Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Көшбасшы», «көшбасшылық», «көшбасшылық сапа»



Pdf көрінісі
бет95/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
«Көшбасшы», «көшбасшылық», «көшбасшылық сапа» 
ұғымдарының мәні 
Көшбасшы сапалық көрсеткіш емес, ол деңгейлік өлшем, өмір 
сүру тәртібі, терең психология. Білім алушыға жұмсақ қана, 
жайымен тиімді жетекшілік етудің өлшемдерін көрсетеді, дұрыс 
ойлауды, түсіну мәнерін, не болып жатқанының және оның неге 
олай болып жатқанының тетігін басқару өнерінің басқа да 
тәсілдерін түсіндіреді. 
Көшбасшы
сөзі ағылшын тілінде «leader», басқарушы және 
қолбасы ретінде түсіндіріледі. Бүгінде көбіне біріншісі ғана 
қабылданады. 


223 
Көшбасшының ерекше белгілері
: ахуалды жалпы тұрғыдан 
көру қабілеті, қарым-қатынастарға қабілеттілігі, қарамағын-
дағыларға деген сенімділік, шешім қабылдауға икемділіктері 
жатады. 
Әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі 
бар, іске қабілетті адамдар көшбасшылық етеді. 
Топ қызметінде «көшбасшы» («лидер») ұғымына сипаттама 
бергенде әлеуметтік психологияда мындай жағдайлар бөліп 
қарастырылады: 
біріншіден,
көшбасшыны қызмет орнына ресми 
түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық 
немесе жабық келісіммен атқарады; 
екіншіден
, топ қабылдаған 
нормалар мен құнды бағыт-бағдарламалар жүйесі көшбасшының 
қолдауымен жүзеге асырылады; 
үшіншіден,
топ өміріндегі арнайы, 
алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті рөл атқарады. 
Көшбасшылық 
– бұл биліктің түрлі қайнар көздерінің 
неғұрлым тиімді үйлесуіне негізделген және адамдарды ортақ 
мақсатқа қол жеткізуге итермелейтін басқарушылық өзара 
әрекеттестік (көшбасшы мен оның ізін басушылар арасында) типі. 
Көшбасшылық
– бұл басқару емес. Басқару адамдардың 
заттарды дұрыс жасауына бағыттаса, ал көшбасшылық адамдардың 
дұрыс заттарды жасауына назар аударады. 
Көшбасшылық
– қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге 
қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір топтың мақсат 
мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге 
лайық қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады. 
Көшбасшы алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік 
ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам 
мүддесіне сай жүргізеді. Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, 
қажырлық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ 
өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік және 
т.б. қасиеттер тән. Кез-келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси 
өмірде көшбасшы аса беделді тұлға ретінде танылады.
Қазіргі 
уақытта 
күрделі 
құбылыс 
болып 
саналатын 
көшбасшылықтың 
жекелеген 
жақтарын 
байланыстыратын 
үлгілерінің сомдалған түрі бар. Бұл феноменді ұғынудың бірнеше 
тұжырымдамалық тәсілдері бар. 
Мұғалімнің көшбасшылық 
сапасын 
қалыптастыруда негізге алынатын теориялар 
(сипат 
теориясы, жағдаяттық теория, ізбасарлардың рөлін анықтау 
теориясы, жеке тұлғалық жағдаяттық теория)



224 
«Сипат теориясы»
(харизматикалық тәсіл) көшбасшылық 
мінез қызметін сипаттайды. Бұл теорияны қолдаушылар тиімді 
ықпал етуші көшбасшы туа бітті жеке тұлғалық қасиетке, мінездік 
сипатқа, көшбасшылыққа, көшбасшылыққа, басшылыққа ерекше 
қабілетке ие болуы тиіс деп, санайды. Көшбасшыны сипаттайтын 
ерекше белгілердің арасында келесілерде баса айтылады: 
ынталылық, көпшілдік, өзіне сенімділік, жігерлілік, достық қалып, 
батылдық, ұйымдастырушылық, тәуекел сүйгіштік, төзімділік, 
адалдық, сендіре білу қабілеті және т.б. 
«Харизма» деп, көшбасшының мінез-құлық сипаттамалары мен 
көшбасшылықтың өзіндік сапаларының жиынтығын, оның 
басқаларға өзінің жеке даралық тартымдылығы мен жағымды 
ықпалының ерекше формасы (М.Вебер). 
Харизматикалық (харизма - грек тілінен - «тәңірдің сыйы») 
көшбасшыға тән бірқатар сипаттарды бөлектеп көрсетеді:
тұлғаның өзге адамдарға әсерін тигізе алу қабілеттілігі, «қуат 
шашу» және онымен басқаларды қуаттандыра алушылық; «жаулап 
алушылық»; 
«тәуелсіз мінез»; «шешендік 
және 
әртістік 
қабілеттілік», айқын сөйлеу және тұлғааралық қарым-қатынас 
жасаудың өте жоғары қабілеттілігі; «өзіне сенімді және өзін 
лайықты ұстай алушылық», жинақы және жағдаятты бақылай 
алатын адам тұрғысынан әсер қалдырушылық (М.Гантер). 
Ғұлама 
ойшылдардың 
еңбектерінде, 
көшбасшының 
харизматикалық бейнесін мінсіз адам, парасатты адам, кемел адам 
түрінде қарастырғандығына куә боламыз.
Әл-Фараби өзінің «Философиялық-әлеуметтік трактатында» 
мынадай тұжырымдар мен қағидалар ұсынады: ешбір жанға 
бағынбайтын басшы адам бойында туа біткен он екі қасиетті 
ұштастыра жетілуі қажет деп көрсетеді. Олар: адамның дене 
мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс
, бұл дене мүшелердің күші 
өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы 
бейімделген болуы керек, адам әлде бір дене мүшесінің 
жәрдемімен әлденедей бір істі істемек болса, ол мұны оп-оңай 
атқаратын болады; жаратылысынан өзіне 
айтылғанның бәрін 
түсінетін

айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және 
істің жай-жапсарына сәйкес ұғып алатын болуы

өзі түсінген, 
көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтай 
алатын
, бұлардан 
ешнәрсені ұмытпайтын
болуы; бір заттың 
кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп 
әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы; өткір сөз иесі 


225 
және ойына түйгеннің бәрін айдан анық айтып бере алатын тілмар 
болуы; 
өнер-білімге құштар болу, ақыл үйренуден шаршап
шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, 
бұған оңай жететін
болуы; 
тағамға, ішімдік ішуге келгенде 
қанағатшыл
болу, жаратылысынан 
сауыққұмарлықтан
аулақ 
болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы; 
шындық пен 
шыншыл
адамдарды сүйіп, 
өтірік-жалған мен суайттарды жек 
көру
, жаны 
асқақ және ар-намысын ардақтайтын
болуы; оның 
жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, 
игі 
істерге ынтызар
болуы; дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің 
басқа да төл нәрселеріне жирене қарап, жаратылысынан әділеттілік 
пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және 
осылардың иелерін жек көретін болуы; жақындарына да, жат 
адамдарға да әділ болып, жұртты әділдікке баулып, әділетсіздіктен 
зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгенінше 
жақсылық пен ізгілік
көрсетіп отыруы; 
әділ
болуы, бірақ қыңыр 
болмауы, әділеттілік алдында қияс мінез көрсетіп қасарыспауы; 
әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы, өзі 
қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанша 
шешімпаздық
көрсетіп, бұл 
ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек 
болуы тиіс. 
Харизматикалық көшбасшыны парасатты адам тұрғысынан 
қарастырып, оның бойында мына төмендегі сапалар қамтиды: 
әділдік; ақыл; білім; бақыт; қанағат (Ж.Баласағұн). 
Ал, Қожа Ахмет Ясауи болса, көшбасшыны кемел адам ретінде 
қарастырып, оның бойындағы тұлғалық сапасын мына төмендегі 
ретпен жіктейді: туралық; адалдық; еңбекқор; қиындыққа төзе білу; 
ақиқатты іздеу; білім-ілімге құмар болу; имандылық. 
Көшбасшылық және көшбасшы ұғымдары – негізінен 
экономика, әлеуметтану ғылымдары саласында көп тартысқа 
түскен түсініктердің бірі. Көшбасшылық ұғымына берілген 
анықтамалары кесте 4-те беріледі. 
Көшбасшылықтың жағдаяттық теориясына
көшбасшылық 
проблемасына әрекетшілдікпен келу тәсілі (А.Н.Леонтьев) 
үндеседі. 
Осыған сәйкес көшбасшылық үдеріс негізделді, көшбасшы 
болу себептері мен жағдайлары, көшбасшылықтың мақсаттары мен 
міндеттері, тиімді үлгілері анықталды. Бұл теориялардың 
арасындағы ортақ жалпылық, екеуі де көшбасшылық құбылыс пен


226 
Кесте 4 - Шетелдік ғалымдардың көшбасшылық ұғымына 
берген анықтамалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет