ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(76), 2021 г.
10
құрастырылған ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларды шеше алатыны байқалды. Алынған төмен
нәтижелерді көтеру мақсатында алгебра пәнін оқытуда біз ұсынған әдістемелік жұмыстар ендірілді,
яғни арнайы тапсырмалар кешені құрастырылды. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына
қызығушылықтарын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнамаға 57 оқушы қатысты.
Ендірілген әдістемелік жұмыстың нәтижесінде оқушылардың 40%-ының шығармашылық жұмысқа,
өз бетімен ізденуге, зерттеуге қызығушылығы бар екені анықталды. Оқушылардың 30%-ы ізденіс-
зерттеушілік тапсырманы орындай алды. Білім алушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін
қалыптастыру және дамыту үшін педагогикалық эксперимент әдісі пайдаланылды. «Функцияның
қасиеттері және графигі», «Туындының қолданылуы» тарауларын оқыту барысында DEAL әдісін
қолданып, оқушылар есептің шартын баяндай алуға, түсіну барысында қажетті мәліметтер
қарастыруға, талдауға, қорытынды шығаруға үйренді. Джигсо әдісінде оқушыларды топтарға бөле
отырып әр түрлі есептер беріп, олардың өз бетінше есеп шығаруы ұсынылды. Сосын әр топтағы
бірдей есебі бар оқушылар жаңа топтарға бірігіп, есепті бірге шығарды. Осы әдіс арқылы әр
оқушының өзіндік ізденісі шыңдалды әрі топтық жұмыстың нәтижелі екені көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: