Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет91/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
Бoлaшaқ 
мұғалімдерінің 
қарым-қатынас 
әлеуетін 
қaлыптacтыpудың педагогикалық-психологиялық тұғырлары 
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетінің сапасы оның 
коммуникативтік белсенділігіне байланысты. ХХ ғасырдың бірінші
жартысында шетелдік психологияда қарым-қатынастағы адамның 
белсенділігі мәселесі жан-жақты зерттеле бастады. 
«Тұлға индивидтің қоғамдағы, әлеуметтік қарым-қатынаста 
қалыптасатын ерекше сапаларының жиынтығынан тұрады. Тұлға 
бойындағы қандай да бір қасиеттердің қалыптасқандығын анықтау 
үшін оның қоғамдағы орнын, қарым-қатынасын, рөлін қарастыру 
қажет» екендігін дәйектейді (Ж.Ы.Намазбаева, Қ.Қуанжанова).
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін тұлғалық 
сапалардың интеграциясы және білім, іскерлік және дағдылардың 
ерекшеліктері ретінде түсінуге сүйену арқылы, оның екі 
құраушысын көрсетуге болады - инвариантты - бұл тұлғаның кез-
келген қарым-қатынас іс-әрекетінде көрініс алатын бірақ ол үшін 
айтарлықтай анықталған мәнге (темперамент ерекшеліктері, 
экстраверсия/интроверсия, 
агрессивтілік, 
әлеуметтік 
статус, 
эмоциональдық тартымдылық) ие емес сипаттамасы, қасиеттері мен 
сапалары, вариативтік - бұл кәсіби қарым-қатынасты іске асыруға 
мүмкіндік беретін тұлғаның ерекше сапаларының, қасиеттерінің 
жиыны және арнайы білімдердің, дағдылар мен іскерліктердің 
топтамасы.
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуеті келесі 
мәселелерге тәуелді: олардың ақпаратты қабылдау мен қайта 
өңдеудің барлық табиғи салаларын белсендіру тәсілдерін 
меңгерулері; өзара әрекеттестіктің субъектілерімен қарым-
қатынасты үйлестіру, коммуникацияда идеялар мен жаңа 
мағыналардың туындауы үшін қарым-қатынастағы серіктестің 
санасына, бейсанасына, жоғары санасы саласына бағытталған 
ақпараттың дәлдігі мен тура бағыттылығы; өзінің ақпаратты құру 
мен тасымалдаудағы және ақпаратты қабылдау арналарының 
кешенін белсендірудегі өзінің рөлін түсінуі; қарым-қатынастағы 


214 
әлеуетті серіктестердің барлық қабылдау арналарын белсендіру 
тәсілдерін меңгеру. 
Болашақ мұғалім үшін қарым-қатынас барлық субъектілерінің 
қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажет және серіктестердің 
қабылдауына әсер ететін дидактикалық құралдарды кеңінен 
пайдалануы тиіс. Атап айтқанда, серіктес-визуаль үшін көрнекі 
құралдар; серіктес-аудиаль үшін сөйлеу мен дауыстың дыбыстық 
ықпалдары; 
серіктес-кинестетик 
үшін 
(мимика, 
қозғалыс, 
кеңістіктік ұйымдастыру, тактикалық іс-әрекеттер).
Болашақ мұғалімнің қарым-қатынас әлеуетінің құраушылары 
нақты өмірде өзара біртұтас әрекет етулерімен оған түрлі 
жағдайларға, атап айтқанда қиын, стандартты емес немесе кәсіби 
қызметте амалсыздан кездесуге тура келетін алғаш рет кездесіп 
отырған жағдайларға жылдам бейімделуге жол ашып, оның 
коммуникативтік креативтілігінің жеткілікті қалыптасуына ықпал 
етеді. 
Болашақ мұғалімнің коммуникативтік креативтілігі қарым-
қатынас пен іс-әрекеттің өзгермелі жағдайларына қатысты өзіндік 
қарым-қатынастық 
мінез-құлықты 
бейімді 
оңтайландыруға 
қабілеттілік, әрі бұл оның бірқатар психологиялық ерекшеліктері 
мен серіктестердің қарым-қатынас тәжірибесіне тәуелді.
Болашақ мұғалімнің
қарым-қатынас
әлеуеті оның болашақ 
кәсіби қызметі барысындағы
педагогикалық қарым-қатынас 
барысында көрініс табатындықтан оның жоғары оқу орнындағы 
педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық дайындығын 
қарастыру қажеттілігі туындайды. 
Педагогикалық қарым-қатынасқа ұзақ мерзімді психологиялық 
дайындық - бұл болашақта мұғалім болуды тұрақты және саналы 
түрде қалау, мамандықты меңгеруге шынайы талпынысы. 
Педагогикалық іс - әрекеттің табыстылығы үшін осы екі түрін 
дамыту қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, оның 
құрылымдық бірлікте - коммуникативтік акте іске асуын назарға 
аламыз: сөйлеуші / мұғалім немесе білімгер / тыңдаушы / білімгер 
немесе мұғалім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет