Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет42/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

шешендіктану (риторика) ғылымы - «сөйлеу сәтінде ойды дәл 
аңғарту, сөзді орынды орналастыру және белгілі бір мезетте 
тауып айту» 
заңдары туралы ерекше ілімге жауап береді. Ежелгі 
дәуірде аталмыш ғылым беделі, оның қоғам мен мемлекет өміріне 
әсері өте жоғары болған, сол себепті 
де риториканы «ақылға 
жетекшілік жасайтын өнер» (Платон) 
ретінде атап, әскери 
басшылық, эпос және музыка өнерімен қатар қойған. Осы тұста 
аталмыш ғылымның 
«шешендік өнер» 
деген екінші атауы да 
дүниеге келген.
Шешендіктанудың алғашқы ғылыми талдамасының авторы 
ежелгі дәуірдің ұлы ойшылы Аристотель риториканы әрбір нақты 
пәнге қатысты сендірудің мүмкін болар амалдарын табу 
қабілеттілігін туғызар ілім ретінде анықтайды. Бұл арадағы басты 
сөйлеу мәселесіндегі орталық назар аударар тұс - оның сендіру 
құралы екендігі. Барлық кезеңдегі ғалымдар мен шешендерді 
(бұған біздің кезең де енеді) тап осы мәселе толғандырып келді, әлі 
де ойландырады. Кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, жақсы 
ойлана білуі өз алдына, одан да жоғары ғажап сөйлесе білуі тиіс. 
Сөзі жұтаңның ойы да таяз көрінбек. Соның салдарынан 
мақсатсыз қайталау да көп болмақ. Орынсыз қайталау тілдің 
коммуникативтік сапасын күрт төмендетіп, ойды дәл, мазмұнды 
жеткізуге кедергі болмақ, нәтижеде аз сөзбен көп мағына беру 
қағидаты бұзылары ақиқат.
Әрбір кәсіби маманның тіл мәдениетін қалыптастыруда 
төмендегідей қағидалы түйіндерді ескеру тиімді болар еді: 
1. Шешендік туралы әр кездегі тұжырымдардан өзіне 
қажеттісін елеп ала білу. 
 
Шешендік өнер кісі көркі, ақылмен билеу өнері; тіл өнері мен 
сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы; дидарласушымыздың 
жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да 
сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый; кез-келген 
нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді 
өз ойына тарта білу екендігін; біліктілік пен білімнен, қуатты 
түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, 
тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін 
тұратындығын; сөз бен ойға негізделетіндігін; биік дүниетаныммен, 
ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, 
жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда адамзаттың 
рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің 
кеңдігімен тамырлас екендігін білгені жөн. Демек, танымал сот 


98 
шешені, академик Анатолий Федорович Кониге 
мемлекеттік 
қызметкерге қажетті шешендік өнер дегеніміз 
- тыңдаушылардың 
жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, бейнелерінің жарқынды-
лығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын
баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ 
өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты кітаптардың тағылым-
тәрбиесі, өз дүние-танымының нәтижесі. 
2. Шешедік өнер иесінің табиғаты туралы айқын түсінігінің 
болуы.
Шешен қашан да қарулы жауынгердей сақадай сай қалыпта 
мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрдайым жеңіске 
ұмтылуы; онда диалектиктілік тапқырлығы, философтың ойы, ақын 
тілі, заңгердің жады, трагиктің дауысы болуы; дәл де нақты 
дәлелдермен иландыра білу, тыңдаушылардың жан дүниесіне 
өтімді де батымды сөзбен ой сала әсер ету, сондай-ақ соттың көзін 
жеткізуден гөрі, оның көңілін көтере рухтандыру маңыздырақ 
екенін аңғару білігінің болуы; шешеннің парызы - шындықты айту; 
ал ең ұлы қасиеті - қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге 
қажеті жоқ нәрсені айтпау екендігін білуі тиіс.
Дарынды ділмар шешен, біздің жағдайымызда, кәсіби маман, 
әр нәрсенің мән-мәйегі мен әсемдігін өзіне қайтара алады. «Шешен 
сол - сөйлер сөзден қамалмаса», - дейді Шал ақын. Шынтуайтына 
келгенде, шешендер айтқан сөзі арқылы адамның ақылына қону 
жағын ғана көздемейді, сөздің қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты 
адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат 
етерін ескеруі абзал. Шешенге орасан сезімталдық, құбылыс 
атаулыны жандына қалыпты күйде елестете білу ауадай қажетті. Ол 
өз тыңдаушыларының бойында шалқыған шабыт, дария сезім, 
атқарылар іске сәйкес құштарлық ұялатқысы келсе, ең алдымен 
осыны өз бойынан өткізуі тиіс. Орайлы тұста М.Т. Цицерон 
шынайы шешеннің, тума таланттың халық өмірі мен әдет-ғұрпын
салт-сана дәстүрлеріне мейлінше жетік болуын баса атайды. 
Шешен шаршы топты өрнекті ойларымен иландырады, оның 
ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен, пафоспен өлшенбек. 
Демек, ол көпшілікті сөзінің оттылығымен, жарқылымен, күшімен, 
көріктілігімен баурап алмақ. Сондай-ақ, шешен елге түсінікті 
болуы үшін, бүкпесіз ашық болғаны жөн. Ұзын сөздің қысқасы, 
шешен – тыңдаушылардың рухани дүниесін байытушы, өмірдегі, 
қоғамдағы алуан түрлі құбылыстарды байыбына жетіп, талдап 
түсіндіруші, белгілі бір ой-пікірлерді, халықтық мәселелерді 


99 
жеткізуші, жан сала насихаттайтын үгітші. Бұл орайда ол - 
әлеуметтік-саяси тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет