Ғылыми-зерттеу жұмыстарында акмеологиялық тұғырды
қолдану
Еліміздің жалпы әлемдік қарым-қатынас жүйесіне кіруі
мемлекетіміздің барлық салалары бойынша білім беру жүйесіне
халықаралық стандартқа сай болу талаптарын қоюда. Бұл
34
талаптарды жүзеге асыруда әрдайым өзгеріп отыратын жағдайларға
бейім, білім беру үдерісін қолданбалы бағдарламалармен
қамтамасыз ете алатын, заманауи технологияларды оқыту үдерісіне
енгізуде шығармашыл әлеуеті жоғары, кәсіби құзыреттілігі
қалыптасқан мамандар қажет етілуде. Қоғамдағы ғылымның
жетекші бағыттарын ескере отырып, жоғары оқу орны
студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекетінде кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесін шешуге акмеологиялық тұғырмен қарауды
талап етеді. Ғылыми зерттеудің әдіснамасында көтеріліп отырған
мәселенің теориялық негізін, сипатын, логикалық тұрғыда әдістері
мен құралдарының таңдалуын анықтайтын білімдер жүйесі.
Бірқатар ғылыми еңбектерде тұлғаға бағдарлы, акмеологиялық,
технологиялық, жүйелілік, іс-әрекеттік және т.б. тұғырлардың
қолданыста екендігі байқалады. «Тұғыр» терминін әдіснамалық
категория ретінде анықтау бірқатар ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған. Ғалым Ш.Т. Таубаева
тұғыр – қойылған зерттеу
міндеттерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен
стратегиясын ашады деп, педагогикадағы әдіснамалық тұғырларды
жіктеп, оларға жеке сипаттама берген. Тұғырды білім беру
үдерісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал
(Д.Ф. Ильясов).
Орысша-қазақша сөздікте «тұғыр» - бұл «бір нәрсені зерттеу-
дегі тәсілдер мен әдістер, оқыту немесе тәрбие стратегиясын
анықтайтын ұстанымдар жиынтығы ретінде анықтама берілген.
Әрбір тұғыр оқыту үдерісінде пайда болатын нақты қарама-
қайшылықтарды реттейді, ал олардың өзара іс-әрекеті, оның негізгі
қарама-қайшылықтарын шешеді (В.А.Сластенин және т.б.
ғалымдар).
«Тұғыр» категориясы Е.Ю. Никитина, О.Ю. Афанасьева және
т.б. ғылыми әдебиеттерінде: а) қоғамдық сананы таратушылар
ретінде оқыту субъектілерінің әлеуметтік бағдарларын көрсететін
дүниетанымдық категория; ә) педагогикалық өзара іс-әрекеттің
барлық субъектілерін және оның компоненттерін қамтитын, білім
беру үдерісін жаһандық жүйелі және өзіндік ұйымдастыру құралы;
б) зерттеу нысаны қарастырылатын көзқарас ретіндегі зерттеудің
ұстанымдық әдіснамалық бағыты; в) теориялық және практикалық
іс-әрекетке сәйкес, аталған іс-әрекеттің жалпы мақсаты мен
стратегиясын анықтайтын ұстанымдардың жиынтығы немесе
жүйесі; г) студенттермен өзара іс-әрекетте педагогтың әлеуетін
анықтайтын, құндылық базалық бағдары тұрғысынан анықталған.
35
Тұғыр - акмеологиялық мәселелерді шешуде қолданатын
әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген көзқарасты басшылыққа
аламыз. Қазіргі кезде ғылымда әдіснамалық тұғырлардың
жеткілікті кең ауқымы топтастырылған.
Е.Ю. Никитина, О.Ю. Афанасьеваның «
Жоғары оқу орны
студенттеріне коммуникативтік білім беруді педагогикалық
басқару: алдыңғы қатарлы тұғырлар
» атты еңбегінде, жалпы
ғылыми деңгейдегі он бір тұғыр және нақты-ғылыми деңгейдегі
сегіз тұғыр қарастырған. Ш.Т. Таубаева мегаәдіснамалық,
макроәдіснамалық, микроәдіснамалық жалпы ғылыми деңгейдегі,
нақты ғылыми деңгейде төрт тұғырды бөліп көрсетеді.
Ғылымның заманауи әдіснамасы үшін «жаңа» тұғырларды
теріске шығару емес, олардың негізгі ұстанымдары мен
ережелеріне, заманауи қоғамдық және білім беру жағдайының
динамикасын ескере отырып сүйену тән. «Дәстүрлі» тұғырларды
қолдану және «жаңа» тұғырларды теріске шығару заманауи
ғылыми зерттеулерді біріктіреді.
Дәстүрлі түрде жүйелілік, іс-әрекеттік, тұлғаға бағдарлы
тұғырлар қолданылады, мұнда зерттеушілер тұғырларды негіздеуде
әдіснамалық деңгейлерін әрдайым анықтауға мүмкіндік береді;
басқа тұғырларды қолданудың тенденциялары көріне бастайды:
акмеологиялық, құзыреттілік, модульды, феноменологиялық,
интегративті, технологиялық, синергетикалық және т.б.; автор-
лардың бірнеше тұғырларды кіріктіріп қолдануға ұмтылысы
байқалады.
Тұлғаға бағдарлы тұғыр әлемдік деңгейдегі практикада
қолданылып, бірнеше жолдары белгілі болып, тұлғаның рухани
және интеллектуалды сапаларының қалыптасуына бағытталады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізі
- тұлғаға
бағдарлы акмеология.
Акмеологияның басымдылығы
- білім алушының тұлғасын өзін-
өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатына бағыттау және
оны есепке алуды қажет етеді.
Тұлғаға бағдарлану тұғыры
-
студенттің оқу-танымдық іс-
әрекетінде субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке тәжірибесіне
сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға
ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасау, студенттердің оқу-
танымдық іс-әрекетіндегі қызығушылығын, жеке танымын,
қабілеттілігі мен даралығын ашуға, еркін даму құқығын беру, ішкі
әлеуетінің даму мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайды. Студенттің
36
тұлғалық әлеуеті кешенінде, оның кәсіби білімі мен біліктерін, яғни
тұлғаны кәсіби маман, тұтас тұлға ретінде қалыптастырады.
Білім алушылардың дара айырмашылықтарының болуы
қойылған мақсатқа жетудің қажетті алғы шарты болып саналады.
Тұлғаға бағдарлы оқыту бойынша студенттер тең, бірақ
әрқайсысы қайталанбайтын тұлға болып саналады; әрбір студентке
оның дара қызығушылықтары мен қажеттіліктері негізінде еркін
таңдау құқығы беріледі; оқытушы тең дәрежеде әрбір студенттің
даралығына құрметпен қарайды және өз жұмысын осы даралықты
ескеру арқылы құруға ұмтылады, яғни өзінің даралығын көрсетуге
мүмкіндік береді: жеке тәжірибе, өздігімен шешім қабылдау, жеке
таңдау жасайды.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға тұлғаға
бағдарлы тұғырмен келу, тұлға және іс-әрекет теорияларын негізге
алуды қажет етеді. Білім берудегі тұлғаға бағдарлы тұғырдың
негізіне оқыту және тәрбие үдерісі барысында субъект-объектілі
қатынастардан субъект-субъектілі қатынастарға өтудің маңызын
ашады. В.В. Сериков өз үлгісінде оқу үдерісі субъектілерінің
төменде берілген жеке тұлғалық қызметін толық көрсету және
дамыту үшін жағдайлар жасау қажеттілігін ерекше атап көрсетеді:
уәждеу (әрекетті қабылдау және негіздеу), байланыстыру (сыртқы
әсерлер мен ішкі сананың түрткілеріне қатысты), коллизиялық
(өмірдің жасырын қайшылықтарын көру), сыни (сырттан
ұсынылатын құндылықтар мен қағидаларға қатысты), рефлек-
сивтік, мағыналы-шығармашылық, бағдарлы, ішкі дүниенің өзін-өзі
реттеуін және орнықтылығын қамтамасыз ететін қызметтер
шығармашылықпен, жасампаздықпен, өзінің міндеттерін жүзеге
асыру (өзін айналасындағыларға мойындатуға талпыну), өзінің
қабілетіне қарай рухани деңгейін қамтамасыз ету.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға тұлғаға
бағдарлы акмеологиялық тұғырмен келу мынандай тұжырым
жасауға мүмкіндік туғызады: тұлғаның іс-әрекетін нәтижеге
бағытталған білім беру негізінде ұйымдастыру арқылы құзырет-
тілігінің дамуын қамтамасыз ету; іс-әрекеттің санамен өзара
байланысы мен бірлігі; білім беруде тұлғаның қызығушылығы мен
қабілеттері, оның дамуының әрбір кезеңін есепке алу және
бағындыру; тұлғалық маңызды сапаларын қалыптастыру; білім
беру үдерісінде тұлғаға деген құрмет, оған сенім білдіру, студент
пен оқытушының бірлескен әрекетіне қолайлы жағдай құру;
37
заманауи технологияларды қолдану біліктілігін шыңдау арқылы
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Тұлғаға бағдарлы акмеологиялық тұғыр білім беру үдерісінде
тұлғаның субъекті ретінде қалыптасуын оның тиімділігінің басты
өлшемі ретінде бағдарланудан тұрады.
Қазіргі таңда акмеологиялық тұғыр тұлғаны дамытуда және
білім беру саласында білім мазмұнын анықтаушы болып, тәжірибе
жүзінде бағалау әрекеттерін жобалауда басшылыққа алынуда.
Ғылымының ғылымилығы мен тәрбиелік қызметіне Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «
Достарыңызбен бөлісу: |