Алматыкiтап баспасы


  Өзің тұратын елді мекеннің тұрғындарына күн сайын қандай мөл- шерде ет қажет? 2



Pdf көрінісі
бет104/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

1. 
Өзің тұратын елді мекеннің тұрғындарына күн сайын қандай мөл-
шерде ет қажет?
2. 
Еттің аталған мөлшерін өндіру үшін қанша су қажет?
3. 
Өзің тұратын аймақта судың бір бірлігі қанша теңге тұрады?
4. 
Су сатып алу үшін шаруа қожалықтары мен мал өсіретін фермалар 
қанша қаржы жұмсайды?
5. 
Ашық дереккөздері арқылы судың негізгі көздерін және олардың 
сандық параметрлерін айқындаңдар. Олар ет өндірісін сумен қамта-
масыз ете ала ма?
Қазақстанның су ресурстарын бағалау
. Гидрографиялық қағи-
да бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сегіз сушаруа-
шылық бассейндері анықталған: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл
Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас 
(60-сурет).
135
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қазақстан – сумен қамтамасыз етілуі бойынша Еуразия континентін-
дегі әлдеқайда суға тапшы елдердің бірі. 
Сумен қамтамасыз етілуі
– 
бұл су көздерінен алынатын судың өзінде бар су ресурстарының жалпы 
көлеміне қатынасы. Қабылданған халықаралық өлшемдер бойынша 
Қазақстан Республикасы су тапшылығының көрсеткіші жоғары елдер 
санатына жатады. Сонымен бірге су қорының ел аумағының ауданы-
на немесе жан басына қатынасы ретінде де қарастыруға болады.
60-сурет.
Еліміздің аумағын сушаруашылық-әкімшілік аудандастыру
Республиканың климаттық ерекшеліктеріне орай дала өзендері 
жылдық көлемінің 90%-ына дейінгі ағыны көктемгі уақытқа және тау 
өзендерінің 70%-ға дейінгі ағыны жаз кезіне келеді. 
Қазақстан Республикасы су ресурстарының көлемі жылдық ор-
таша сулылығы бойынша 100,5 км
3
деп бағаланады. Шаруашылық
мақсатта қолданылатын су көлемі бар-жоғы 43 км
3
-ді құрайды, су ре-
сурстарының барлық көлемінің шамамен жартысы (44,0 км
3
) еліміздің 
аумағынан тыс жерлерде түзіледі.
Қазақстан Республикасының салыстырмалы (меншікті) сумен 
қамтамасыз етілуі жылына бір адамға 1 км
2
-ге 37 мың м
3
-ді және
6,0 мың м
3
-ді құрайды.
136
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Сонымен бірге республикадағы сумен қамтамасыз етуге қатыс-
ты жағдай әр аймақта әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Ертіс өзені, 
Балқаш-Алакөл бассейндері жерүсті, сонымен қатар жерасты сулары 
тәрізді өзіндік ресурстарымен барынша қамтамасыз етілген. Нұра-
Сарысу, Ертіс, Тобыл-Торғай бассейндері – жерасты суларына тапшы 
бассейндер. Есіл, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Тобыл-Торғай және 
Нұра-Сарысу бассейндерінің айтарлықтай аумақтары жерасты, сондай-
ақ жерүсті суларына да тапшылық байқалады 
(61-сурет).
61-сурет.
Сушаруашылық бассейндері бойынша жерүсті су ресурстарының 
үлестірілуі (Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай
Шу-Талас, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет