Тұлғаның өзін кәсіби жүзеге асыруы оның табысты өзін-өзі
жетілдіру нәтижесі
Бүгінде білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру актуальды
проблемалардың біріне айналды. Себебі, ол мемлекетіміздің алға
қойған талаптарына байланысты. Сондықтан да, кәсіби білім
берудегі талаптарға сұраныс заман талабына сай өзгеріске
ұшырады. «30 дамыған елдер» қатарына кіру үшін елімізге заман
талабына сай ойланатын, ұшқыр ойлы мамандар қажет. Ал,
болашақ маман тұлғасына негізгі талаптар - шығармашылыққа
бейімділік, кәсіби деңгейін дамытып отыру және шырқау шегіне
жеткізу сияқты талаптар қойылады. Егер де жоғары оқу
орындарында осындай мамандарды дайындап шығарсақ, еліміздің
болашағы жарқын екеніне сеніміміз мол.
Н.Ә. Назарбаев шілдедегі қоғамдық еңбек етудің 10 тезисі
ұсынысында, ол жоғары оқу орындарында «Жеке және әлеуметтік
жетістікке жету, акмеология негізі» атты міндетті оқу курсын оқу
бағдарламасына ендіруге ұсыныс білдірді. Елбасымыз халыққа
жолдауында еліміздің барлық оқу - тәрбиелік үрдісі «ескірген
әдістемелерге негізделген» деп санайды.
Акмеология келесі сұрақтарға жауап береді: адамның өзін
қалай белсендіруге болады? Өмірде жетістікке қалай жетуге
болады? АКМЕ-ге – өз мүмкіндіктерінің шыңына - қалай жетуге
болады? Өмірдің мәні неде? Адамның басты қызметі қандай? Жеке
шындық қайда және өз жолын қалай табуға болады?
Акмеология ғылымы адамның кемелдену кезеңіндегі жетістік-
терін зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге сол жетістіктерге
жетелейтін факторларды зерттейді. Ол адамның рухани,
интеллектуальды және дене мүмкіндіктерін барынша дамытуды
қандай жағдайда жүзеге асыра алатынын анықтайды. Ол зерттеу
адам өмірінің мәнін түсінуге көмек береді.
Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технология-
ларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары оқу орны негізінен
жақсы білім алған, сондай-ақ болашақтағы кәсібін білетін оған
бейім оқуына жалғастыруға бағытталған жастардың түсуіне
мүдделі.
52
Студент өзінің болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете
алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты болады. Жоғары оқу
орнына түскен кез-келген студентке тиімді білім беру ақпараттық
технологиялар негізінде іске аспақ. Кез-келген елдің экономикалық
қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік
қауымдастықтағы орны мен салмағы, сол елдің инновациясының
даму деңгейімен анықталмақ. Инновация - бұл оқытудың
тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу
негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың
жүйелі тәсілі (Г.И.Рузавин).
Заманауи студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден,
олардағы ұшан - теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін
тани білу. Бұл мәндік көзқарас синтездік жиынтығын қарастырады,
яғни ол студенттердің ойлау қабілетін шектейді. Алайда, акмеоло-
гиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер
қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері болуы мүмкін.
Оқытушының міндеті - студенттерге олардың мотивтері мен
қажеттіліктерін қалыптаптастыруға көмек беру. Инновациялық
білім беру өз құрамына - жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың
мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды,
кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гумани-
тарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды
біріктіреді.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың
студенттердің білімін көтерумен қатар, оның тәрбиелік те маңызы
зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі,
электрондық
оқулық
немесе
жаңа инновациялық оқыту
технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын туғызады, ол
өз кезегінде оларды сапалы және тұрақты білім алуына жағдай
жасайды. Бүгінде заманауи технологиялардың дамуының негізгі
бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табылады. «Мультимедиа»
терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп орталық»,
яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде
мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны береді.
Оқытудың кез-келген түрінің тиімділігі білім алушы мен
оқытушының ара-қатынасына, педагогикалық технологиялардың
пайдалануына, оқу мазмұнына, әдістемелік материалдардың
құрастырылу деңгейіне тәуелді екенін ұмытпағанымыз жөн.
Акмеологияның
адам
туралы
басқа
ғылымдардан
артықшылығы - ол адам өмірінің келесі кезеңдері мен кәсіби даму
53
жолын зерттейді. Акмеология адам кәсіби шыңға өз әрекеттегенде
ғана жететінін басшылыққа ала отырып, оның шарықтау және
кәсіби әрекеттегі түзету проблемарымен айналысады. Адамның
тағдыры мен жеке бағытында оның кәсіби бағдарының алар орны
зор.
Кәсіби әрекетті бөліктерге бөлуге келетіндей мынадай
белгілермен сипаттайды (К.К.Платонов): Өнімділік (тиімділік);
Қарқындылық, шапшаңдық; Біліктілік; Нақтылық және беріктік;
Ұйымдастырушылық; Шешім қабылдай алушылық; Құзыреттілік.
Сонымен, кез-келген диалектикалық даму үрдісі секілді білім
беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты,
шабытты шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Маман
құзырлығы неғұрлым жоғары болса, өз қызметінде ерік-күш,
материал, уақыт сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге
жете алатындығы дәлелденген қағида.
Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының
студенттері
мен
оқытушылардың
шығармашылық
ізденіс
нәтижесінің жоғары болуына барлық жағдай жасылынған. Жоғары
оқу орнының педагогикалық ұжымы авторлық бағдарламалар
құрастырып, кең ауқымда қолданысқа ие болуына жағдай жасап
отыр. Барлық бағдарламалар оқытушы мен білім алушы тұлғасы
жетістігінің құзыреттілігін дамыту, өзін-өзі дамытуға бағытталған.
Осы жерде жоғары оқу орындары ұжымы көптеген жетістіктерге
жетуде.
«АКМЕ» және «мәдениет» терминдері өте тығыз байланыста.
Акме нәтиже ретінде, сонымен қатар, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде
тұлғаның мәдениетінде көрініс табады. Ал, мәдениет, өз кезегінде
өзін-өзі дамытудың және тұлғалық құндылықтың көрсеткіші
болады.
Акмеологиялық мәдениетті меңгерген тұлғаның бойында өзін-
өзі қалыптастыруға деген жауапкершілік, өзін-өзі жетілдіру және
өзін-өзі әрқашан жаңартып отыруға деген дайындық, өзін-өзі
қалыптастыру үрдісіне әсер ететін тәсілдер мен формаларды
әрқашан жаңартып отыру сияқты қасиеттер қалыптасады. Алайда,
акмеологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін күшті қозғаушы
себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері
(мотивациясы), яғни қажеттіліктер. А. Маслоу бойынша жетістікке
жетудің мотивациясы ретінде өзін-өзі көрсету қажеттілігін
қарастыруға болады.
54
Акмеологиялық бағытының жүзеге асуының соңғы нәтижесі
болып, келесідей мазмұнға ие төмендегідей құрамдас бөліктерден
тұратын тұлғаның акмеологиялық бағдары:
- Кәсіби - құндылықты бағдарлану (қоғамдық құндылықтарға
негізделген педагогикалық іс-әрекет: тұлға үйлесімділігін,
еркіндігін тәрбиелеу, оның шығармашылық шабытын дамыту,
танымдық қызығушылығын белсендету, өзін-өзі дамытуға ұмтылу
қажеттілігін белсендіру және т.б.).
- Кәсіби мақсат қою (кәсіби біліктілігін арттыруға көзделген
иерархиялық мақсаттар қоя білу).
- Кәсіби мотивация (білім алуға құштарлық, білім алудың
маңыздылығы мен оның болашақ өмірде қажеттілігін сезіне білу).
- Кәсіпте жетістікке жетуге ұмтылыс (өзін-өзі жетілдіруге,
шығармашылық пен кәсіби іс-әрекетті дамытуға, сапалы білім
алуға дайын болу).
Сөзсіз, акмеология білім беру сапасын арттыру үшін қажет,
себебі болашақ мамандарды тәрбилеуде кәсіби білім берудің
акмеологиялық моделін құруға мүмкіндік береді. Акмеология
ғылымының әдістемелік және түсініктер құралдарының әлі де
болса толық құрастырылмауына қарамастан, акмеологиялық
шарттар оқу-тәрбие үрдісінің бөлінбес бөлігіне болып, болашақ
маманға білім берудің жаңа үлгісінің субъектісіне айналды.
Сонымен, болашақ маманға сапалы білім беру мәселесін
акмеологиялық шарттарды сынақтан өткізу мен теориясын
зерттеуді қолдана отырып, акме-технологияларды қолдану арқылы
шешуге болады.
Кәсіби акме педагогтың жоғары кәсіби іс-әрекетін, кәсіби
қарым-қатынасын меңгеруінен тұрады. Сондықтан іс-әрекеттің,
қарым-қатынастың және еңбек адамының тұлғалық жетілуінің
көрсеткіштері кәсіби АКМЕ-нің әртүрлі формасы мен түрлерінің
өлшемі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |