Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Психологиялық құбылыстардың креативтік деңгейі



Pdf көрінісі
бет49/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
7.1.3
Психологиялық құбылыстардың креативтік деңгейі
 
7.1.4 Креативті тұлға теориясының шет елде зерттелуі
 
 
Креативті акмеология пәні, нысаны, мақсаты
Акмеология ғылымы пәнінің қоғам сияқты ұзақ тарихы бар. 
Адамзат мәдениеті - кемелденген адамдардың шығармашылық 
нәтижесі. Акмеологияның бастау көздері Ежелгі Грекияға 
байланысты, бұл кезеңде адам ақыл-ой және дене дамуының 
шыңдарының үйлесімі ретінде кемелдену идеалына ұмтылған 
болатын. Адамзат қоғамының дамуының әртүрлі тарихи кезең-
дерінде идеалдар алуан түрлі болды, алайда олар әрдайым 
интегративті құрылымдар, табиғаты бойынша гетерогенді 
үдерістердің шыңдарының үйлесімі нәтижесі ретінде қарасты-
рылды.
Ежелгі Үндістанның данагөйлері адамның жер бетіндегі 
өмірінің жақсаруын оның тұлғасын жетілдірумен байланыстырды; 
Конфуций және Лао Цзы азаматтық және әскери жетілдірудің 
біріктіруін негіздеді; Демокрит, Сократ, Эпикур өзін-өзі дамытуды 
адамзат өмірінің мақсаты деп санады; Марк Аврелий, Плутарх, 
Сенека адамгершілік жетілдірудің өзіндік сана мен аскетизм 
түрінде көрініс беретінін атап көрсетті; Фома Аквинский, Д.Бруно, 
Г.Лейбниц, Б.Спиноза жетілдірудің мүмкіндігін рухани дамытуға 
деген сенімділікпен байланыстырды; еркіндік, жалпыадамзаттық 
құндылықтар, адамгершілік мәселелерін Г.Гегель, И.Кант, И.Фихте, 
Ф.Шеллинг зерттеді. 
Акмеология ғылымының негізін қалаушысы ретінде Н.А. 
Рыбников алынады. 1928 жылы ол «кемелденген адамдардың 
дамуы» туралы ғылым ретінде аталған терминді қолдануды 
ұсынды. Содан кейін ХХ ғасырдың ортасында Б.Г.Ананьев оны 
адам туралы ғылымдар жүйесіне жатқызды. Ол аталған ғылымның 
негізгі идеясын - тұлғаның жоғары жетістіктеріндегі «шыңды» 
зерттеу идеясын құрастырды. Адамтану мәселесін дамыта отырып, 
ол ересек адамның даму үдерісін сипаттайтын заңдылықтарды, 
механизмдер мен феномендерді зерттеудің кешенді міндетін 
ұсынды. Оның шәкірттері - А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмина 
А.А.Деркач, және т.б. болды, олар акмеологияның адам және оны 


112 
жетілдіру туралы білімнің жаңа кешенді саласы ретінде негізін 
қалады. 1995 жылы Санкт-Петербург психология және акмеология 
институты құрылды.
Креативті акмеологияның пәні
ретінде, кең мағынасында 
адамның дамуда жетістіктерге жету, өзін-өзі жүзеге асырудың 
оңтайлы жолдарына жетелейтін, адамды индивид, даралық, еңбек 
субъектісі, кәсіптегі, қарым-қатынастағы тұлға ретінде жетілдіру 
үдерістері, заңдылықтары мен механизмдері алынады. Аталған 
сатыда - бұл ең алдымен, кемелденген тұлғаның прогрессивті 
дамуына ықпал ететін және жоғары тұлғалық-кәсіби жетістіктеріне 
әсер ететін заңдылықтар, механизмдер, жағдайлар мен факторлар 
болып саналады. Тар мағынасында акмеологияның пәні ретінде
өзіндік ұйымдасу мен өзін-өзі түзету, өзіндік білім алудың алуан 
түрлі сфераларында өзін-өзі жүзеге асырудың, кемелденген 
тұлғаның өзін-өзі дамытуының және өзін-өзі жетілдірудің 
заңдылықтарын іздеу алынады.
Креативті акмеологияның мақсаты
ретінде, адамды жетілдіру, 
оған дене, рухани-адамгершілік және кәсіби дамуда шыңға жетуге 
көмек беру, аталған дамуды ізгіліктендіру алынады.
Креативті акмеологияның нысаны
ретінде, өзінің дамуында 
жоғары жетістіктерге жететін және кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі 
жүзеге асыратын, прогрессивті дамушы кемелденген тұлға 
алынады.
Креативті акмеологияның пәні
ауқымды, нақтылықтың әртүрлі 
деңгейлері болады, соған сәйкес алуан түрлі зерттеу сфералары мен 
тәжірибесі болады.
Акмеология пәнінің
ауқымы өте кең. Бұл үдеріс қазір де 
жалғасып келеді. Акмеологияның нысандық өрісін кеңейтуге 
ұмтылыстар жасалуда. Бұл өз кезегінде, жүргізілген акмеологиялық 
зерттеулер 
және 
акмеологиялық 
тәжірибенің, 
заманауи 
акмеологияның тек онтопсихологиялық аспектіге тірелмейтінін 
көрнекі түрде дәлелдейді (Б.Г.Ананьев). Ғылымның пәнін және 
нысанын анықтау мәліметтері аталған уақыт кезеңінде оның 
қалыптасуының белгілі бір дәрежесін көрсетеді. Мазмұнды 
қатынаста акмеологияны кемелденген тұлғаның прогрессивті 
дамуы туралы ғылымның мәніне сүйенетін болса, олар аса тар 
ауқымда болады.
Акмеологияға деген ғылыми қызығушылық ешуақытта 
азаймайды. Бастау көздері педагогика мен психологияда болатын 
акмеология жаңа ғылым ретінде, білім беру сапасын арттыру 


113 
мәселесі қазір белсенді түрде зерттеліп келеді. Акмеологияның 
пәнаралық сипаты жаңа мүмкіндіктерді іздеуге, сонымен бірге 
акмеологиялық мектептердің моделін құру мен апробациялаудың 
жаңа мүмкіндіктерін іздеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет