Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет118/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«Сиқырлы көл» тренингі 
Мақсаты: Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, 
өзін-өзі бағалауға үйрету. 
Құрал-жабдықтар: қорап, айна. 
Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады, 
«Қазір мына қорапты бір-біріне кезекпен жалғастыру керек». 
Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның 
ішінде әлде бір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетіндегі ең 
тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет.
Жаттығу «Досыңа көмектес» 
Мақсаты: Сенімді дағдыны қалыптастыру.
Жүргізуші: Енді, білім алушылар, көздеріңізге елестетіңіз-
дерші. Мысалы, Сіз атақты «Жастар» радиосында жұмыс істейсіз. 
Сізге жас жігіт телефон шалып, өзінің сенімсіздігін айтып, көмек 
сұрады делік, сіз оған не тілер едіңіз?
Сіздер бір бет параққа бір сөз тіркесінен тұратын тілек 
жазасыздар.
Жүргізушіге ұсыныс: Егерде адам басқаларға көп жақсылық 
жасаса, көмек көрсетсе, соншалықты ол өзіне сенімді бола алады 
деген акцентті көп тіркеу керек. 
«Рахмет» жаттығуы 
Мақсаты: Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-
күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал 
бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. 
Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын, қатты соғып 
«Рахмет!» деп айқайлайды.
Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар? 
Рефлекция: Мен бұл тренингтен алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұнамағаны... 
Менің естігім, білгім, жасағым келгені... 


272 
«Айырмашылықты тап» ойыны 
Мақсаты: Бөлшектерге назар аудару дағдысын дамыту. 
Білім алушы кез-келген оңай сурет салады. (мысық, үй және 
т.б.) және оны басқа адамға береді, өзі теріс қарап отырады. Басқа 
адам бірнеше бөлшектерді қосып салады да, суретті қайтарып 
береді. Білім алушы суретте не өзгергенін байқауы керек. Содан 
кейін басқа адам мен білім алушы рөлдерін ауыстыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет