Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет92/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Коммуникативтік акт
құрылымын саналы түрде 
белсенді өзара әрекеттесу субъекттерін ғана белгілемейді, алайда 
бұл құрылымға үш-төрттен алты-жеті элементтерге дейін кіретіні 
белгілі. 
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін қалыптас-
тыруда негізгі алынуы тиіс әдіснамалық тәсілдерді айқындауға 


215 
мүмкіндік береді: 
функциональдық-антропологиялық, коммуника-
тивтік, жүйeлiк-іс-әрекеттік, әлеуметтік-мәдени, креативтік, 
акмеологиялық.
Функциональдық - антропологиялық тәсіл. 
Тұлғаның қарым-
қатынас әлеуетінің жинақталуы мен дамуы бойынша заңдылық-
тарды іздеудегі 
функциональдық-антропологиялық
тәсіл келесі 
ұстанымдармен тұжырымдалады: адамды органикалық ерекшелік-
терді, рухани-эмоционалдық саланы, танымдық қабілеттерді, 
мәдениет пен әлеуметтілікті біріктіруші біртұтас жүйе ретінде 
қарастыру қажет; адам ұдайы өзара әрекеттестікке түсіп, түрленуге 
ұмтылады; адам әлем үшін, әлем адам үшін ашық. Ал, адамға 
рефлексия, өзіне сырттай қарау, оны қалыптасқан жүйеден 
шығаратын іс-әрекетке қабілетті. 
Тұлға дамуы теориясындағы антропологиялық ұстанымы, 
адамдардың қарым-қатынас табиғаты, қарым-қатынас әлеуеті оның 
физиоло-гиялық ерекшеліктеріне, одан ақпараттың тасымалдануы, 
қабылдануы, сақталуына тәуелді (Г.П.Щедровицкий). Нақты 
айтқанда тұтастай ми, жүйке жүйесі, дыбыстық және көру 
анализаторларының 
қызметіне 
байланысты. 
Қарым-қатынас 
әлеуеттің функциональдылығы мен антропологиялылығы әрбір 
адамның рөлін түсінумен, оның өз дамуындағы және қоғам 
дамуындағы қарым-қатынас үдерістерінде өзгеруге ұмтылысымен 
анықталады.
Коммуникативтік тәсіл.
Коммуникативтік тәсілдің зерттеу 
нысаны болашақ мұғалімдердің ақпарат алмасу, қарым-қатынасты 
ұйымдастыру мен оның субъектілері арасында өзара түсіністікті 
қамтамасыз ететін түрлі қарым-қатынас іс-әрекеттері болып 
табылады. Аталған тәсіл болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас 
әлеуетін қалыптастыру барысында олардың оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыруда қарым-қатынастық оқыту әдістерін кеңінен 
пайдалануды көздейді.
Жүйелік - іс-әрекеттік тәсіл 
болашақ мұғалімнің қандай да бір 
педагогикалық үдерістегі көпаспектілі кәсіби бағдарланған іс-
әрекетке кәсіби даярлығын қамтамасыз етеді. 
Философиялық тұрғыда жүйе - бұл басқа субъектілерде жоқ 
сапалар мен қасиеттерге ие өзара байланысқан бөліктер мен 
компоненттерден тұратын бір бүтін.
Жүйелік - іс-әрекеттік тәсілдің маңызды болатын себебі оның 
келесі маңызды белгілерге ие болуында: құрылымның бар болуы - 
компоненттер, элементтер, құраушы бөліктер.


216 
Білім беру жүйесіндегі тұлғалар, олардың білімдегі 
қажеттіліктері, олардың іс-әрекеттерінің мотивтері, білімдері, 
іскерліктері, білім беру бағдарламалары, мемлекеттік білім беру 
стандарттары және т.б.; біртұтастық - жүйе білім берудің аймақтық 
жүйесіне қатысты түрлі құбылыстарда айқындалған қасиеттерге ие 
біртұтастықта көрініс табады және т.б. 
Болашақ мұғалімнің қарым-қатынас әлеуетін қалыптастыруды 
іске асырудағы 
жүйелік-іс-әрекеттік тәсіл
қарым-қатынас әлеует, 
өзара әрекеттесушілердің, анықталған бейнеде реттелген, болашақ 
мұғалімнің қарым-қатынас әлеуетінің қалыптасуын бақылау мен 
кезеңдерін бағалауға, анықталған дәлдікпен оның дамуы деңгейін 
айқындауға мүмкіндік беретін өзара байланысқа элементтердің 
кешенді үдерісі ретінде түсінуге мүмкіндік береді. 
Қарым-қатынас әлеует болашақ мұғалімнің қасиеттері мен 
қабілеттерінің жүйесі ретінде түсініліп, басқа тұлғалармен 
бірлескен іс-әрекет шартында еңсеріледі. Болашақ мұғалімнің 
қарым-қатынас әлеуетінің мәні сапасында иерархиялық, тең мәнді, 
интерактивтік қарым-қатынастық байланыстардың функционалдық 
жүйесінің түрлі субъектілерінің қарым-қатынас белсенділігінің 
білім беру кеңістігіндегі болжанған нәтижеге құндылық-мағыналық 
деңгейдегі қарым-қатынас белсенділігі көрініс табады.
Болашақ мұғалімнің қарым-қатынас әлеуетін қалыптастыру- 
дағы жүйелік-іс-әрекеттік тәсіл идеясы келесі ұстанымдарға 
сүйенеді: іс-әрекетті болашақ мұғалім коммуникативтілігінің, оның 
қарым-қатынас әлеуетінің дамуындағы қозғаушы күші ретінде 
қарастыратын 
даму және тарихилық
; білім берудегі қарым-
қатынас іс-әрекеттің әлеуметтік тегін және осыған байланысты 
құндылықтарды, мақсаттарды, нормаларды, тілді түсінуді, іс-әрекет 
матрицасын шарт ететін 
пәнділік
; қарым-қатынастың динамикасын 
іс-әрекет, оның өзіндік дамуы, жаңа формалардың пайда болуы, 
ұдайы өзгермелі нақтылықта қарым-қатынас мақсатының тұрақты-
лығын қамтамасыз ету ретіндегі 
белсенділік;
адами қарым-қатынас 
субъекттің әлеммен өзара әрекеттестігінің динамикалық жүйесі 
ретінде түсіну. 
Жүйелік
- іс-әрекеттік тәсіл білімгерлердің оқу іс-әрекеттерінің 
олардың жасерекшелігіне, жеке ерекшеліктеріне, меншікті қызығу-
шылықтарына, бағыттылықтарына сәйкестігін қамтамасыз етуге 
негізделеді. Болашақ мұғалімнің коммуникативтік әлеуетін 
қалыптастыру мақсатына бағындырылған болумен қатар, иілгіш, 


217 
қоғам талаптарына сай қажетті түзетулер ендіру мүмкіндігі бар 
болуы тиіс. 
Жүйелік тәсіл
болашақ мұғалімнің қарым-қатынас әлеуетін 
қалыптастыруды басқаруда іс-әрекеттің барлық субъектілерін 
нысанды (қарым-қатынас әлеуетті қалыптастыруды) оның әрекет 
етуінің көпбейнелі мәселелерін, ескеру арқылы оңтайландыруға 
бағдарлайды.
Әлеуметтік-мәдени тәсілде
мәдениетаралық қарым-қатынасқа, 
түрлі мәдениеттер диалогына басымдық беріледі. Ғалымдар 
тарапынан аталған тәсіл шетел тілін, ана тілін коммуникативтік, 
интегративтік 
қабілеттерді, 
полимәдени 
коммуникациялық 
іскерлікті дамытуға бағдарлау ретінде қарастырылады. 
Әлеуметтік-мәдени тәсіл
болашақ мұғалімнің қарым-қатынас 
әлеуетін қалыптастыру мен тілдердің ерекшеліктері, қандай да бір 
тілдік қауымдастықтың әлеуметтік-мәдени мінез-құлқын оқып 
үйренуді қамтамасыз етеді. 
Қарым-қатынас 
үдерісінде 
субъектілердің 
анықталған 
әлеуметтік-мәдени топта болуы ең алдымен, тақырыпты, тілді, 
тілдік мүмкіндіктерді, вербальді немесе бейвербальді өзара 
әрекеттесулерді таңдауды анықтайды.
Әлеуметтік-мәдени 
тәсіл
қарым-қатынастың 
стильдік 
(іскерлік, көркем, тұрмыстық, білім берудегі, техникалық, ғылыми, 
экономикалық 
және 
т.б.) 
ерекшеліктерін, 
сөйлеушілердің 
арасындағы эмоционалдық қатыстарды және т.б. анықтауды іске 
асырады. 
Дискурс ұйымдастырылатын уақыт пен жағдайға, жүйенің 
ерекшеліктеріне, анықталған әлеуметтік-мәдени шарттардағы 
қарым-қатынаста пайда болатын түпнұсқа мен аудармалардағы тіл 
нормаларына көңіл бөлуді ескереді. 
Креативтік тәсіл 
- болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас 
әлеуетін қалыптастыруда олардың өнімді-шығармашылық іс-
әрекеттерінің қажетті шарты болып табылады. Аталған тәсілді 
пайдалану ең алдымен болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас 
әлеуетін қалыптастыруда өзгермелі қоғам шарттарына психоло-
гиялық және функциональдық бейімділігін, қарым-қатынас 
әлеуетін ықпалды іске асыруға, педагогикалық үдерістегі қарым-
қатынас барысында тың шешімдер қабылдауға қабілетті болашақ 
мұғалімдерді даярлауға мүмкіндік береді.
Акмеологиялық тәсіл
- кәсіби-педагогикалық даярлықты 
болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін олардың тұтас 


218 
дамуы контекстінде екі бөлікте қарастырады: 
біріншіден
, тұлғаның 
кәсіби дамудың анықталған деңгейіне жету үдерісі ретінде, 
екіншіден,
адамның жетілудің (акме) жоғары шыңына жету кезеңі 
ретінде. Әрі, нақты жетістіктермен қолдау табатын әлеуметтік-
кәсіби дамудың анықталған кезеңінен өтетін білімгер тұлғасының 
жеке психологиялық және құндылық-мағыналық құрылымын 
зерттеуді мақсат етеді. Акмеологиялық тәсілдің іске асырылуы 
зерттеушілер тарапынан болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды 
қарым-қатынас сапаларының дамуы (іс-әрекеттік сипаттар, 
субъективтік-іс-әрекеттік сапалар) және педагогикалық қабілет-
тердің дамуы; қоршаған нақтылыққа саналы ықпал ету қабілеттілігі 
ретіндегі тұлға белсенділігінің дамуы, оны өз мақсаттарына 
байланысты өзгерту, сонымен қатар, өзін де өзгерту аясында 
қарастырылуда. 
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін қалыптас-
тыруда акмеологиялық тәсілді пайдалану болашақ мұғалімдердің 
қарым-қатынас әлеуетін жетілдіруге ықпал етеді. 
Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас әлеуетін қалыптастыру 
оның кәсіби даярлығына қойылатын 
қоғам талаптары мен 
әлеуметтік тапсырысты іске асыруды басшылыққа алу 
қажеттілігін
айқындайды. 
Қорыта келе, болашақ мұғалімдердің кәсібилігін арттыру және 
дамыту мәселесі қай кезеңде болмасын өзекті орынға ие болып қала 
беретіні анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет