Көпқырлы болашақ мұғалім
ұғымына әлеуеттегі барлық
қабілеттерді дамытумен қатар оларды жүзеге асырады.
Әлеует кеңістік пен уaқыт
сипаттамасының бірлігінде
байланыстар мен қарым-қатынастардың
төмендегідей деңгейлерін
біріктіреді:
1.
Өткеннің көрініс
і: әлеует адамның сапаларының, оның
қалыптасу үрдісінде жинақталған жүйенің тұрақты жиынтығын,
жүйенің оптималды қызмет етуге және дамуға қабілеттілігін
білдіреді. Әлеует ресурс, яғни ресурстардың, мүмкіндіктердің,
қабілеттердің болуы деп түсіндіріледі.
2.
Қазіргі шақты білдіретін
: қабілеттердің нақ осы шақтағы
практикалық өзектіленуі үдерісі, олардың тәжірибедегі қолданысы.
Бұл қызметте әлеует қор ұғымымен сәйкес келеді және жүйенің
даму динамикалығын, ортаның өзгермелі жағдайында оның
иілгіштігін қaмтамасыз етеді.
3.
Болашақтағы мүмкіндіктер
: әлеует - дамуға
бағдарланған.
Сөйтіп, болaшаққа бағытталған еңбек үрдісінің барысында бар
қабілеттердің ойдағы формадан актуалды формаға ауысып, жүзеге
асумен қатар жаңа қабілеттер туындайды.
Адам әлеуетінің негізі болмысынан тума берілген сапалар.
Олардың дамуы және жүзеге асуы
үш негізгі жүйемен
анықталады:
отбасы, ұжым және қоғам
.
Өз кезегінде әлеует
үш әлеует
негізінде анықталады:
1. Гносеологиялық (жаңа идея, ойлардың пайда болу үрдісі);
2. Аксиологиялық (идеалға қол жеткізу, қажеттіліктер мен
қызығушылықтардың қанағаттандыру тұрғысынан туындаған
идеялар мен ойларды таңдау және бағалау);
205
3. Туындаушы-прaктикалық (адамның идеяларды іске асыру
біліктері және қабілеттерінің жиынтығы, іс-әрекет объектісін
өзгерту).
Ғылыми еңбектерде «
әлеует
» түсінігіне көптеген анықтамалар
беріліп, оның мәнін ашуға түрлі тәсілдер ұсынылуда. Әрбір адам
анықталған әлеуетке (физикалық, психикалық, интеллектуалдық,
адамгершіліктік, коммуникативтік және т.б.) ие. Әлеует адамға
қанмен берілетін қасиеттер мен адамның өмірлік практикасына
тәуелді.
Әлеует түрлі адамдар, жағдайлар, жас шамасы үшін әртүрлі
болып келеді.
Әлеуетті «
потенция»
түсінігімен шатыстырмау қажет.
«
Потенция
» айқындалмаған, ашылмаған, қалыптаспаған
мүмкіндіктер болса, оның іс-әрекет үдерісінде ғана әлеуетке
айналуы мүмкін.
Әлеует
- физикалық бірлік, жүйенің күші, ал
потенция
-
жүйенің осы күштерді қолдану мүмкіндігі. Қандай да бір әлеуетке
ие немесе оны іске асыратын жүйе өзіне тән міндеттерді шешу
арқылы мақсатқа жетеді. Әлеуетті іске асырудың толықтығы
жүйенің пайдалы әрекет коэффициентін сипаттайды да түрлі
факторларға: сыртқы жағдайлар, жүйе қабілеттілігі, басқару сапасы
және т.б. оның мүмкіндіктеріне тәуелді.
«
Болашақ мұғалімнің әлеуеті
» ұғымы адамды еңбек үрдісінің
тұтас субъектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, ондағы
тұтастық келесілерді білдіреді: өзіндік өзгеруге және өздігінен
дамуға қабілеттілік.
Болашақ мұғалімнің тұлғалық әлеуеті
интегралды ұғым
ретінде еңбек адамының ішкі рухани энергиясын, қоғамдық өзіндік
бекітуге, өздігінен жүзеге асуға, шығармашылық өзіндік көрініске
бағытталған әрекеттік позициясын құрайды; ішкі элементтердің
құрылымдық тұтастығы. Маман әлеуетінің тұлға дамуының деңгейі
және оған сәйкес келетін еңбектің тиімділік дәрежесі олардың
таңдаған амалына, барлық элементтерінің ішкі баламасына тәуелді.
«
Әлеует
» ұғымы бойынша келесідей анықталалар беріледі.
«Әлеует» ауыспалы мағынада бір нәрсені жүргізуге, қолдауға,
сақтауға қажетті амал-шарттардың жиынтығы (Д.Н. Ушаков).
«Әлеует» сөзінің алғашқы, этимологиялық мәні орыс тілінің
сөздігінде «potential» немесе XIX ғасырда француз тілінен алынған
«әлеуеттік» сөздерінің анықтамасы ретінде тура аудармада «қуатты
болу» деп алынады.
206
«Әлеует» түсінігі кең мағынада (латын тілінде potencia - күш)
«анықталған мақсатқа жету, белгіленген жоспарды іске асыру,
қандай да бір міндетті шешу барысында әрекетке келтіріле алатын
орталар,
қорлар,
дереккөздер
деген
анықтама
береді
(Е.А.Мясоедова).
«Әлеует
-
тұлғаның
шығармашылық
ерекшеліктеріне
байланысты психикалық мүмкіндіктері мен ішкі энергиясының
анықталған деңгейі...» (Б.Д.Парыгин).
Әлеуеттің мәнін «қандай да бір міндетті шешу үшін
пайдаланылатын немесе іс-әрекетке келтірілетін қабілеттердің,
қорлардың, резервтердің құралы, оның өткені, бүгіні мен болашағы
бар» (Е.А.Реанович) деп тұжырымдайды (Сурет 23).
Cурет 23 - Әлеует ұғымының мәні
«Әлеует кең мағынада қандай да бір міндетті шешу,
анықталған мақсатқа жету және жоспарды іске асыру үшін іске
қосылатын қолда бар орталар, қорлар, көздер» (Е.М.Ибраева).
«Әлеует үнемі оны жүзеге асыратын саламен тығыз байланыста
болады және белгілі бір сипаттамалар мен қасиет элементтерінің
жиынтығы» (Т.Б.Кенжебаева).
Әлеует - болашақ мұғалімнің қалыптасуы кезінде жинақталған
нақты күштердің жиынтығы.
«Әлеует» ұғымы «резерв» ұғымымен дәл келіп, жүйенің
жұмыс істеуін толық қамтамасыз ететін, пайдаланбаған мүмкіндік,
мықтылық қоры деген мағынаны білдіреді.
207
«Әлеует» жеке тұлғаның қызметті ұйымдастыруға, ресурс-
тарын қолдану қабілеттеріне мүмкіндік беретін сапаларының
жиынтығында.
«Әлеуеттің» мәні тұрғысынан ғылыми зерттеулер аясында
оның білім берумен болашақ мұғалімдерді даярлау деңгейін
жетілдіру үшін маңызды екендігіне көз жеткізуге болады. Болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлануы сапасын, олардың адами
әлеуетінің дамуы мен қалыптасуының деңгейін көтеруге ықпалын
тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |