Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Өз жұмысым туралы не білімін» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет117/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«Өз жұмысым туралы не білімін» жаттығуы 
Мақсаты: маңызды кәсіби сапаларға рефлексия, кәсіби өзіндік 
сана деңгейін жоғарылату. 
Қатысушылар еріксіз формада өзінің жұмысы туралы жазбаша 
әңгіме құрайды. Әңгімеде келесі сұрақтарға жауаптар жазылуы 
керек. 
-
Кәсіби іс-әрекетімнің мақсаттарын толық және нақты білемін 
бе? 
-
Аталған жұмысты таңдаған себебім? 
-
Кәсіби іс-әрекеттің маған ұнайтын жақтары? 
-
Ұнамайтын, жағымсыз жақтары? 
-
Осы жұмыста көңілімді түсіретін жағдайлар? 
-
Өзімнің маңыздылығымды сезінуім үшін қандай жағдайлар 
болуы қажет? 
-
Мен өз жұмысымнан нені күтемін? 
-
Кәсіби іс-әрекетте нәтижелі жетістіктерге жету үшін не істеу 
керек? 
-
Жұмысымның 
басқа 
өмірлік 
мақсаттарымды 
жүзеге 
асырудағы орны? 
-
Менің алдағы мақсаттарым? 
-
10 жылдан соң мен қалайтын мамандық? 
-
Қазіргі уақытта кәсіби іс-әрекетіме жетекші түрткілер? 
Жаттығу соңында қатысушылармен әңгімені құру барысында 
кездескен қиыншылықтар туралы пікір алысады. Қатысушылардың 
қалауымен ортада әңгімелері талқыланады. 
«Ол қандай» тренингі 
Тренингтің мақсаты: топ ішіндегі қарым-қатынас деңгейін 
анықтау. 
Топтағы барлық адам ортаға орындыққа дөңгеленіп отырады. 
Бір адам өз тілегі бойынша бөлменің сыртына шығарылады. Іштегі 
дөңгеленіп отырған топтың мүшелері топтағы бір адамды 
жасырады. Барлық адам сол жасырылған адамның оң және теріс 
қасиеттерін бір-бірлеп айтуға бөліп алады. Жасырылған адам сол 
ортада отыруы қажет және өзі де өзінің бір қасиетін айтады. 
Бірнеше минуттан кейін бөлменің сыртындағы адам шақырылады. 
Ол кіріп: «Ол қандай?» деп айтуы тиіс. Ал, топ мүшелері бір-бірлеп 


271 
ол адамның қасиеттерін айта бастайды. Айтып болған соң, сырттан 
кірген адам ойланып, жауап беруі керек. Тек 3 минут мүмкіндік 
беріледі. Таба алмаса қайтадан бөлменің сыртына шығады. Содан 
соң өз тілектері бойынша топтың басқа да мүшелері бөлменің 
сыртына шыға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет