Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет51/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Екінші топты
шығармашылық іс-әрекетке қабілеттіліктің 
тұлғалық 
мінезін 
сипаттау 
мен 
анықтауға 
бағытталған 
дифференциалды - психологиялық типті шығармашылықты 
сараптамалық-эмпирикалық зерттеу құрайды. 
Креативтілікті
– жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың 
қорытындысы деген пікірді ұстанған ғалымдар таласы әлі де 
жалғасуда (К.Тейлор, В.А.Терехов, О.К.Тихомиров және т.б.). 
Басқа зерттеулерде жаңаны құруда шығармашылық үдерістің 
басымдылығы көрінеді (Р. Арнгейм, В.Н. Пушкин, Р. Уоллес, А.В. 
Брушлинский, В.А. Моляко, П.М. Якобсон және т.б.). Бұл ұстаным 
әсіресе 
Р.Арнгеймнің 
еңбектерінде 
айқын 
көрінеді. 
Ол 
«шығармашылық туралы туындататын нысанға қарап айтуға 
болмайды... Креативтілік – бұл білім, әрекет және тілектердің 
толық ашылуы». Психологиядағы эвристика мәселесін зерттей 
келе, В.Н. Пушкин: «Психологиялық үдеріс көмегімен шешілетін 
жаңа стратегия қалыптасады, эвристикалық іс-әрекет деген атауға 
ие жаңа дүние анықталады» деген пікірге келді. 
Креативтілік сипаттамасы белгілі бір өнімді немесе кәсіптік 
әрекеттегі туындайтын психологиялық қасиетпен байланысты. Дж. 
Гильфорд, Л.Б. Ермолаева-Томина, А.Н. Жук, Ю.Н. Кулюткин, Б. 
Олмо, Я.А. Пономарев, Н.В. Рожденственская, Е. Торренс және 
басқалар креативтілік элементтері ретінде әртүрлі қабілеттерді 
көрсетеді. Ғалымдардың көзқарасы бойынша, негізгі қабілет 
идеяларды жүзеге асыру және қанықтыру мүмкіндігімен 
айқындалады. 
Психологиялық зерттеулерде креативтілік термині тұлғаның 
интеллектуалдық және өз бетінше мәселені көтеруі, ерекше 
идеяларды айтып, оларды өзгеше жолмен шешу ерекшеліктерінің 
кешенін білдіреді. 
Креативтілік маңызды және ерекше феномені болатын 
дарынды, шығармашыл тұлғаның интеллектуалдық және тұлғалық 
ерекшеліктері ретінде айқындалады. Бұл креативтілік мәселесіне 
деген әр түрлі бағытталғандықты көрсетеді: ол әрине, барлық тұлға 


116 
бірдей жете алмайтын креативтілік қорытындысы емес (бұл мәселе 
күрделірек, өйткені қорытынды ретінде тек ғылымдар мен қас 
шеберлер жететін объективті әлеуметтік маңызды жаңа қорытынды 
қарастырылады), рефлекция және субъективті өз-өзін бағалау 
негізіндегі тұлғалық маңызды жаңа сапа деп зерттеледі. 
Көптеген креативтілікті зерттеулерде психологиялық креатив-
тілік механизмдері мен шығармашылық потенциалын тұлғалардағы 
түрлі сандық және сапалық қасиеттерін анықтауға басты назар 
аударылады. Бұнда олардың дамуы және шығу деңгейін ажырата 
білу қиындығы туындайды. 
Дәстүрлі психология мен педагогикада креативтілік тұлғалық 
категория ретінде қарастырылды, пікірлер мен таластар негізінен 
түсініктемені айқындау жөнінде болды. Атап айтқанда креативтілік 
дивергенттік 
ойлау 
(Гилфорд, 
О.К.Тихомиров) 
немесе 
интеллектуалдық белсенділік (Д.Б. Богоявленская, Л.Б.Ермолаева-
Томина), немесе тұлғаның ықпалдастық сапасы (Я.А.Пономарев 
және т.б.) деп қарастырылады. 
Я.А. Пономарев шығармашылық психологиясында туған жаңа 
бағыттарды сипаттай отырып, пайда болып, содан соң өз бетінше 
өмір сүре бастаған әлеуметтік психологияны және шығармашылық 
психофизиологиясын бөліп көрсетеді. Шығармашылық психоло-
гиясынан жоғары қарай шығармашылық әлеуметтік психологиясы 
туындады. Әлеуметтік психологиясы арқылы қоғамдық ғылымдар-
мен, шығармашылық психофизиологиясы арқылы биологиялық кең 
көлемді байланыс пайда болады. Шығармашылық психология және 
оған жақын психологиялық топтар маңында педагогикалық және 
сол сияқты басқа ғылымдар, соның негізі арқылы практикамен 
байланыстыратын қолданбалы пәндер пайда болады. 
Педагогикада креативтілік проблемасындағы күрт өзгеріс
60-70 жылдары басталды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін 
педагог-жаңашылдар пайда болды. Олардың білім берудегі 
инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша 
жаңа әдістері насихаттала бастады. Жаңашылдық нәтижелері тек 
педагогтарды ғана емес, білім мен тәрбиедегі шығармашылықтың 
психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық психологиядағы 
шығармашылық әрекет механизмдерін оқып-үйрене бастаған 
психологтарды да қызықтыра бастады (В.В. Давыдов, И.А. Зимняя, 
Н.В. Кузьмина, Я.А. Пономарев, А.М. Матюшкин, В.В. Рубцов, 
Д.И. Фельдштейн және басқалар). 


117 
Педагогикада креативтілікті зерттеу оның тұлғалы категориясы 
ретінде өздік білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның 
дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің шығарма-
шылық үдерісті тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын 
табуға мүмкіндік береді. Практикалық аспектідегі ғылыми 
зерттеулерді жүзеге асыру мазмұнды түрде инновациялық 
практикада қорытындыланатын білім беру мен тәрбиелеу үдерісін 
модельдеуден көрінеді. Тұлғаның креативтілік потенциалы саналы 
іс-әрекетте дамитын болғандықтан білім беру әрекетінде тұлғаның 
креативті үдеріске тиімді кірісуіне жағдай туғызу керек. 
Шығармашылық дара тұлғаның саналы және бейсаналы ұғымдары 
қалыптасатын креативті үдерісті үздік ұйымдастыру мен реттеуде 
қиыншылық туғызады. 
Зерттеу көрсеткендей креативтіліктің дамуының саналы 
диалектикалық үдерісіне тұлғалық жүйедегі сана және бейсана 
ұғымдары жатады. Креативтілік тұлғаның саналы және бейсаналы 
феномендарының психикасын зерттеу өзін-өзі тану мен өзіндік сана 
сатыларын айқындау қажеттіліктеріне әкеліп соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет