12 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ӘЛЕУЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
12.1
Кәсіби әлеует
12.1.1
«Әлеует» ұғымының мәні мен құрылымы
12.1.2
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін
қалыптастыру
12.1.3
Бoлaшaқ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін
қaлыптacтыpудың педагогикалық-психологиялық тұғырлары
Заманауи педагогикалық білім беру жүйесінің даму
стратегиясын анықтауға және мұғалімдердің кәсіби дамуының
өзекті мәселелерін тәжірибелік тұрғыдан шешуге міндетті болашақ
кәсіби даярлық жүйесінің бейнесін қалыптастыру – заманауи
педагогикалық міндеттердің аса маңыздыларының бірі болып
табылады.
Педагогикалық-психологиялық
әдебиеттерде
педагогтың
тұлғалық-кәсіби
дамуы
болашақ
мұғалімдердің
кәсіби-
педагогикалық бағдарлануын, жоғары оқу орындарындағы болашақ
мұғалімдердің даярлығын, бітірушілердің шынайы педагогикалық
тәжірибеге бейімделуін, тәжірибенің жинақталуына байланысты
педагогикалық шеберліктің жетілдірілуін қамтитын үздіксіз үдеріс
ретінде қарастырылады.
Болашақ мұғалімдердің өзін-өзі жүзеге асыруда олардың кәсіби
әлеуетін дамыту маңызды. Ол үшін үнемі өзін-өзі дамыту,
белсендендіру, жүзеге асыру, тұлғаның танымдық дамуы жүреді.
Кәсіби даму үдерісін толық негізде тоқтаусыз деп есептеуге
болады. Тұлға үнемі өзін кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отырады.
Педагогтың кәсіби әлеуеті
- мұғалім қызметінің және
даярлығының көп деңгейлі және жоспарлы аспектілерін біріктіруші
мұғалім шеберлігінің жүйесі.
Кәсіби әлеует
- педагогтың негізгі сипаты. Кәсіби әлеует
жоспарлаған нәтижеге қол жеткізу, өзінің қалауын шынайы түрде
жүзеге асыру, әрекет ету, жасау, белсенді ойлау қабілетін дамыта
отырып, кәсіби білім, білік негізінде анықталады.
Кәсіби әлеует сапаларды
кәсіби дайындау үдерісі барысында
алынған табиғи жүйе ретінде қарастырылады. Оны келесідей
жүйеде қарастыруға болады:
ПКӘ = П
өзг
+ П
жек
+ П
дай
+ П
ие
ПКӘ - педагогтың кәсіби әлеуеті;
200
П
өзг
- тұлғаның жалпы туа пайда болған қабілеттерімен
шартталған әлеуеттің өзгермейтін бөлшегі;
П
жек
- практикалық қызметте және кәсіби дайындық
үдерісінің соңғы дамуында тұлғаның арнайы табиғи қабілеттерімен
шартталған әлеуеттің жекелей өзгеретін бөлшегі;
П
дай
– жоғары оқу орнында арнайы дайындалған әлеует
көрсеткіші;
П
ие
- педагогтың практикалық қызметі үдерісінде иеленетін
әлеует бөлшегі.
Педагог шеберлігінің жүйелі сипаты өзіне мұғалім қызметінің
және даярлығының көп деңгейлі және жоспарлы аспектілерін
біріктіруші «педагогтың кәсіби әлеуеті» ұғымымен бейнеленеді.
Кәсіби әлеует
– бұл:
– берілген деңгейде өзінің міндеттерін орындауда мұғалімнің
қабілетін анықтаушы табиғи және жүре пайда болған сапалар
жүйесін біріктіруші педагог сипаты;
– жетістіктер мен ойдың арақатынасын педагогтың жүзеге
асыру қабілеті;
– жоспарлаған нәтижеге қол жеткізу, өзінің қалауын шынайы
түрде жүзеге асыру, әрекет ету, жасау, белсенді ойлау қабілетін
дамыта отырып, кәсіби білім, білік жинағы.
Кәсіби дайындық
- белгілі бір қызмет аясында жұмысты
орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыға ие болу
үдерісі. Кәсіби дайындық мотивациялық, мазмұндық және іс-
әрекеттік формалар арқылы анықталады.
Дайындық
кәсіби қалыптасудың әр түрлі деңгейіндегі
психологиялық түсінік пен феномендердің өзіндік синтезі ретінде,
тұлғалық сапа ретінде барлық тұлғалық құрылымдардың жинағы
ретінде көрінеді.
Кәсіби бағыттылық
- өзіне, іс-әрекетке, балаларға деген
қатынастардың
ерекше
класымен
анықталады.
Кәсіби-
педагогикалық бағыттылықтың дамуы төмендегі факторларға
байланысты: педагогтың тұлғалық ерекшеліктері, оның қызығушы-
лықтары, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс, басшылар тарапынан
педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу ерекшеліктері, ұжым-
дағы өзара әрекеттің ерекшеліктері т.б.
Кәсіби қалыптасу
- тұлғалық әлеует дамуына бағытталған
кәсіби оқыту, тәрбиелеу, білім алу бірлігінде жүзеге асатын кәсіби
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өздігінен білім алудағы өте
201
күрделі үдеріс. Ол тұлғаның кәсібін таңдау, кәсіби білім алу, кәсіби
қызметті орындау және дайындалу үдерісінде дамуы.
Еңбекке дайындық
- бұл кәсіби дайындық, кәсіби өзін-өзі
анықтау және өздігінен еңбек етуге дайындық.
Кәсіби құзыреттілік
- кәсіби қызметті жоғары өнімділікпен
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби қызметтің негізгі
танымдық көрсеткіші. «Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік»
ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен,
интегративтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби
мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді.
Педагогикалық интеллект
- жеке адамның немесе топтың
зияткерлік қызметі, сипатының тәлім-тәрбие қалыптастыруға
негізделуі. Педагогикалық интеллект қоғамдағы білім мен
тәрбиенің бір-бірімен ықпалдаса дамуынан танылады.
Педагогикалық мәдениет
- мұғалімнің ғылыми-педагогикалық
дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық
іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас
тұлғасының мәнді сипаттамасы.
Педагог кәсібилігі
- кәсіби әрекет міндетін орындауға жоғары
дайындық. Қоғамдық өндіріс пен мәдениет талаптарын нәтижелі
қанағаттандыру қабілеті, шығармашылық белсенділік, жүйелі түрде
білімін жетілдіріп отыру нәтижесі болып табылады. Мамандыққа
ие болу шеберлігі ғана емес, сонымен қатар жоғары азаматтық
көрегенділік, жауапкершілік және кәсіби парыз сезімін түсіну.
Кәсіби белсенділік
- педагогтың өзінің іс-әрекетінің аймағын
кеңітуге деген ұмтылысымен, оқытудың жаңа формалары, әдістері
мен құралдарын іздестірумен, әріптестермен, ата-аналармен,
оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуымен, өзін-өзі тәрбие-
леудің барлық амалдары мен құралдарын қолдана отырып, өзін-өзі
дамытумен айналасуымен сипатталады.
Кәсіби белсенділік
- өзін-өзі дамытудың маңызды шарты болып
табылады.
Педагогикалық техника
– мұғалімнің іс-әрекетінің ішкі
мазмұны мен оның сыртқы көрінісінің үйлесімді бірлігін
қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығы.
Педагогтың кәсіби әлеует жүйесі болашақ мұғалімнің
дайындығына бағытталған және олардың кәсіби қызметімен
анықталатын құрылымдық бөліктерден тұрады.
202
«Кәсіби әлеует» ұғымының жалпы құрылымы көп қырлы.
Бірінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті қызметтің әрекеттік
жағдайы және педагогикалық қызметке бейімділік бағдарын өзіне
қатынасын құрайды.
Екінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті – педагогтың
кәсіби қызметіне қатынасын бейнелейді. Бұл тек қана қабілеттің өзі
бар болса да, кәсіби міндеттердің сапалы орындалуы үшін аз
дегенді білдіреді.
Үшінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті – оқу-тәрбиелік
стильмен педагогикалық қызмет мәнін дербес түсінумен
байланысты, педагогикалық мамандық талаптары деңгейін өз
еңбегін орындау мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Төртінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті – бұл қызмет
және ойлау тәсілі, білім, білік, дағдыны дайындау үдерісінде
алынған жүйе, алынған сапаларды жинақтайды.
Педагогтың кәсіби әлеуетінің жалпы құрылымдық көрсет-
кіштері зияткерлік, мотивациялық, коммуникативтік, мазмұндық,
іс-әрекеттік, шығармашылық болып табылады. Мәдени, гуманистік,
қызметтік көрсеткіштер кәсіби қызмет жүріп өтетін жалпы жағдай
ретінде қарастырылады.
Педагогтың кәсіби әлеует
ұғымына мағынасы жағынан жақын
педагогикалық кәсібилік
болып табылады, себебі ол педагогикалық
үдерістердің ағымын есептеуге қабілетті, олардың нәтижесін
алдын-ала көруге, сол арқылы нақты жағдайлар мен шарттарға
жүгінеді.
Кәсібилік
- адам өмірінің үлкен бөлігін қамтиды. Олай болса,
жоғары кәсіби және әлеуметтік мәртебесі бар, жағымды әлеуметтік
маңызға ие, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби
жетістіктерге бағдарланған кәсіби әлеуеті қалыптасқан маман ең
бірінші, ұстаз кәсібилігіне, шеберлігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |