Математика. Математиканы оқыту әдістемесі математика. Методика преподавания математики



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата15.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#115458
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
377-Текст статьи-2210-1-10-20220123

 
Қорытынды 
Зерттеу жұмысы барысында шығармашыл оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін 
қалыптастыру әрі дамыту үшін ізденіс-зерттеушілік тапсырмалар құрастырылды. Оқушылардың 
ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру оқу процесін тиімді арттыруға бағытталған. 
Оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми жоба жазуға дайындау үшін алдымен ізденіс-
зерттеушілік тапсырмаларды орындауды ұсынған жөн.
Өйткені, «Ескі Иқан» жалпы орта мектебінде жүргізілген зерттеу барысында қосымша 
әдебиеттермен жұмыс жасайтын, өз-бетінше ізденіске, шығармашылық жұмысқа қызығушылық 
білдірген оқушылардың кейбіреулері ізденіс-зерттеушілік тапсырманы орындай алмайтындығы 
екендігі белгілі болды.
Сауалнамаға қатысқан 57 оқушының 23-і (40 пайызы) қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға, өз-
бетінше ізденіске, шығармашылық жұмысқа қызығушылық білдіргенімен олардың 17-і (30 пайызы) 
ғана ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларын толықтай орындай алды.
Осы нәтижелер 2-суретте көрсетілген. 
Сурет 2. Сауалнама және алынған бақылау жұмысы нәтижесі 
Арнайы дайындалған тапсырмалар арқылы оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттері 
9%дан 30% ға көтерілді. Ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларды саналы орындау барысында оқушылар 
бойында өзіне белгісіз жаңа білім ашу; алған білімдерін жүйелеу және тереңдету сияқты 
дидактикалық функциялар жүзеге асырылады.
-
Қатысқан оқушылар
 
-Шығармашылық жұмысқа қызығушылық 
білдірген оқушылар 
 
-Ізденіс-зерттеушілік тапсырмаларын 
толықтай орындаған оқушылар


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(76), 2021 
13
Сонымен қатар оқушылардың бойында өзін-өзі басқару, іс-әрекеттің ақылға қонымды және 
тұрақты стилі қалыптасады. 
Зерттеу нәтижелерін оқушылардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және дамыту 
мақсатында жалпы орта мектептің жоғары сыныптарында «Алгебра және анализ бастамалары» 
пәнінен сабақ беретін математика пәні мұғалімдері әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет