Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет41/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.
Абакумова И.В. Обучение и смысл: смыслообразование в 
учебном процессе. - Ростов-на-Дону, Изд-во Ростовск. ун-та, 2005. 
2.
Панина Т.С., Вавилова Л.Н. Современные способы 
активизации обучения. Учебное пособие. 4-е изд., стер. - М.: 
Академия, 2008. 
3.
Ковалев, С. М. Воспитание и самовоспитание / С.М. Ковалев. 
- М.: Мысль, 2006. 
4.
Омарова Г.Ә. Студенттердің кәсіби құзіреттердің дамытудың 
ғылыми педагогикалық негіздері. - Шымкент, 2015.
5.
Вербицкий 
А.А., 
Ларионова 
О.Г. 
Личностный 
и 
компетентностный подходы в образовании. Проблемы интеграции
- М.: Логос, 2009. 
 
6.
Қаңтарбай С. Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық 
зерттеу әдістемесі. - Алматы: Дәуір, 2011
 
7.
Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышения качества 
подготовки специалистов образования. - М., 2001. - С. 11. 
 
 


95 
6
 
РИТОРИКА НЕГІЗДЕРІ 
6.1
Шешендік өнердің әдіс-тәсілдері
6.1.1 Сөз құдіреті
 
6.1.2 Сөздің дыбыстық және мағыналық мәні
6.1.3 Сөйлеу техникасы 
Шешендік өнердің әдіс-тәсілдері 
Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-
алты ғасыр бұрын қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде 
риторика дейді. Риторика ғылымының негізін салушы грек. Софист 
Протогор деп есептелінеді. 
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби риторика, 
поэтика, өнер, музыка және т.б. еңбектерінде айтылған көркемдік-
эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Оның 
принципті түрдегі аса маңызды зор эстетикалық ой-пікірлері 
ғасырлар белесінен асып, біздің заманымызға жетті, олардың мәні 
әлі де зор. Ұлы ойшыл тіккен эстетикалық проблемаларының 
ауқымы үлкен, шеңбері кең. Соның бірі «Риторика», «Поэзия 
өнерінің каноны туралы трактат», «Поэзия өнері туралы» және т.б. 
еңбектері.
Қазақтың шешендік өнері - XII-XIII ғасырларды Майқы би мен 
Аяз билерден басталады. Асан қайғы мен Жиренше шешендермен 
қалыптасып, XIII ғасырда өркендей түскен. Қазақ ауыз әдебиетінің 
бір түрі - шешендік өнері. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді 
қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі 
жанрларының бірі. 
Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік 
ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі 
айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. 
Сондықтан да олар бастапқы қалпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа 
ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-
ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше ұрпақтың, 
талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, 
ұстарып жалпы халық шығармасына айналған. Шешендік өнердің 
ерекшеліктері сурет 14-те берілген. 
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты 
ауызша шығып, ауызша таралған. 
Сөз сөйлеу құдіретіне ие болу – адамның жер бетіндегі тіршілік 
атаулының бәрінен де жоғары сатыда екендігін танытатын, адамды


96 
 
Сурет 14 – Шешендік өнердің ерекшелігі 
адам етіп тұрған адамзат баласының ұлы қабілеттерінің бірі. Тілсіз, 
сөзсіз, сөз сөйлеу дағдысынсыз адам өмірін көз алдымызға елестету 
мүмкін емес, оларсыз адам ғұмыры мағынасыз. Сөз - адамдар 
арасындағы қарым-қатынас құралы, ақпарат алмасу тәсілі, өзге 
адамның санасына және әрбір қадамына, әрекетіне әсер ету құралы. 
Сөзді орынды қолдана, құбылта білу өте жоғары бағаланады. Бұл 
сияқты қабілет адамның жалпы мәдениетінің, білімділігінің 
құрамды бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіби маманның 
сүреңсіз де сөлекет сөйлеуі, яғни тіл мәдениетінің, сөйлеу 
мәдениетінің төмендігі адам баласының оқи және жаза білмеуі 
сияқты ыңғайсыз көрінуі тиіс, ал білім беру мен тәрбиелеу ісін 
толық жүзеге асыруда аталған салаға акцент бермей көзге елестету 
қиын. 
Сөз қоғам дамуының ағымын аңғартады және ілгергі даму 
үдерісіне мүмкіндіктер туғызады. Сөз адамдардың санасы мен 
еркіне бірден-бір әсер ететін, оларға білім беретін, сенімін 
қалыптастыратын, азаматтарды нақты әрекеттерге жұмылдыратын 
өте күшті қарудың рөлін атқарады. 
Өте ежелгі дәуірлерден бері адам баласы жанды сөздің әсер ету 
құпиясының сыры неде екенін (бұл туа біткен қасиет пе, әлде ұзақ 
уақыт тер төге оқудың, өз бетімен білім алудың нәтижесі ме?) 
танып-білуге ұмтылуда. Біздіңше, осы және өзге де сұрақтарға 
жауапты тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің жоғарғы шыңы 


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет