106
дегеніміз
-
әр дыбысты анық айту, дауыс екпінін таңдау,
дұрыс
тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үлесімді пайдалану шеберлігі.
Мұғалімнің сөзі. Сөйлеу техникасы және сөйлеу мәдениеті.
Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге
асыру керек.
Сөйлеу функциясында келесілерді жүзеге асырады:
а) мұғалім мен білім алушы арасындағы байланысты орнатады;
ә) білім алушының санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны
қалыптастырады;
б) оқу
материалының
білім
алушылардың
санасында
қабылданып, нығайтылуына әсер етеді;
в) білім алушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс
ұштастырып үйлестіреді.
Ырғақ
Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты.
Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір
минутта 120-150 сөз айтуға болады. 5-6 сыныптар үшін «60»
сөзден, 9-11 сыныптар үшін 75-100 сөзден аспағаны дұрыс.
Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды
тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысты.
Дауыстың мәнерлі болуы үшін логикалық, психологиялық паузаны
пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс
алу, дикцияны жөндеу,
дауыс байланысын жөндеу, оймен
байланыстыру қажет.
Пауза, темп және әдістеме интонация жасайды. Мұғалімнің
сөзі
-
өзінің табиғилығымен мәнерлі болуы қажет. Интонациялық
байлығымен арнайы жаттыққан дұрыс.
Мұғалім өз даусын дұрыс аңғарып, бағалап тұрақты түрде
жаттықтыру қажет. Демалуын, дикциясын дұрыстау,
дауыс
байланысын жасау керек. Мұғалім дауысы, сөзі анық білім
алушының зейінін аударарлық және ойландырарлық іс-әрекетке
жаттығу сипатында болу қажет. Сонда ғана мұғалімнің сөйлеу
техникасы бір қалыпқа келіп, оның негізгі функциясын жүзеге
асырады. Педагогтың барлық ішкі тәртібінің дұрыстығын байқатып
тұрады.
Мәнерлеп оқу,
сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет,
теңеу - сияқты көркемдегіш сөздерді қолдана білу, сөйлеу
интонациясын дұрыс жүргізу, өзінің көпшілік алдына сөйлеген
сөзіне бақылау жасау, аудиторияға қалай ұнай ма соған бақылау
бағдар жасау керек.
107
Коммуникативті
білгірлікті, бейімділікті, әлеуметтік қарым-
қатынас құралдарын пайдалануды бақылау, дамыту, әлеуметтік
қиял өзін-өзі реттеу, өз еркіне әсер
ету сенімін арттыру сияқты
сапаларды дамыту.
Сөйлеу психофизикалық ерекшеліктер, әдет-дағдысын жүзеге
асыру.
Жоғарыда көрсетілгендей мұғалім сөзіне байланысты
қолданылатын құрал-әдістерді жүзеге асыру, педагогикалық
шеберлікті дамыту үдерісіне жатады.
Сөйлеу техникасы (мәнері)
Оқушылардың оқу материалын дұрыс және тез қабылдап
алуына мұғалімнің сөйлеу техникасының дұрыс анық айқын
болуының үлкен мәні бар.
Сөйлеу техникасының талабы бойынша мұғалімнің сөйлеу тілі
жатық, білім алушылардың ұғым
деңгейіне сай, аудитория көлеміне
шақталған, дауыс темпі не жоғары, не төмен болуы керек.
Кейбір адамдардың дауыс тембірінің не көтеріңкі, не баяу
болуы табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды. Мұның
барлығы да сөйлеу мүшелерімен байланысты болмақ.
Тарихта шешендік өнерге жаттығуда өзінің дауыс тембірін,
тонын өзімен-өзі жаттығу нәтижесінде
дұрыс жолға қойған талай
шешендік өнер иелерін айтуға болады. Мысалы, Демосфен (ескі
гректің саяси ораторы) өзінің тіл жөнінде физикалық кемістігін
жаттығу арқылы жоя білген. Сол сияқты В.Маяковский 20 жасында
дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін, ағынды өзен жағасына
барып аузына тас салып, сөйлеп жаттығады.
Достарыңызбен бөлісу: