Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Тайм менеджмент ұстанымдары. Өзін-өзі ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет32/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Тайм менеджмент ұстанымдары. Өзін-өзі ұйымдастыру 
деңгейін анықтау 
Тайм-менеджмент
(ағылш. 
Time 
Management


уақыт 
ұйымдастыру технологиясы және оның пайдалану тиімділігін 
арттыруды, сонымен қатар, уақыт бөлуді бақылау, оның арнайы 


74 
тиімділігі мен өнімділігін арттыру. Тиімділікті, нәтижелікті 
арттыру мақсатында жасалатын жоспарлау үдерісі, кейбір 
әрекеттерге жұмсалатын уақытты бақылау, басқару. Өткен күндер, 
жылдар қайта келмес, ал келесі жылдың қалай өтуі Сізге 
байланысты. 
Бұл әрекет шектелген уақыт аралығында жасалып жатқан 
жұмыстың пайдасын барынша көбейту (Сурет 9). 
Алғашқыда, тайм-менеджмент термині тек бизнес саласында 
қолданылатын, алайда қазір терминнің мағынасы кеңейуімен, 
адамдардың жеке ісіне де байланысты болды.
Сурет 9 – Уақытты тиімді пайдалану 
Уақытты пайдалы қолдану жүйесі түрлі амалдардан, 
техникалардан, құралдардан және әдістерден құрылған. Кез-келген 
жобаның көлемі мен уақытын нақтылайтын жүйе болғандықтан, 
тайм менеджмент оның қажеттілігі болып табылады. 
Уақытты басқару нақты міндеттері, жобалар мен мақсаттар 
орындау үшін пайдаланылатын дағдыларын жиынтығын алуға 
көмектесе 
алады. 
Осы 
дағдылар 
келесі 
мәселелерді 
қамтиды: жоспарлау, бөлу, мақсаттарын қоюы, жұмсалған уақыт 
талдау, мониторинг, ұйымдастыру, тізімдер мен басым бағыттарын 
құру. 


75 
Алғашында, уақыт басқару тек бизнеске қатысты болған, 
алайда, осы терминді сол негізде жеке қызмет саласын қосып 
алады. Әдетте, уақытты басқару кез-келген жобаның дамуына 
қажеттілік, себебі ол жобаны аяқтау және көлем уақытын 
анықтайды. 
Уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қасиеттерді 
тәрбиелеу. Уақытты басқарудың тиімді әдістері. Уақытты 
тыңдау. Уақытты жоспарлау. 
Уақыт - біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып
жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз
нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз 
қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды
«тайм-менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні - уақытты тиімді
пайдалану. 
Тайм менеджмент - бұл уақытты басқару тәсілдері мен 
әдістерін зерттейтін менеджмент саласы (Сурет 10). 
Уақытты дұрыс жоспарлау үшін бірнеше қағидаларға 
сүйенеміз. Олар: 
1. Мақсат пен бағдарды айқындау 
Мақсат пен бағдарды айқындау кезіңде ұстанатын басты 
талап жоспардан ауытқымау. Ол үшін: 
Біріншіден
-15-20 жылға кең көлемді жоспар құрамыз. 
Екіншіден
- кең көлемді жоспарды бөліп-бөліп 3-5 жылға
созылатын жоспар құрамыз. 
Үшіншіден 
- созылмалы жоспарды іріктеп 3 айдан 1 жыл 
мерзімін құрайтын қысқа жоспар құрамыз. 
Төртіншіден
- қысқа жоспарымызды орындауға ыңғайлы етіп 
жеке-жеке тапсырмаларға бөлеміз. 
Бесіншіден
- жеке-жеке тапсырмаларды жіліктеп жазып
шығамыз. 
1.
Жоспарды жүзеге асыру үшін ақпарат жинаймыз: Ол 
үшін осы салада жұмыс атқаратын адамдардың тәжірибесі мен 
жазған еңбектерін жинау. Жинаған материалдарға сараптама жасау. 
Сараптама барысында қажет деректерді жоспарға пайдалану
жолын қарастыру. 
3. Жоспардағы тапсырмаларды жеке-жеке жіліктеп жазып
шығамыз 
Ол үшін ақ қағазға төрт бағана сызу керек. Олар: атқарылатын
шаруалардың тізімі (ең маңыздылары); атқарылар шаруалардың


76 
Сурет 10 - Уақытты басқару тәсілдері мен әдістері 
аттары; орындалуы (егер орындалса – қосу белгісін, орындалмаса – 
алу белгісін қоямыз). 
Жұмыстың орындалу барысы туралы мәліметтер. Бұл жерде
ескеретін мәселе: Жеке күнделікте таяу арада атқарылуға тиіс 
шаруалардың есебін жүргізу. Бұл оларды уақыты келгенде 
ұмытпай күндік жоспарға енгізу. 
4.Істердің орындалу басымдылығына байланысты 4 ұстанымын 
ұстанамыз. Олар: Маңызды әрі шұғыл; Маңызды, бір ақ шұғыл
емес; Шұғыл, бірақ маңызды емес; Шұғыл да, маңызды да емес; 
Бұл ұстанымдар бойынша атқарылатын шаруаларды жоспарға
бөліп-бөліп енгіземіз. 
5. Жоспардың орындалуы. 
Істің орындалу нәтижесін Вильфредо Пареттің ережесіне
сәйкес атқарамыз. Онда жұмыстың 20 пайызы, барлық нәтиженің 
80 пайызын береді немесе керісінше 80 пайыз жұмыс, 20 пайыз


77 
нәтиже береді. Сондықтан 20 пайыз уақыт жұмсап, 80 пайыз
нәтижеге жетуге тырысу керек. Ол үшін не істеу керек? 
Жоспарланған істерді атқару барысындағы ең басты қағида -
жоспардан мейлінше ауытқымау. Әрбір істі өз уақытында орын-
дауға бар күшті салу. Бұл міндетті түрде зорығу деген сөз емес, 
керісінше істерді атқарудың бірден-бір жеңіл жолы. Өз 
уақытында істелмеген жұмыс адамды беймазалыққа салып қана
қоймай, келесі істерге тиесілі уақытты жеп, олардың барлығына 
кесірін тигізеді. Бір уақытта бірнеше істі алып жүру, әдетте істің 
аяқсыз қалуының кепілі. Оның үстіне асығып істелген істен қате де 
көп кетеді, оны түзету көп уақытты жейді. Олай болса жұмыс
арасындағы бос әңгімеге, интернетке т.б. пайдасыз нәрселерге 
кеткен уақыттың адамға тигізер зияны орасан зор. Олардан міндетті 
түрде арылу керек. Телефонмен сөйлесу, тағы басқа қарым-
қатынастарды шаруаға ешбір нұқсан келтірмей қысқартуға
болады. 
6. Демалысты ұйымдастыру. 
Демалыс пен ұйқыны ұйымдастыру. Адам күніне кеміне 8 сағат
ұйықтау керек. Дұрыс ұйқы жұмыс өнімінің кепілі. Дұрыс және
уақытылы тамақтануға дағдылану. Жұмыс арасында 10 - 15 минут 
бой жазып тұру керек. Демалыс күндері төрт қабырғаға қамалмай, 
табиғат аясына шығып тұру. 
Еңбек демалысын алғанда жұмыс туралы ойламай жақын 
немесе алыс жаққа саяхат құру абзал. Бір жыл уақыттың бағасын 
білгің келсе, Жыл оқуын босқа өткізіп алған білім 
алушыдан (студенттен) сұра. 
Айлардың құндылығын білгің келсе, уақытынан бұрын
босанған Анадан сұра. 
Аптаның [7 күннің...] құнын білгің келсе, апта сайынғы 
шығарылымдағы журналдың баспашысынан сұра. 
Сағаттың бағасын білгің келсе, бір-бірімен кездесуді күтіп 
отырған екі Ғашықтардан сұра. 
Минуттың құнын түсінгің келсе, қазір ғана пойызға үлгермей 
қалған жолаушыдан сұра. 
Секундтың бағасын білгің келсе, автобомиль апатынан аман 
қалған Адамнан сұра. 
Секундтың мыңдық бөлігінің құндылығын білгің келсе, 
Олимпиадалық ойында Күміс жүлде алып қалған Спортшыдан
сұра. 
 


78 
Өмірлік ережелер 
Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың 
бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан. Сізде де біле 
жүріңіз: 1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен 
байланысты екенін назарларыңыздан шығармаңыз. 2. Сіз жеңілген 
кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз. 3. Мына үш 
ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз. а) өзіңізді сыйла; ә) өзгені 
сыйла; б) өз істегеніңіз үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа. 
4.Ұмытпаңыз сіз қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді. 
5.Дұрыс, бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек. 6.Ұсақ 
текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз. 7.Қателескен 
болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз. 8. Кейде оңаша 
қалып, өзіңізді тыңдап тұру керек. 9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, 
шекараны ешқашан бұзбаңыз. 10. Есіңізден шығармаңыз, қиындық 
төтеп берген достық - ең жақсы қарым-қатынас саналады. 11. Кейде 
адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас 
тартуға тура келеді. 12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера - 
өміріңіздің негізін құрайды. 13. Пікірталас кезінде тек осы шақ 
туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды. 14. Біліміңізбен 
бөлісіңіз, бұл - өлместікке жетудің бір жолы. 15. Жер ананы 
аялаңыз, сүйіңіз. 16. Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа 
жерлерге барып тұрыңыз. 17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең 
дұрыс жауап бола алады. 18. Қартайғанда еске алатын естеліктер 
болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет