Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Психологиялық құбылыстардың креативтік деңгейі



Pdf көрінісі
бет53/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Психологиялық құбылыстардың креативтік деңгейі 
Психологиялық ғылымдар шешетін қолданбалы міндеттердің
мәнін қоғам болып мойындау арқылы жоғары білім беру 
кеңістігінде сабақтасқан психологиялық қызметтерді жасау
идеясын алып келді. Қазіргі уақытта мұндай қызметтер түрі
рәсімделуде әрі дамытылуда, сонымен бірге оның нәтижелерін
тәжірибеде әрі ғылымда қолдану арасын байланыстыратын бөлім 
болуы мақұлданды. 
Ғылым жүйесінде креативті психологияға қандай орын
берілетіні басқа ғылымдарда психологиялық мәліметтерді
пайдалану мүмкіндіктерін түсінуіне байланысты, және керісінше,
креативті психологияның олардағы нәтижелерді заңдылықтар
санатында қаншалықты пайдаланатындығы. Тарихи кезеңдердегі
ғылымдар жүйесінде креативті психологияға берілген орын
психологиялық білімдердің даму деңгейі жайында және
классификациялық сызбаларда жалпы философиялық бағыттал-
ғандығы жайында көрнекі көрсетілген.
Академик Б.М. Кедров ұсынған иректі классификация жаппай 
қабылданған деп есептеледі. Ол пәнаралық байланысқа өте жақын 
шарттарда барлық ғылымдармен көп жоспарлы байланыстарды 
айқындайды. Бұл ұсынылған сызба үшбұрышты, оның биігінде 
жаратылыстану. Әлеуметтік және философиялық ғылымдар 
орналасқан. Мұндай қалып биіктікте көрсетілген негізгі ғылым
топтарының әрбіріндегі пәнмен және әдістермен психология 
ғылымы шынайы жақын шарттасқан, әрі қойылған мәселенің 
күрделілігіне байланысты ирек сызық сол биіктіктік біреуіне қарай 
бағдарланып ойысқан. 
Ғылыми білімдердің жалпы жүйесінде креативті психология-
ның ең маңызды қызметі ол бірқатар басқа саладағы ғылыми 
білімдерге қол жеткізу жолдарына терең талдаулар жасайды.
Барлық ғылыми пәндерді біріктіруші, себебі оның зерттеу 
объектісі адам
(Б.Ф.Ломов). 
Белгілі психолог Б.Г.Ананьев бұл мәселені толық жетілдірген, 
әрі креативті психологияның адам туралы мәліметтерді нақты-


123 
ғылыми білімдер деңгейінде бір арнаға біріктіреді деп тұжырым- 
даған.
Креативті психологиямен мазмұны жағынан жақын байланы- 
сатындығына сипаттама берілген үшбұрышта аталған ғылымдар 
туралы түсініктемеге тоқталсақ. Креативті психологияның негізгі 
міндеті психикалық қызметтердің заңдарын оның даму барысында 
зерттеу. Бұл заңдар адам миында объективті әлемді қалай 
бейнеленетінін және осы құбылысқа байланысты оның іс-
әрекеттерінің қалай реттелуі, психикалық қызметінің дамуы мен 
тұлғаның психикалық құрамының қалыптасуы қалай жүзеге 
асатынын айқындайды.
Психика объективті іс-әрекеттерді бейнесі, сондықтан психика-
лық заңдарды зерттеу дегеніміз ең алдымен, адам өмірінен және 
оның объективті өмір шарттарынан пайда болатын психикалық 
құбылыстарды қарастыру. Барлық арнайы психологиялық пәндерді 
біріктіру кешені жалпы психология, ол негізгі психологиялық 
мәселелерді 
сынақ-тәжірибеде 
және 
теориялық 
негізде 
қарастырады.
Психологиялық пәндердің барлық жүйесіндегі зерттеу 
объектісі
– бұл адам, оның психикалық үдерістері, жағдайы мен 
құрылымы. 
Креативті психология
- бұл шығармашылыққа оқыту өнері, 
немесе креативтілікті және креативті тұлғаны қалыптастыруға 
(дамытуға) бағытталған білім мен зерттеулер, сонымен бірге осы 
білімді біліктілікпен әрі өнермен қолдану, яғни кез-келген оқыту
пәнінде мұны креативті жасай алу. 
Креативті психологияның мақсаты
кез-келген пәнді (затты) 
креативті-шығармашылық оқу үдерісіне өзгерту, себебі креативті 
сабақ креативті-шығармашыл білім алушы жасайды («өмір бойы», 
өздігінен білім алуды жақсы көретін әрі өздігінен білім алатын 
білімгер) - басқа дәстүрлі мектептердің бітірушілерімен салыстыр- 
ғанда, бұл білім алушы әлдеқайда жоғары деңгейде. 
Дәстүрлі пәнді қайта жасаудың мұндай үдерісін «креативті
немесе шығармашылық бағдарлану» деп атайды.
Қазіргі уақытта креативтілік мәселелерін зерттеу жан-жақты
сипаттар алды әрі алуан түрлі салалардағы маман туралы ілім - 
философия, әлеуметтану және психология ғылымдарында зерттеу-
дің маңызды саласы. 
Креативтілік мәселесі тұлға психологиясы мен оны дамуы
үшін негізгі мәселелердің бірі. 


124 
Шығармашылық тақырыбы соңғы уақытта дүркін даму жолына
түскен әрі психологияда ол көпқырлы, әрі қайшылықтарға толы
болғандықтан, тек ең негізгі мәселені қарастырамыз. 
Креативтілік 
- бұл дарындылық құрылымындағы тәуелсіздік 
факторы сапасына енетін, жаңа идеяларды өндіретін қабілетті-
лігімен сипатталатын индивидтің шығармашылығы. Креативтілік 
тұлғаны бүтіндей немесе оның жеке жақтарын, қызметінің
өнімдерін оларды жасау үдерістерін сипаттайды. 
Креативтілік
(ағыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет