Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет20/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

дағды 
деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір 
кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы 
қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалар сандық 
көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан 
мынадай түрлері бар: 
Қимыл дағдысы; Ойлау дағдысы; Сезім 
дағдысы. 
Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі. 
Кез-келген адам ерікті-еріксіз болсын, өзін-өзі жетілдірумен 
айналысады. Бойындағы жаман әдеттерден арылу, жақсы әдеттерді 
қалыптастыру, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге ұмтылу, 
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға күш 
салу-осылардың бәрі де өзін-өзі жетілдірудің элементтері. Өзін-өзі 
жетілдіру үдерісі өмір бойы және үздіксіз жүретін, ең бастысы 
саналы әрекет болуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге 
болады. 
Өзін-өзі жетілдіру жолы ұзақ және көп тер төгуді қажет етеді. 
Содан болар, жұрттың көбі оның қиындығынан қорқып, қажет 
екендігін, маңыздылығын сезіне тұра, өзін-өзі жетілдіру 
айналысудан қашқақтайды. Осыған орай, өзін-өзі жетілдіріп, ойына 
алған мақсаттарының әрдайым биіктерінен көріне білетін жандар 
өмірде сирек кезедеседі. 
Егер Сізді күнделікті бірсарынды жалықтырарлық тірлік, 
ұдайы үрей мен қорқынышта болу, тапшылық пен қадам басқан 
сайын кездесетін қиындықтар жалықтырса, өміріңізді өзгертіп, 
жаныңыз қалаған іспен айналысуға, қаржылық тәуелсіздікке қол 
жеткізіп, молшылықта, уайымсыз жаймашуақ тірлік кешкіңіз келсе, 
онда сол мақсатыңызға жетуге мүмкіндік берер – өзін-өзі 
жетілдірумен айналысыңыз. 


47 
Ол үшін Сіздің бойыңызда бірсарынды сұрғыл тірліктен жеріну 
ғана емес, сондай-ақ, өміріңізді жақсы бағытқа қарай өзгертуге 
деген үлкен құлшыныс сезімі де болуы шарт. Ынта-құлшыныссыз 
Сіздің ойыңызға алған мақсатыңызды жүзеге асыруға қажетті ерік-
жігер күші болмайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіру өмір бойы 
созылатын ұзақ және көп тер төгуді қажет ететін ауыр құбылыс. 
Өзін-өзі жетілдірудің түрлері. 
Өзін-өзі жетілдіру сан қырлы өте күрделі құбылыс. Сондықтан 
да, егер Сіз осы жолға тәуекел етіп түскіңіз келсе, онда сол 
бағыттардың бәрін болмаса да, негізгі деген біразын кешенді түрде 
қамтуыңыз қажет. 
Өзін-өзі жетілдірудің 
бір бағыты 
– адамгершілік жағынан 
жетілу. Адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, 
сабырлылық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттердің бәрі оны 
айналасынадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуына жағдай 
жасап қана қоймай, өмірде жолын ашып, жұмыста, бизнесте, 
немесе саясатта болсын, биіктерге көтерілуіне игі ықпалын тигізеді. 
Ізгі қасиеттерді бойыңызға жинап, жаман әдеттерден арылу - өзін-
өзі жетілдірудің басты шарттарының бір екеніні естен 
шығармағаныңыз жөн. 
Екінші бағдар
- ақыл-ойды жетілдіру. Адам бала кезінде әр 
нәрсені білуге өте құштар болады және өмір бойы алатын 
ақпараттарының 90 пайызын 17 жасқа дейін игереді екен. 25 жастан 
кейін адамның танымға деген ынта-ықыласы азайып, ілім-білім 
үйренуге деген құлшынысы кемиді. Егер өзін-өзі жетілдіру 
бағытында ілгері жылжимын десеңіз, ақыл-ойыңызды дамытуға, 
яғни оқып-үйренуге үнемі көңіл бөлуіңіз шарт. 
Үшінші бағдар
– тәнді жетілдіру. 35 жастан кейін адам 
ағзаларының дамуы тоқталып, ескіріп-тозу, яғни қартаю үдерісі 
басталады. Әрдайым сергек, күшті сезініп, ауру-сырқаудан аулақ 
болғыңыз келсе, жұмысты барлық уақытта құлшына істеймін 
десеңіз, тәніңізді жетілдіруге, яғни салауатты өмір салтын ұстанып, 
дене жаттығуларымен шұғылдануға жеткілікті көңіл бөлуіңіз керек. 
Тағы бір бағдар
– бұл кәсіби біліктілікті жетілдіру. Қай салада, 
қандай іспен айналыспаңыз, табысқа жетудің кілті – кәсіби білік- 
тілікті үнемі көтеруге көңіл бөлу болмақ. Сондықтан кәсіби білікті-
лігіңізді жетілдіруге уақытыңыз бен ақшаңызды, күш-қуатыңызды 
ешқашан аямаңыз. 
Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру бағдарлары - акмеологияның 
негізін қалыптастырады (Сурет 5) 


48 
Сурет 5 - Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру - акмеологияның негізі 
Осы бағыттар бойынша өзіңізді дамытуға үзбей көңіл бөлетін 
болсаңыз, арман-мақсаттарыңызға жетуге жол ашылады. 
Педагог әрдайым даму үстінде, сондықтан, өзінің еңбек 
жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе 
мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-
әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет