендер.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман деп, мамандығы бойынша
өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен
даралығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік
бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқатпен өзінің іс-қимылын
жүйелілікпен атқаруға қабілетті оқытудың жаңа технологияларын
меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба,
таңдай сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді
шығармашылықпен қолдана білетін маман. Дегенмен, іздемпаз
өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық
сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырына алуына толығымен
мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: